Дәріс мәтіндері дәріс: 1-2 Тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу. Көне түркі әдебиеті. /ҮІ-іх ғ.ғ



жүктеу 176,02 Kb.
бет7/21
Дата21.10.2022
өлшемі176,02 Kb.
#39764
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Ä?ð³ñ ì?ò³íäåð³ ä?ð³ñ 1-2 Òà?ûðûáû ʳð³ñïå. Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáè

Бақылау сұрақтар:
1.«Диуани лұғат ат-түрік» сөздігіндегі ерлікті мадақтау, батырлықты, ерлікті жырлау
2.Махмұд Қашқари «Сөздігіндегі» жоқтау өлеңдер
3.Дидактикалық сарындағы өлеңдер
4.М. Қашқари сөздігінің көркемдік ерекшелігі
5.М. Қашқари сөздігіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы
Әдебиеттер тізімі:

  • Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986

  • Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991

  • Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991

  • Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996

  • Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.

  • Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.

  • Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994

  • Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989

Дәріс: 11-12
Тақырыбы: Жүсіп Баласағұн "Кұтадғу біліг " ("Құтты білік "), Ахмед Иүгінеки. "Хибатул-Хақайық" ("Ақиқат сыйы ")
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары:
1.Жүсіп Баласағұн өмірі және шығармашылығы
2.Жүсіп Баласағұн шығармашылығының зерттелуі
3. «Құтты білік» дастанындағы тәлім- тәрбие, әдептілік туралы ойлар
4. Ахмет Игунеки өмірі және шығармашылығы
5.Ахмет Игунеки шығармашылығының зерттелуі
6. Ахмет Игунекидің « Хибат ул хақайық» еңбегіндегі мораль мінез құлық мәселесі

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.


Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әккесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түрік тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» («Хұсайынның қасірет») деген үй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағұнның аты жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында. «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысaлы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең. Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. Шығармашылығы Баласағұн шығармашылығына тән ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады. Ар-ұят – бұл адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылылықтың негізі. Жаратушыдан қорыққан адам жамандыққа, арсыздыққа, рухсыздыққа, намыссыздыққа, көргенсіздікке алып баратын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі бекер емес. Ал дана халқымыздың «Жаным арымның, малым жанымның садағасы» деген өмір мәндік ұстанымы мен рухани құндылық тұғырының тамыры тереңде жатыр. Хадисте: «Ұят –иманнан» делінген. Қазақы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, сыпайлық пен сыйластықтың қайнар көзі Ислам ілімі мен мәдениетінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік ұстанымның тұғыры Ислам мәдениеті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. Қазақ болмысын және оның рухани әлемін, мінез-құлқын зерттеуде Ислам құндылықтарын назарда ұстауымыз қажет. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Ахлақ – мұсылманның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Ахлақ – мұсылманның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасайтын адам. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.

жүктеу 176,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау