Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 250,7 Kb.
бет19/48
Дата29.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#39454
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)

Көру анализаторы
Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады.
Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.
Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық және ішкі - торлы қабық.
Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін «қасаң қабық» деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сыңдырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді.
Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.
Қарашықтың артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене - көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы - кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысыл, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен коз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен - шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сұйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар - қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, - көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін - аккомодация үрдісін, - қамтамасыз етеді.


жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау