Бақылау сұрақтар:
1.Дастанның қолжазба үлгілері, оның зерттелуі
2.Композициялық құрылысы. Махабатты жырлауы
Әдебиеттер тізімі:
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986
Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991
Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996
Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.
Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.
Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994
Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989
Бартолъд В.В. Шайбаниды//Сочинения. т.2. -М.,1964
Дәріс: 21-22
Тақырыбы: Құтб «Хұсрау-Шырын» шығармасының көркемдік ерекшелігі, Сайф Сараи "Гулистан 6и-т - түрки"("Түркі тіліндегі Гүлстан") Сайф Сараи - Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғасырдағы аса көрнекті өкілі. С.Сараи - лирик хәне эпик ақын, аудармашы.
Cабақты өту түрі:Активті
Жоспары:
1.Құтб өмірі және шығармашылығы
2. Хұсрау-Шырын» шығармасының көркемдік ерекшелігі
3.Сайф Сарайдың өмірі және шығармашылығы
4.Сайф Сарай шығармашылығының зерттелуі
Құтб«Хұсрау-Шырын» Низами аудармасы. Сюжетті сақтай отырып, еркін, өз елінің жағдайына сәйкестендіріп, түркі оқырманының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап жазылған. Тынысбек шаһзананың тұсында 1341-1342 жылдары жазылған екен. Ғашықтықты, жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді.Дастандағы негізгі бір ой-өмірдің өтпелілігі турады. Шығыс халықтарына кең тараған әдеби сюжетке құрылған. Бұл тақырыпты алғаш жырлаған Фирдоуси болса, одан кейін Низами, Әмір, Хұсрау, Жәми, Науаилер де қалам тартқан. Дастанға арқау болған кейіпкерлер-590-628 жылдары Иранды билеген, Өз баласы Шируяның бұйрығымен өлтірілген патша Хосров Парвиз Бен оның әйелі Шырын.
Бас жағы түркі поэзиясының дәстүрі Алла тағалаға тілек етумен басталады. Одан соң өзі шығарманы арнап отырған Тынысбектің жұбайы Мәликені дәріптейді.
Басылуы, зерттелуі. Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірген ақын-Берке Факих. Транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жаниялаған. Қазақ тіліне аударып, тілдік тұрғыдан зерттеген-Ә. Ибатов.
Сарай Сайф (1321-1396) - ойшыл, ақын. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласында тұрған. Кейін мәмлүктер билеп тұрған Мысырға барған. 1391 жылы парсының ұлы ақыны Шеих-Маслах-әд-дин Сағдидың әйгілі «Гүлстан» поэмасын сол кезде халықаралық қолданыста кең пайдаланылатын қыпшақ тіліне аударған.
Сайф Сараи – Алтын Орда әдебиетінің 14-ғ. Аса көрнекті өкілдерінің бірі. «Гүлстан» /1391 ж./ прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма.
Бұл поэма парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы.
Достарыңызбен бөлісу: |