Өсу және даму.
Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші.
Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір сүретін көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп атайды. Олар – нерв жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге туады, ал оның өсіп жетілуі процесінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың орнына жаңалары пайда болмайды.
Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі деп аталады.
Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.
Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.
Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді.
Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды.
Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.
Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны төрт негізгі топқа бөлуге болады.
Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннін, радиоактивті және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды деп есептейді.
Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі есебінен балалардың тамақтарының жақсаруына, анасы мен баланың тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз беріледі.
Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық цикльді өзгерістерінің нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және дамудың жылдамдауына әкелді.
Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық комплексінің, сол сияқты кино, радио, теледидардың баланың нерв системасына қоздырушы әсер етуімен байланысты.
Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді қарсылықтарға кездескендіктен, олардыфң біреуі де акселерацияның бірден-бір немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә, келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары тез жақсарған социалистік елдерде, акселерация қарқыны өсті; осындай тенденция дамын келе жатқан елдерде де байқалады.
Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функцияларнетұрлым тез дамуы, өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар.
Акселерация шешімін әлі таппаған көптеген проблемаларды мектепте оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін өзгерту т.б. қойып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |