|
Дәріс Дәрістің тақырыбы: КіріспеДәріс 4
Дәріс тақырыбы: Сенсорлы жүйелер, олардың жасқа байланысты дамуы
|
бет | 18/48 | Дата | 29.09.2022 | өлшемі | 250,7 Kb. | | #39454 |
| ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)Дәріс 4
Дәріс тақырыбы: Сенсорлы жүйелер, олардың жасқа байланысты дамуы.
Дәріс мақсаты: Сенсорлы жүйелер (анализаторлар), олардың құрылысы мен қызметі, көру және есту анализаторлары, олардың гигиенасы, мектептің жарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.
Дәріс жоспары:
1.Сенсорлы жүйелер (анализаторлар) туралы түсінік И. П. Павлов ілімі.
2Сенсорлы жүйелер (анализаторлар) құрылысы мен қызметі.
3.Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау.
Сыртқы және iшкi орталардың әсерлерiн қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезiм тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар деп атайды.
И.П. Павлов бойынша барлық анализатор 3 бөлiмнен тұpaды:
1) шеткi бөлiм;
2) өткiзгiш бөлiм;
3) орталық бөлiм.
Сенсорлық процестердің жастық динамикасы анализатордың әр түрлі бөлімдерінің біртіндеп жетілуімен анықталады. Рецепторлық аппараттар пренаталдық кезеңде жетіледі. Постнаталдық даму барысындағы өткізу жүйесі мен проекциялық аймақтың қабылдау бөлімдерінде болатын айтарлықтай өзгерістер сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакция көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеледі. Бірнеше айлық балада ақпаратты өңдеу механизмдері жетіліп, стимулды талдап, өңдеу мүмкіндігі артатынын байқауға болады. Сыртқы сигналдарды қайта өңдеу процесінің одан кейінгі өзгерістері күрделі нерв торларының қалыптасуымен тығыз байланысты.
Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштерің әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П. Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, анализатор деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы құрылымнан - рецептордан, өткізгіш бөліктен (жүйкелік жолдан) және мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналасқан орталық бөлімнен турады.
Анализаторлар сезім мүшелерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы анализаторлардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан құралады.
Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)- және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.
Жоғары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу табалдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.
Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейімділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш - сәуле, есту талдағышы үшін - дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.
Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей тұрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционалдық күйін өзгерте бастайды.
Созылыңқы, жалғасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап отырады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқылы әсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.
Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.
Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркендіргіш күші мен сипатына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіп, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.
Контрастық құбылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында әлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.
Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады
Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады. Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды. Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары т.б. Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады.
Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек. И. П. Павлов осының негізінде физиологияға анализаторлар ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты. Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан, мынандай бөлімдерден тұрады: шеткі, өткізгіш, ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім. Шеткі бөлім жүйке ұштары рецепторлардан тұрады, ол тітіркендіргіштерді қабылдайды. Өткізгіш бөлім қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Ми қыртысының ядролары анализаторлардың ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде қозуға анализ жасалып, ол түйсік ретінде қабылданады.
Әсер ететін тііркендіргіштердің физиологиялық табиғатына сәйкес рецепторлары бірнешеге бөлінеді: фонорецепторлар (дыбыс), фоторецепторлар (жарық), механорецепторлар (механикалық), хеморецепторлар (химиялық), барорецепторлар (қысым), терморецепторлар (жылу, суық).
Түйсік пен жауап әсерлерінің сипатына қарай көру, есту, иіс, дененің кеңістіктегі қалпы т.с.с. анализаторларға ажыратылады. Тікелей рецепторлармен жанасатын тітіркендіруді (дәм, ауырсыну, сипап сезу) қабылдайтын мүшелерді - жанасу сезім мүшелері деп атайды. Тітіркендіруді оның шығу көзінен едәуір қашықтықта қабылдайтын көру, есту, иіс рецепторларының мүшелерін - дистантты сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелерінің рецепторларының қозғыштығы бірдей болмайды. Ол рецепторалрдың күйіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне, рефлекторлық доғадағы нейронның күйіне, адам жасына, дене құрылысының жетілуіне, психикалық ұстамдылығынан байланысты.
Анализаторларлардың (көру, есту, қимыл т.б.) қызметінің бұзылуы адамды жартылай немесе толық мүгедек етеді. Сондықтан анализаторлардың өзара бірін-бірі алмастыруының маңызы зор. Мысалы, көзі көрмейтін адамда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып білудегі көру кемістігін толықтырады. Оларда сипап сезу мүшелері жақсы жетіледі. Мұның өзі Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапты саусақтарының ұшымен оқуға мүмкіндік береді. Мұнда анализаторлардың қыртысты аймақтары арасында жойылған қызметін ішінара толықтыратын уақытша байланыстар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|