Дәріс мәтіндері дәріс: 1-2 Тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу. Көне түркі әдебиеті. /ҮІ-іх ғ.ғ



жүктеу 176,02 Kb.
бет13/21
Дата21.10.2022
өлшемі176,02 Kb.
#39764
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Ä?ð³ñ ì?ò³íäåð³ ä?ð³ñ 1-2 Òà?ûðûáû ʳð³ñïå. Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáè

Бақылау сұрақтары:
1.Насреддин Рабғузи шығармашылығының зерттелуі
2.Насреддин Рабғузидің «Қисса -сул әнбия» еңбегі
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  • Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986

  • Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991

  • Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991

  • Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996

  • Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.

  • Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.

  • Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994

  • Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989

  • Бартолъд В.В. Шайбаниды//Сочинения. т.2. -М.,1964



Дәріс: 19-20
Тақырыбы: "Кодекс Куманикус" - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.. Хорезми. "Мұхаббат-наме".Мұхаббат-наме" дастаны(1353 ж.) - Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі.
Cабақты өту түрі:Активті
Жоспары:
1.Хорезмидің өмірі және шығармашылығы
2.Хорезми шығармашылығының зерттелуі
3.Хорезмидің «Мұхаббат –наме» дастаны, оның көркемдік ерекшелігі
4.«Кодекс – Куманикустың» жазылу тарихы


Кодекс Куманикус (лат. Цодех Цұманіцұс), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Т Тоты құс суреті бар Кодекс Куманикус.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Аударылымдары:
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.
Ерекшелігі:
Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.
Түркі әлемінің, Алтын орда дәуірінде дүниеге келген, түркі әлемінің рухани жауһарларының бірі «Мұхаббат-наме» дастаны. Хорезмидің қалдырған жыр жолдары кейінгі ұрпаққа.x
Алтын орда мемлекетінде негізгі ресми тіл қыпшақ тілі болды десек, «Мұхаббат-наме» осынау ата-бабалар тілінің әдеби, көркемдік мүмкіндіктерін талай ғасырларға мейлінше тереңінен аша білген жәдігер еді.
Қазақ түрколог ғалымдарының көпшілігінің еңбегінде бұл шығарма «Мұхаббат-наме» деп айтылғанымен, «Жалын» баспасынан 1985-жылы жарық көрген аударма жинақ «Махаббатнама» деп аталған екен. Оны филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаева аударған.
Осындай дыбыстық, әріптік өзгерістеріне қарамастан шығарманы «Мұхаббат-наме» деп аталған күйінде талдағанды жөн көріп отырмыз.
«ҚҰДАЙСЫЗ ҚУРАЙ СЫНБАЙДЫ»
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың пікірінше, «Мұхаббат-наме» 1353-жылы Сыр, яғни Сырдария бойында жазылған.
Хорезмидің өзі шығарманың жазылуы турасында былай деп жырлайды:
«Мұхаббат нама сөзін мұнда айттым,
Барлығын Сыр жағасында жаздым».
Жалпы алғанда аутордың өмірбаянына қатысты, осы жыр жолдарынан басқа, нақты сақталған деректер жоқтың қасы. Хорезми – оның лақап аты. Ал шын аты-жөні турасында деректер сақталмаған. Ол Алтын орда ханы Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген екен.
Мұхаммед Қожабек деген кісі сол Алтын орда дәуірінде Сыр бойындағы көп әкімдерінің бірі болған екен. «Мұхаббат-наме» дастаны осы әкімнің тапсырмасымен, 1353-жылы жазылған көрінеді.
Сондықтан болар, дастанның кіріспесінде осы әкім Қожабектің артықшылықтарын көтере мадақтауға көп орын берілген.
Аутор шығарманың кіріспесінде Алла-Тағалаға сансыз мақтаулар айтып, оның адамдарға, яғни жұмыр басты пенделеріне көрсетіп, олардың ішіндегі саналылары аңғаратындай күйде қалыптастырып қойған ғажайып белгілеріне тоқталып өтеді.
Жаратушының шексіз шеберлікпен пенделеріне түрлі нәсібе таратып, сан қилы тағдырға ие ететініне қайран қалады. Бұлт екеш бұлттың өзі тек Алланың қалаған аймақтарына ғана жаңбыр боп жауатынын зор махаббатпен жырлайды.
Жазатын шығармаларын бір Алланың атымен бастап, табысқа жетудің кілтін бір Жаратушыдан сұрау Алтын орда дәуірінде және одан бұрын өмір сүрген шайырларға тән шығармашылық үрдіс болатын.
МАХАББАТ ДАСТАНЫ
«Мұхаббат-наме» дастаны он бір бәйіттен тұрады. Шығарма желісі сұлу қызға өлердей ғашық болған жас жігіттің жүрек жарды сырлары ретінде берілген. Ғашық болған қызының сұлулығын сипаттау үшін жігіт байқұс оның көркін мына дүниедегі барлық әсемдік атаулыға шендестіруге әзір.
Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады. Қыз өзіне ынтық жігіттің баяндаулары арқылы ғана оқиғаға араласып отырады.
Дей тұрғанмен тәкаппар сұлу қыз өзін құлай сүйген жігіттің осынау терең сезімін бағаламайды, оның қадіріне жете алмаған. Бұл жайында жырда терең қынжылыспен баяндалған екен.
«Мені саған деген ғашықтығым өлтірді,
Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, қош бол!»
Поэмадағы ғажайып махаббат осылайша аяқталады. Жігіт сөз арасында «Өзіңді сыйлағанды сыйла», деген пікір айтады. Поэманың тілі – көркем. Аутор оқиғаны қызғылықты түрде жеткізу үшін теңеу, шендестіру тәсілдерін және синоним сөздерді сәтті қолдана білген. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев «Мұхаббат-наменің» композициялық құрылымын талдай келіп: «Хорезми осы поэмасында дінді, о дүниені мадақтамайды. Осы дүниенің тәттілігін жырлайды. Аз ғана күндік тіршіліктің қызығын о дүниеден, ұжмақтан артық санайды. Тәңірге тіл тигізеді», деп қынжыла ой түйеді. Дастанды зерттеуге әлемдік деңгейде белгілі түрколог ғалымдар атсалысқан екен. Солардың бірі А.М.Щербактың пікірінше, «Мұхаббат-наме» ескі өзбек тілінде жазылған-мыс. Ал көрнекті түрколог Э.Н.Нәжіп болса, өзінің «Кипчакско-Огузский литературный язык Мамлюкского Египета» деген еңбегінде «...Алтын орда ескерткіштері тек бір халық, бір тайпа ғана емес, түркі халықтарының бәріне ортақ игі мұра...» деп тұжырым жасаған екен.
«Мұхаббат-наме» дастанын бір елдің қоржынына апарып теліп қоюға болмайды деген сөз. Бұл оймен қазақ түрколог ғалымдары да келісетіндерін өз еңбектерінде білдірген екен. Қорыта айтқанда, «Мұхаббат-наме» түркі тектес халықтар әдебиетінде «намешілдік» әдеби ағымға жол салып берген бірегей шығарма.

жүктеу 176,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау