Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Жер-су реформасының мақсаты. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



жүктеу 230,02 Kb.
бет13/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

3. Жер-су реформасының мақсаты. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 1920-жылдардың басында Қазақстанда экономикалық жағдай тым ауыр болатын. Мұнда үлкен адам шығыны мен арты ашаршылыққа ұласқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ қоғамын адам мен мал шығынына ұшыратқан азамат соғысы халыққа үлкен ауыртпалықтар әкелген еді.
1918-1920 жж. азамат соғысы жылдары ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру мақсатында ‒ әскери коммунизм саясаты енгізілген болатын. Бұл саясаттың негізгі мәні ‒ Кеңес үкіметін орнату үшін соғыс болып жатқан жағдайда Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін әрбір отбасы өздерінен артылған азық-түлікті мемлекетке өткізуге міндетті болды. Бұл азық-түлік салғырты деп аталды. Жеке саудаға тыйым салынып, еңбек және әскери міндеткерлік енгізілді. Бұл заң жүзінде қабылданған құжат болғанымен іс жүзінде өмірде азық-түліктің отбасын асыраудан артылған бөлігі емес, азық-түлікті түгел тартып алу т.б. күш көрсету шаралары орын алған еді. Әрине, бұл жағдай шаруалардың наразылығын туғызып, Қазақстанның көптеген жерлерінде халық толқулары орын алды. Мысалы, 1920 жылы Семей облысында бүлік бұрқ етті, оған өкіметтің азық-түлік өктемдігіне төзбеген орташалар мен дәулетті топтардың едәуір бөлігі қатысты. Сол жылы мұндай толқу Батыс Қазақстанда да орын алды. 1921 жылдың ақпан-наурызында өлкенің Ақмола, Петропавл, Көкшетау т.б. ояздарында шиеленістер бой көрсетті.
Қазақстанда орын алған хал-ахуал елдегі экономикалық және саяси дағдарысты көрсетті. Елге жаңа шаруашылық саясат қажет болды. Большевиктер утопиялық догмалардан шегініп, тарихи келісімпаз саясат ұстануға мәжбүр болды. Жеке меншіктің бірнеше түрлеріне рұқсат етіліп, тауарлы-ақшалы қатынасқа көшу мақұлданды. Бұл мәселе 1921 жылы наурызда Коммунистік партияның Х съезінде күн тәртібіне қойылды. Осы съезде азық-түлік салғырты жойылып, оның орнына азық-түлік салығы енгізілді. Енді әрбір отбасы мемлекетке артық өнімін түгел өткізбей, тапқан табысының немесе өндірген өнімінің белгілі бір пайызын ғана төлейтін болды. Сондай-ақ, қаржы саласында несие, жалға беру, жерді пайдалану істері де біршама реттелді. Мемлекет өндіріс орындарына байланысты ұстанып отырған саясатының жекелеген бағыттарынан бас тартты. Кейбір салалар мен анағұрлым ірі өндіріс орындарын өз бақылауында қалдырып, орта және ұсақ кәсіпорындар кооперативтерге, серіктестіктерге немесе жеке тұлғаларға жалға берілді.Фабрикалар, заводтар, басқа өнеркәсіп орындары жұмыстарын жалғастыра берді, жалақы берілді. Натуралды шаруашылықтың үлесі азая бастады.
1922-1924 жж. ақша реформасы сәтті аяқталды. Ел тұрақты валютаға қол жеткізді. Сауда жақсы айналымға көтерілді. Әсіресе оның жеке секторы жоғары қарқынмен дамуға қол жеткізді. Жеке меншік пен нарықтық қатынастардың дамуы яғни ‒ капиталистік бастамалардың жандануы кооперативтік қозғалыстардың өрістеуіне ыңғайлы алғышарттар қалыптастырды.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүргізілген түбірлі өзгерістер халық шаруашылығына әсерін тигізді. Ол қалпына келе бастады. 1920 жылмен салыстырғанда 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өнімін өндіру деңгейі 5-6 есе өсті. 1921 жылы өнеркәсіп орындарының 17% жұмыс істеп тұрса, 1925 жылы 60% іске қосылды. Экономиканың алға басуының сәтті көрінісі ретінде үздіксіз жұмыс істеп тұрған темір жолдарды атауға болады. Ескі магистральдармен қатар жаңа темір жол бөліктері: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар, сондай-ақ Омбы темір жолының Семей тармағы іске қосылды. Ертіс, Сырдария, Орал өзендері бойымен су жолы транспортының жұмысы жанданды.
Республиканың ауыл шаруашылығы айтарлықтай көтерілді. Орал, Ақмола және Семей губернияларының дәстүрлі дәнді дақылдармен айналысатын аудандарында өнім өндіру 1913 жылғы деңгейге жетті. Мал шаруашылығы да дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда 1925 жылы мал басы саны екі есе өсті. Бірте-бірте көшпелі мал шаруашылығы қалпына келе бастады. Сөйтіп, халық шаруашылығы дағдарыстан шыға бастады. Ең негізгісі сол нарықтық, тауарлы-ақшалай байланыстар басымдығы қалпына келтіріле бастады, меншік құрылымы көп укладты сипатқа ие болды. Меншіктің әр түрлері ‒ мемлекеттік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, кооперативтік және т.б. қатар өмір сүріп, олардың арасындағы бәсекелестік және ұдайы өндірістегі өзара байланыс халық шаруашылығын күшті импульспен қамтамасыз етті.

жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау