Дәріс мәтіндері дәріс: 1-2 Тақырыбы: Кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу. Көне түркі әдебиеті. /ҮІ-іх ғ.ғ



жүктеу 176,02 Kb.
бет10/21
Дата21.10.2022
өлшемі176,02 Kb.
#39764
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Ä?ð³ñ ì?ò³íäåð³ ä?ð³ñ 1-2 Òà?ûðûáû ʳð³ñïå. Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáè

Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті. Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы.
Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Яссауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Яссауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім Ата деген атпен белгілі.
Еңбектері:
Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.
Әдеміліктің 3 түрі
Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:
1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Яссауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀВ ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (ХЫВ том) деген еңбегінде басып шығарды



жүктеу 176,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау