Бақылау сұрақтар:
1.Мұхамед Хайдар Дулати қоғам қайраткері
2.Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих –и Рашиди» еңбегі
Әдебиеттер тізімі:
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986
Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991
Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996
Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.
Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.
Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994
Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989
Бартолъд В.В. Шайбаниды//Сочинения. т.2. -М.,1964
Дәріс: 29-30
Тақырыбы: Захириддин Мұхаммед Бабыр ( 1483-1530) – көрнекті мемлекет кайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик акын, белгілі жазушы, атақты тарихшы-ғалым.
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары:
1.Захреддин Мұхаммед Бабыр өмірі және шығармашылығы
2.Захреддин Мұхаммед Бабыр шығармашылығының зерттелуі
3.Захреддин Мұхаммед Бабыр шығармашылығының бағалануы
Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті — Делиді басып алған және тонаған жаулап алушы ретінде жоғарыда аталып өткен самарқандтық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюн әкесі жаулап алған Үндістан облыстарын ұстап тұрарлықтай күшті болып шықпайды; бастапқы (1530—1540) соғыс жетістіктерінен кейін ол Шер-шаһтан жеңіледі де, өз семьясымен Парсы еліне қашуға мәжбүр болады. Парсы патшасының көмегімен көп жыл өткеннен кейін Дели мен Аграны қайыра жаулап алып, Моғолдар әулетінің өкіметін (1555—1566) қалпына келтіреді. Хумаюн кешікпей қайтыс болады да, кезінде парсыларға бірге қашқан ұлы Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін нығайтушыға айналады. Ол билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діни фанатик те еместі. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Оның тікелей мұрагерлері де осылай жасады, шешелері князьдік Раджпуттар тұқымы ұрпақтарымен некелескендіктен де олардың нағашы жұрты сол үнді елі болды. Олардың сарайлары маңына көптеген үнділік суретшілер жұмысқа орналасты. Сондықтан да моғолдар билеген кезеңге әдетте патшалық, құрған үймен байланысты болатын бір жақты мұсылмандық артықшылықтар тән еместін. Бұл кезеңдегі қандай да болмасын көркемдік бастамаларға тек үнділік не мұсылман суретшілері ғана емес, алыс елдерден келген жатжұрттықтар да, солардың ішінде жекелеген европалықтар да қатысып отырған. Бұл Делиде, Агра мен Лахорда, сол сияқты Үндістанның басқа да қалаларында көптеген аса ірі сәулет ескерткіштері жасалған жарқын дәуір болды. Бұл кезеңде сонымен бірге «моғол миниатюрасы» деген атқа ие болған миниатюра барынша дамыды. Үнді тарихының шыны саналып, Маурьялар мен Гупттар билеген кезеңмен салыстырылатын бұл кезеңді колониализм дәуірі алдындағы бүкіл Үндістанды қамтитын бір орталыққа бағындырылған мемлекет құру жөніндегі соңғы әрекет кезеңі деп қарастырған жөн. Акбар өз мемлекетін көптеген провинцияларға бөлді: Кабул (қазіргі Ауғанстан), Лахор (қазіргі Пакистан, бұл провинцияға Кашмир де кірді), Мультан мен Синд, Дели, Агра, Аудх (Авадх), Аллахабад, Аджмер, Ахмадабад, Бихар, Бенгалия мен Орисса, Кандеш, Берар мен Ахмеднагар. Бүкіл Солтүстік және Орталық Үндістан соның қол астында болды. Өзіне күшпен бағындырылған басқа діндегі халықтарды басқарудың қандай да бір ұтымды формаларын таппай бас идіру мүмкін еместігін Акбар әп дегеннен-ақ түсінді.Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан патша үшін халықты мемлекет басқарудың қандай да болмасын демократиялық формасына қатыстыру мәселесінің мәнісі жоқ еді, сондықтан да Акбар өз сарайына Раджпуттар тұқымынан шыққан князьдерді тартып, оларға жауапты қызметтерді беріп отырды. Өзінен бұрынғы сұлтандардың «дінсіздерден» жан басына көбейтілген салықтар жинауы сияқты алалаушылық шаралардан ол, әрине, мүлде бас тартты. Акбардың діні басқа жұрттармен бірігуге және ынтымақтасуға ынталы болғаны соншалық, ол тіпті синкретикалық дін тәрізді бірдеңені енгізуге де әрекеттеніп көрді, бірақ та индуистар мен мұсылмандар қаншалықты мүдделі болғанымен, оның мұнысынан ештеңе де шықпады. Өкінішке орай, осынау уағдагерлік бастамалар сонымен бірге Ұлы Моғолдар әулеті билігінің қалай дегенмен шарықтау шыңы да бола білді. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті, бұл арада сарай маңындағы түрлі қастық-араздасушылық әрекеттер аз роль атқарған жоқ. Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан төртінші билеуші Аурангзеб (1628) тұсында исламдық пуританизм қайыра үстемдік алып, индуистерге деген өшпенділік epic алды. Бірақ әскери зорлық күштің кезеңі өткенді, демек Аурангзеб канша күш жұмсағанымен өткенді оралту мұмкін болмай қалды. Ол Ұлы Моғолдардың соңғы әміршісі болып шықты да, әскери ірі жеңістерге қарамастан мемлекеттің көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінің куәсы болды. Оның мұрагерлері бұл ұлы әулеттің атын ғана сақтап қалды, ал іс жұзінде олар отарлық өкіметтер мен әредікте біртіндеп бас көтеріп келе жатқан Раджпуттардың тегеурінді тықсыруына ұшырап, бұрынғыдай кең құлаш өктемдік жасау правосынан айрылған солтүстік үнділік билеушілер ғана болатын. Ақыр соңында 1858 жылғы ¥лы көтеріліс британ әскерлері күшімен басылғаннан кейін, ең соңғы «Дели патшасы» өз орнын босатып, ағылшындарға беруге мәжбұр болды. Акбардың Үндістан мен оны мекендеген әр түрлі халықтарды біріктіруге деген әрекеті мұсылман өнеріне үнділік ықпалды күшейтуге әкеп сайды. Ақбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бүрынғы дәуірдегі ғимараттарға тән қаталдық пен ұстамдылықтан өзгеше, мейлінше жаңаша стиль туындылары болып келеді. Бұл жаңа стиль кей реттерде формалармен ойнағандай мейлінше алуан сырлы түрлі байлығымен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілер негіздеген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үндес жұтынған көрік, сән-салтанатымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |