Дәріс мәтіндері дәріс: 1-2 Тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу. Көне түркі әдебиеті. /ҮІ-іх ғ.ғ



жүктеу 176,02 Kb.
бет2/21
Дата21.10.2022
өлшемі176,02 Kb.
#39764
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Ä?ð³ñ ì?ò³íäåð³ ä?ð³ñ 1-2 Òà?ûðûáû ʳð³ñïå. Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáè

Бақылау сұрақтары:
1.Ежелгі жәдігерліктерді зерттеуде М. Жолдасбеков, А Қыраубаевалардың, А. Аманжоловтардың еңбектірінің құндылығы
2.Ежелгі түркіліктердің мәдениеті жөнінде түсінігің
3.Ежелгі мәдени орталықтар болған қалалар
4.Қазақ әдебиетінің ежелгі мұраларын тілдік тұрғыдан зерттеген ғалымдар
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  • Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А., 2016

  • Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Оқулық. -А., 2015

  • Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 2011

  • Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. -А., 2015

  • Сүйіншәлиев Х.Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері. -А., 2017.

  • Сағындықұлы Б. «Һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2012.

  • Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,2012

  • Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілқасымов/. -А., 2012

  • Ежелгі дәуір әдебиетінен практикалық сабақтар (күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған): оқу-әдістемелік құралы / Ж.Т. Қадыров. – Алматы: Эверо, 2020. – 128 б. https://elib.kz/ru/search/read_book/3605/

Дәріс: 3-4
Тақырыбы: Орхон немесе руна жазулары. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары туралы мәлімет және олардың көркемдік ерекшеліктері.
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары:
1.Ұлы түрік қағанаты туралы түсінік
2.Тәңірлік дәуір әдебиеті туралы түсінік
3. Сақтар мәдениеті туралы түсінік
4.Сақтар туралы Эфор, Геродот, Фирдауси жазбалары, қадым замандар кітаптарындағы сақтар туралы деректер.
5.Аңызға айналған тарихи тұлғалар
6. Сақтардың батырлық дастандары
7. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» туралы тарих сыры
8. Руна жазбаларын оқу, сырын ашуға қазақ ғалымдарының қосқан үлесі
Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

  • Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

  • Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

  • Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

  • Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

  • Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

  • Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

  • Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

  • Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін, ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

жүктеу 176,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау