Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 250,7 Kb.
бет44/48
Дата29.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#39454
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)

Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді.
Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12 г, 1 жаста 36-37 г, 3 жаста 55-56 г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас.
Тері құрылысы мен қызметі, жасқа байланысты дамуы. Тері күтімі.
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi — сезім мүшесі.
Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ- бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбi болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.
Адам денесінің алақан, саусақ, ерін және табаннан басқа жерлерін түк басып тұрады. Денеге үш түрлі түк өседі: ұзын түк — шаш басты күннен және суықтан сақтайды, қайратты түк — мұрт, сақал және танауда, кұлақтың сыртқы дыбыс өткізу жолында, "ал жұмсак түктер дененің қалған жерлерінде өседі. Шаштың түбі тepi қабатындағы шаш ұясында болады. Адамның басында шамамен 100 мыңнан (сары адамда 80 мың) астам шаш түбі кездеседі.
Шаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан кұралады. Шаштың түci оның түбіндегі бояғыш кератинге байланысты. Күніне 100 шашқа дейін түсіп, оның орнына 100 шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк 4—5 айда ауысып отырады. Денсаулығы дұрыс адамның шашы орта шамамен, айына 1 см өседі. Шаштың өcyi, сақталуы, оның түcyi организмнің күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесі мен iшкi секреция бездерінің қызметіне тікелей байланысты. Шаштың жылтырлығы мен майысқақтығы май безінен бөлінетін химиялық құрамға сәйкес өзгереді.

Жылу реттеудегі терінің маңызы. Tepi — жылу реттейтін мүше. Адам денесінің қызуы бip қалыпты, тұрақты болады. Жылдың бар маусымында, адам тыныққанда немесе жұмыс істегенде дененің қызуы +37°С-тан аспайды. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тepi арқылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға бөлініп отырады. Организмде жылу өндірілуі мен оның бөлінуі тепе-теңдікте болады. Егер мұндай тепе-теңдік жойылса, онда организм ысып,жойған болар еді.





жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау