Қаңқа бөліктері:
бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері);
тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік);
қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері);
Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері).
Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады.
Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір-бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді.
Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды.
Кез келген қозғалыс, кез келген дене шынықтыру жұмыстары бұлшықеттің жиырылу салдарынан жүзеге асады. Сондықтан бұлшықеттің құрылысы мен функциялық мүмкіндіктерін кез келеген адам білуі тиіс, әсіресе кім дене тәрбиесімен және спортпен айналысады.
Адам денесінің елеулі массасы бұлшықетке кетеді. Әйел адамдардың дене массасының 35% бұлшықет құрайды, ал еркектерде 50% құрайды. Арнайы жаттығулар жасау арқылы бұлшықет массасын көбейтуге болады. Ал егер дене тәрбиесімен айналыспасаңыз дененің массасы азайады да майдың есесі көбейеді.
Адам ағзасында мынандай бұлшықеттер түрлері бар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы, жүрек бұлшықеттері. Бұлышқеттің жұмысы орталық нерв жүйесімен реттеледі. Қаңқа бұлшықеті ағзаның қимылын жүзеге асырып тірек функциясын атқарады. Бұлшықеттердің жұмысымен басқаруға болады, алайда жүктеме жасауға болмайды ол бұлшықеттің тежелуіне әкеп соғады.
Біріңғай салалы бұқлшықеттер ішкі мүшелердің құрамына қарай кіреді. Бірыңғай салалы бұлшықеттер жиырылады арнайы жиырылғыш клеткалар салдарынан, алайда олардың жылдамдығы қаңқа бұлшықеттерінікінен жүз есе кем. Сондықтан бірыңғай салалы бұлшықеттер тежелмейді және әнергия аз кетіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |