10
еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға
қарқынды дамып нәтижесінде ботаникалық ресурстану саласында әртүрлі
мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді.
1935 жылы Ташкент қаласында 1-ші өзбек ғылыми зерттеу
конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер
классификациясы туралы жоғарыда айтылды.
1938 жылдан бастап ССРО ғылым академиясының Ботаника
институтының өсімдіктер шикізаты бөлімі " Растительное сырье" деген атпен
ғылыми еңбектер сериясын шығара бастады.
2. 1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер негізінен пайдалы
өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударды.
Коксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир- майлы, шыны- майлы,
талшықты, бояулы, целлюлоза- қағазды, сүректі, дәрілік, инсектицидті және т.б.
барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде
жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың
жаңа ұрпағы өмірге келді.
Әсіресе, атақты ғалымдар Н.И. Вавилов, Т.В. В , П.М. Жуковский М.Г.
Попов басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты
үлкен үлес қосты.
Шикізаттық зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге
тікелей байланысты.
Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді
іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми
мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан да жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі
жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы 1948 жылы СССР ғылым
академиясының Ботаника институтында "Өсімдіктер ресурстары" бөлімінің
қызыметкерлері " Методика полевого исследования сырьевых растении" деген
әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді
зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген.
3. 1950 жылы ССРО да бірнеше рет ірі-ірі экспедициялар
ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен:
1) Тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл
жұмыстарды мысалы: Өзбекстанда В.П. Дробоков, Х. Чеврениди, К.З.Закировтар
жүргізді. Қазақстанда - В.П. Михайлова, А.К. Чумбалов, Украйнада - А.И.
Закордонец, С.С. Харкович, Белоруссияда -Н.В. Смолзско, Литвада - И.А.
Титинс, Сібірде - В.И. Кузьмин жүргізді.
2) Дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе шипалық
қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы,
алкалоидтарды, флаваноидтарды, кумариндерді,
сесквитертерпенді,
лактондарды және т.б.. Бұл жұмыстар негізінен Бүкілодақтық дәрілік
өсімдіктер институтында ( А.Г. Кондратенко, И.А. Губанов, В.Б. Куваев, А.И.
Шретер, Г.И. М.Г. Пименов және т.б.) Харьков фармацевтикалық
институтында ( М.А. Антгрская, Л.И. Хаджай, Д.Г. Колесников, И.Г. Зоз, И.Ф.
11
Комиссаренко және т.б.) . Өзбекстанда ғылым академиясының өсімдік
заттарының химиясы институтында Н.С. Абубакиров, Ю.Юнусов және т.б.),
ССРО ғылым академиясының Ботаника институтында ( Г.В. Пигеилевский, Н.П.
Кирьяков, И.С. Котина және т.б.) Армения ботаника институтында
(Г.З.Золотинцкая ), Азербайжан ботаника институтында (И.М. Исмайлов),
Қазақстан ғылым академиясының ботаника институтында ( Л.К. Клышев, А.С.
Алюкина және т.б. ), Ленинград химия-фармацевтика институтында А.Ф.
Гаммерман) жүргізді. Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында,
жоғарғы оқу орындарында жүргізілді.
3) Көптеген жұмыстар мияның ( Glycyrrhiza) глициризинді түрлерін
зерттеуге арналады. Мысалы Т.П. Надеждина ( Ботаника институты,
СанкПетербург) , М.М. Михаилов ( Азербайжан ботаника институты), Исембаев
А.И., Э.В. Кузьмин, Б.Н. Сауранбаев, Д.К. Абдрахманов ( Қазақстан ботаника
институты), К.З. Закиров, С.Х . Нугманов, А.Б. Бахнев, О.А. Ашурметов (
Өзбекстан ботаника институты)
4) 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компонентік
құрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы 1) М.И. Горяев1952
жылы «Эфирные масло флоры СССР» деген еңбегі жарияланды Алматы 312
бет. 2) Н.Л. Гурвич 1960 жылы опыт классификации эфирно-масличных
растении" деген еңбегі жариялады
5) Малазықтық және сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді. 1958 жылы
Ленинградта Бүкілодақтық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардың
қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы
өсімдіктерді мәденилендіру туралы мәселелер талқыланды.
3. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі екі жолын көрсетуге болады.
1) Шет елдерден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды
Қазақстанда табу.
2) Зерттеуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа
заттарды ашу.
Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері
лабораторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шет
елден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын
заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта
жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мысалы ССРО да оның ішінде
Қазақстанда кок сағызды және илік затты өсімдіктерді кеңінен зерттеуін
айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан Соғысы кезінде шет елдер ССРО-ға
коксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған
байланысты оларды алмастыратын заттарды тез-арада өзімізден табу қажет
болды. Қазақстанда каучук (коксағыз) бар өсімдік Scorzonera (
таусағыз) Asteraceae тұқымдасынан табылды.
Илік заттарды іздеуде нәтижесін берді табиғи флорадағы өсімдіктер
ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік
заттарға арналған таруда айтылады.