Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



жүктеу 230,02 Kb.
бет39/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Дәріс №13
Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел

  1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ -на қабылдауы.

  2. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.

  3. Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемалары

Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ КСР-нің халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Қазақстанды әлемнің 120 елі таныды. Алматы және Астанада 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды.Мемлекет басшылығы сыртқы саясат арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады. Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі ядролық мұра туралы болды. Бұл ретте 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте ЕҚЫК-ның кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында атап көрсеткендей, «қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің сыртқы саяси қызметке және Қазақстанның оның көршілермен, әлемнің жетекші елдерімен өзара тиімді берік қатынас орнатуына» бағытталды.


Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың 6-сы шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 ж. қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 ж. стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.


Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы байланыс та көп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «төрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж.23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім (2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым), Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2005) жанжжақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті.2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 ж. қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Ал, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, ЕО -да маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық келісімге келісті.Қазақстан ЕО-ның сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек. 2011 ж. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 және 2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.
Егемен Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас.1991 ж. 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Ал, 1992 ж. қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 ж. ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті. Елдің табиғи байлықтарын игеру үдерісіне американдық компаниялар тартылды. Мысалы, «Шеврон» мұнай компаниясы Қазақстан нарығына бірінші болып енді. 2000 жылы екіжақты қатынастарда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес іс-қимылы бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді. АҚШ Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады.2011 ж. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,743 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғары (2,181млрд. АҚШ доллары).
Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-қатынас ерекше орын алады. 1994 ж. Қазақстан мен Түркия арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының маңызы зор. 2009 ж. Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие. Сондай-ақ, Қазақстан Азия жәнееуропалық және американдық бағыттағы мемлекеттерменекіжақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, экономикалық, ынтымақтастық және Қазақстан экономикасын шетелдік инвестиция үшін алғышарттар туды.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық –2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.
ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сондай-ақ, ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.2000 жылдары экономикалық интеграция мәселесі бойынша динамикалық түрде болды.
2003 ж. мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретіндемойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 ж. 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.
2003 ж. қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тың дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
ЕурАзЭҚ шеңберінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын күшейтті. 2009 ж. маусымда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары ДСҰ-ға бірыңғай кеден кеңістігі ретінде, яғни Кеден комиссиясы атынан кіру келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастапҚазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден Одағы өз қызметін бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.2009-2014 жылдары Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда айналымы 24 млрд. долларды құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО)–Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын одақ. Мүше елдердің парламенттері бектісе, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылды.


2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.
Қазақстанның сыртқы істерін қалыптастыру үшін Қазақстанды әлемдік деңгейге жеткізіп, БҰҰ-на қабылдау. Ұлттық қауіпсіздікті арттыру мақсатында: аумақтық және ұлтаралық қауіпсіздікті сақтау керек, толық аумақтық және сенімді мемілекет құру. Тәуелсіз Қазақстанның мәңгі ғасырлық қоғамдағы іс-әрекеті. Сыртқы істердің: белсенді, прагматикалық және тендестігін қалыптастрыу. ҚР ең маңызды гиополитикалық деңгейдегі мақсаты- халық аралық байланыспен қамтамасыз ету.
ҚР-ның халықараллық миссиясы.Жетекші елдер ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасын- Азия елдерінің халықаралық форумы (АЕХФ)(1992жылы) Қазақстанның мәдениаралық және дамыған елдер арасындағы салымы Шығыз-Батыс қарым қатынасы жетекші елдердің сенімін ақтау .Жетекшілер съезінде: әлемдік және салт-дәстүрдегі сенімді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы төрағасы (ЕҚЫҰ). ЕҚЫҰ самитінде 2010ж 1-2 желтоқсанында Астана қаласында-Әлемдік мағынасы бар оқиға болды.
Құрылымдаңы әлемдік және ЕврАЗЭС елдеріндегі ең өзекті мәселе энергиалық және экологиалық қауіпсіздігін дамыту. Манафистің мағынасы (Әлем 21 ғасырда). Соғыстың, ядролық қару жарақтан және терроризмның алдын алу.

жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау