|
Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудыңҚазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11
|
бет | 36/41 | Дата | 05.10.2022 | өлшемі | 230,02 Kb. | | #39522 | түрі | Сабақ |
| Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.
Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар:
Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет.
Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет.
Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дәйектi түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|