Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 250,7 Kb.
бет42/48
Дата29.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#39454
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)

Тыныс алудың реттелуі. Тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Кезеген жүйке өкпеде екі түрлі механорецепторлар түзеді. Олардың бірі өкпе ұлпасы керілгенде, екінші – ол созылғанда тітіркенеді. Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тән. Ағзада немесе оның жеке ұлпаларында оттегінің жетіспеуін гипоксия деп атайды. Гипоксия көп жағдайда қан құрамында оттегінің жетіспеуінің (гипоксемия) салдарынан туындайды.
А) өзін-өзі реттеу - өкпенің өз механорецепторларымен байланысты өкпенің керілуі мен сығылуы.
Б) жүйкелік – тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан.
В) гуморальдық - қанның газдық құрамындағы оттегі мен СОшамасы биологиялық белсенді заттар – гормондармен реттеледі.
Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір-бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Олардың кілегейлі қабықшасының астында дауыс желбезектері мен дауыс бұлшықеттері орналасқан, ол бұл қарыншалық қатпарда болмайды, сол себепті оларды жалған желбезектер деп атайды. Екі дауыстық қатпардың арасында көмекейдің шіңішке бөлігі дауыс қуысы орналасқан. Дауыс қатпары 1 жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды өседі. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау. Тыныс алу кезінде ол ауа өткізгіш қызметін атқарады. тарамдала бөлініп, қан тамырларына және жүйкелермен өкпеге ұласады.
Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан – тыныс алу (инспирация) және тыныс шығару (экспирация) тұрады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Тыныс тарту бұлшықеттері жиырылу арқылы кеуде қуысының көлемін кеңейтеді де, тыныс жолдары, ауа түйіршіктері ауаға толады, оның химиялық құрамы тыныс алу процесін ұдайы өзгертіп отырады. Тыныс алу актісі – бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқа қабырға аралық бұлшықеттері бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне кеуденің көлденең бұлшықеттері қатысады. Тыныс алу кезінде қабырғаның көтерілуі есебінен кеуде қуысының көлемі көлденең және алға, артқа қарай, желбіршектердің төмен түсуі нәтижесінде жоғарғы жаққа қарай ұғаяды. Бұл кезде көк ет қуысының қысымы төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды да атмосфералық ауа түйіршіктерге еркін енеді. Терең тыныс алу актісіне кеуде қуысы қоршап тұрған барлық бұлшық еттер: кеуденің үлкен, кіші, арқаның тіс тәрізді, аса жалпақ және ұзынша бұлшықеттер қатысады. Тынысалу тыныс шығаруға ұласады да, нәтижесінде қабырға аралық бұлшық еттер босаңсып, кеуде қуысы төмен түседі, өкпе ұлпасы қысылып, түйіршіктерден, кеңірдек тарамдарынан, түйіршік қуысынан ауаны шығарады. Бұл жағдайда өкпе ұлпа серпінділігі мен кеуде қуысының көлемінің кішіреюінің арасан зор маңызы бар.
Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар балада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл.



жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау