5
Өзін - өзін бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы өсімдіктер түрлері саны, Қызыл кітапқа енген түрлер
саны, соңғы жылдары жойылған өсімдіктер
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының құрамындағы пайдалы
илік, дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық өсімдіктердің негізгі түрлері.
3. Қазақстандағы кәсіптік ауланатын сүтқоректілер, балықтар және құстар
олардың жағдайы
Ұсынылған әдебиеттер:
1.
Абдулина С.А.
Список сосудистых растений Казахстана
Алматы 1999, 188с
2.
Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана учебник
Алматы, Ғылым, 1999, 160с
3.
Бекенов А, Есжанов Б, Махмутов С. Казақстан сүтқоректілері
Алматы, Ғылым 1995-380б.
6
Дәріс 2 Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
Мақсаты: Ботаниканың ресурстартану ғылымының қалыптасуымен,
пайдалы өсімдіктер классификациясымен және өсімдіктер биоресурстарын
зерттеу әдістері ерекшеліктерімен таныстыру
Кілттік сөздер: экономикалық ботаника, шикізаттық өсімдіктер, өсімдіктер
ресурсы
Негізгі сұрақтар:
1.
Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы
2. Пайдалы өсімдіктер классификациясы
3. Өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері
Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық
ботаника деп аталды. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысындаССРО ның атақты
ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық
ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық
дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында
алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении"
деген өте құнды еңбек жарияланды.
Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық
еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында
Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда
ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының
докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан
ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында
арнайы " Өсімдіктер ресурстары" бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті.
Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың
еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаниктер -ресурстанушылар
мектебі құрылды. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған
жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан ғылым
академиясының мүше корреспонденті, проф. М.К. Кукенов болды.
Проф. М.К. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады
және оның жазған "Ботаническое ресурсоведение Казахстана" деген
оқулығын (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды
жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді
практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі ХХ ғасырдың басында
" Шаруашылық ботаника" деп атала бастады. Шаруашылық немесе
экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын
пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер
жинаумен шектелді.
2) Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып бір жүйеге
келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде
1966 жылы проф. А. Федоров осы
саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды.
Шикі заттық өсімдіктер дегеніміз не ?
7
Проф. М.М. Ильин бойынша (1948 ) "Шикізаттық өсімдіктер деп Завод
немесе ауылшаруашылық практикасына тікелей қайта өңделіп пайдалануға
болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін
табиғи флора өкілдерін айтамыз".
Егер біз бұл анықтама қабылдайтын болсақ онда өсімдіктер ресурстары
туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының
маңызы өте зор.
Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынандай 3 топқа бөлінеді:
I. Өндірістік өсімдіктер ресурсы
ІІ Ауылшаруашылық өсімдіктер ресурсы
ІІІ Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
1942 жылы акад. Н.В. Павлов өзінің "Дикие полезные и технические
растения СССР" деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа
классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық
пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.
І Дәрілік өсімдіктер
ІІ Коксағызды (каучук) өсімдіктер
ІІІ Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер
IV Шыны майлы өсімдіктер
V Эфир майлы өсімдіктер
VI Тоқымалық өсімдіктер
VII Щеткалық өсімдіктер
VIII Ірі- талшықты өсімдіктер
IX Қағаз целлюлозалы өсімдіктер
X - Тағамдық өсімдіктер
XI - Крахмалды өсімдіктер
XII - Қант-инулинді өсімдіктер
XIII - Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер
XIV - Витаминді өсімдіктер
XV - Балды өсімдіктер
XVI - Илік затты өсімдіктер
XVII - Сабынды немесе санонинді өсімдіктер
XVIII - Қарамайлы өсімдіктер
XIX - Бояуы бар өсімдіктер
XX - Мал азықтық өсімдіктер
XXI - Уландырғыш заты бар өсімдіктер
XXII - Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер
3. Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану олардың ішінде әрине
бірінші ретте дәрілік өсімдіктерді пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің
медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы Қазақстанның
оңтүстік аудандарының Иран, Афганистан, Индия сияқты елдердің әсері бар.
Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық
қасиеті бар заттарда қолданылады. Сондықтан шет елдерден әкелінетін
шикізаттарды алмастыру қажет болған осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан