Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



жүктеу 5,54 Mb.
бет7/23
Дата25.11.2017
өлшемі5,54 Mb.
#1684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Тондық коррекция. Өзімізге белгілі жартылай тонды бейнеде пиксельдер бір ғана сипаттамасымен – ашықтылығымен (яркостью) ерекшеленеді. Жартылайтонды бейненің сапасын ашықтылық гистограммасы арқылы бағалауға болады, оны шақыру үшін Image → Adjust → Levels (Бейне →Коррекция →Деңгейлер ) командасы орындалады.



Тапсырмалар:

1 тапсырма. Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды ерекшелеу. Adobe

Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз.

1. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз.121

2. 1-суретте кӛрсетілгендей Zvetok.gif файлын ашыңыз.

1-сурет. Zvetok.gif файлы.

3. Лассо құралын алып, бейнедегі гүлді ерекшелеп, оны жаңа файлға жылжытыңыз.

2 тапсырма. Тіктөртбұрышты Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды

ерекшелеу.

1.Adobe Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз.

2. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз.

4. 3-суретте көрсетілгендей файл Zamok.jpeg файлын ашыңыз.

3-сурет. Zamok.jpeg файлы.

1.Тіктөртбұрышты Лассо құралымен бейне ішінен сарайды ерекшелеңіз де, жаңа

файлға жылжытыңыз.122

3.тапсырма. Магниттік Лассо құралымен күрделі формалы аймақтарды ерекшелеу.

1. Магниттік лассо құралымен (5-сурет) бейне ішінен фараон скульптурасын

ерекшелеңіз де, оны жаңа файлға кӛшіріңіз.

4 тапсырма. Виньетка жасау.

1. Adobe Photoshop графикалық редакторын ашыңыз.

2. Файл→Открыть мәзірінің командасын ашыңыз.

3. Кез келген бейне ашыңыз, мысалы үшін, файл Bears.jpeg

. Файл Bears.jpeg.

4. Feather (Сыбастыру) өрісіндегі опция панелінде 20 пикселге тең мән енгізіңіз де,

эллипстік аймақты ерекшелейтін құралды алыңыз.

5. Эллипстік аймақты ерекшелеу құралымен ерекшелеңіз. Select→ Inverse

Ерекшелеу→Инверсия командасын орындап, Ctrl+ Shift+I пернелерін басыңыз. Содан

соң Backspace немесе Delete пернелерін басыңыз.

6. Ctrl+D пернелерін басып, ерекшелеуден бас тартыңыз 123

7. Ерекшеленген аймақты түрлендіріп, айнадағы бейнені аламыз, ол үшін

виньеткеадағы суреттің көшірмесін аламыз Бейне → дубликатын алу.

8. Барлығын→Ерекшелеу командасын орындаңыз, содан соң

Редакциялау→Трансформация→Горизонтально айналдыру.

9. Ерекшеленген аймақтың сол жақ маркерін бейне үстінен тартыңыз (суретті

Төңкеріп жатқан сияқты)

5 тапсырма. START04.PSD және END04.PSD файлдарының негізгі бейнелеулерін

қолдана отырып, «Жеміс» коллажын орындаңыз.


Дәріс №15. Бейнелерді түзу тәсілдері


  1. Қарапайым объектілерді жасау

  2. Созусыз құралды пайдалану


Қарапайым объектілерді жасау. Векторлық графикада барлық бейнелер қарапайым объектілерден тұратын болғандықтан, жаңа бейнемен жұмысты қарапайым объектілерді құрудан бастайды.

Түзу сызық. Түзу сызықтарды жасау үшін Перо құралы қолданылады. Бірінші шертумен бастапқы тірек нүктесін береді, ал екінші және келесі шертулермен жаңа тірек нүктелері мен сегменттерді береді. Құралды тартудың қажеті жоқ, себебі тартқан кезде қисық сызықты сегменттер түзіледі.

Егер құралды контурдың бастапқы нүктесіне апарса, көрсеткіштің қасынан шағын дөңгелек пайда болады. Осы кезде шерту контурды тұйықтауға мүмкіндік береді.



Перо құралымен бірнеше контурды бір мезгілде салуға болады. Келесі контурға көшу алдында CTRL пернесін басып тұрып кез-келген ашық жерге шерту керек.

Дөңгелек және Эллипс. Бұл объектілерді Эллипс құралымен тарту әдісі арқылы жасайды. Қасиеттерін келтіру Сызық палитрасында орындалады. Егер салуда SHIFT пернесін басулы күйде ұстасақ, Эллипс орнына дұрыс формадағы дөңгелек салынады.

Кәдімгі салуда бастапқы нүктенің координаттары эллипс центрінің координаталары емес, сызықта жататынын ескеру қажет. Көп жағдайларды бұл айтарлықтай ыңғайсыз жағдай. «Центрден бастап» дұрыс дөңгелек алу үшін ALT+SHIFT пернелік комбинациясын қолдануға болады.



Көпбұрыш, жұлдыз формасы, спираль. Бұл объектілерді салуға арналған құралдар Эллипс құралына альтернативті болып келеді. Құралдың белгісін шертіп бірнеше секунд құралдарды альтернативті таңдау сызғышы пайда болғанша күте тұру қажет.

Көпбұрышты, жұлдызды және спиральді салу үшін тышқанды соза жылжыту тәсілі қолданылады. Алынған нүкте фигураның центрі болып табылады. Мынаған ерекше назар аудару қажет, яғни тышқан кнопкасы басулы тұрған күйде ЖОҒАРЫ және ТӨМЕН басқару пернелерінің көмегімен фигураның негізгі параметрлерін өзгертуге болады. Дұрыс көпбұрыш үшін оның негізгі параметрі болып төбелерінің (жақтарының) саны табылады, жұлдыз үшін сәулелерінің саны, ал спираль үшін қадамдары.



Созусыз құралды қолдану. Қандай құрал қолданылса да (тіктөртбұрыш, эллипс, дұрыс көпбұрыш, жұлдыз, спираль және т.б.) фигураның формаларын өзгертуге арналған параметрлер реті бар. Егер салуда созуды қолданбай тек шертсе, онда ашылатын сұхбат терезесінде фигураның параметрлерін беруге болады. Мысалы, жұлдыз үшін бұл сәулелерінің саны мен сәулелерге тірек болатын сыртқы және ішкі дөңгелектің радиустары.

Қисық сызықты контур. Перо құралымен бірінші, екінші және үшінші ретті қисықтарды жасауға болады. Қисықты салу тәсілі шерту сериясы мен тышқанды соза жылжытуға байланысты. Шертулердің саны тірек нүктелерінің санын, ал созулардың саны қисықтың ретін береді.

  1. Шерту + шерту = түзу сызық (бірінші ретті қисық).

  2. Шерту + созу+ шерту = екінші ретті қисық (иілу нүктелерінсіз).

  3. Шерту + созу+ шерту +созу = үшінші ретті қисық (бір иілу нүктесі бар).

Бөліктеп ерекшелеу құралымен тірек нүктесін ерекшелеп қисықтың формасын коррекциялауға болады. Безье қисықтарының формасын сызықтарды басқарушы көмекші жанамалар көмегімен басқарады. Басқарушы сызықтарды созуды тудыратын жанамадағы нүктелер басқарушы маркерлер деп аталады.

Қисықтарды құру – векторлық графикамен жұмыс істеудегі ең кең таралған операция. Оны арнайы өңдеу керек.


Дәріс №16. Контурларды редакциялау


  1. Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру

  2. Тұйық контурларды өңдеу


Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру. Контурдың формасын оның бір немесе бірнеше тірек нүктелерінің орнын ауыстыру арқылы өзгерту қиын емес. Алдымен ауыстырылатын нүктелерді бөліктеп ерекшелеу құралының көмегімен бөліп көрсетіледі.

Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту. Тірек нүктелерінің тегіс және бұрыштық болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Бірінші жағдайда олар бір сегменттің екіншісіне жайлап ауысуын қамтамасыз етсе, екінші жағдайда нақты бұрыш түзеді. Егер екі басқарушы түзулердің ұзындығы бірдей болса, тегіс тірек нүктелері симметриялық болуы мүмкін.

Нүктелердің қасиеттерін Перо құралының тобындағы Тірек нүктелерін түрлендіру құралының көмегімен өзгертеді. Оны тірек нүктесінде шертсе, ол бұрыштық нүктеге айналады, ал созып тұрып шертілсе – симметриялық болады. Басқару сызықтарының осы құралмен әрі қарайғы орын ауыстыруы контурдың аралас бөліктерінің талап етілетін қисықтығымен бұрыштық нүктені түзуге мүмкіндік береді.



Тірек нүктелерін құру. Егер контурдың қисықтығы жеткіліксіз болса, онда оның үстіне қосымша тірек нүктелерін қоюға болады. Бұл үшін Тірек нүктелерін қосу құралы (ол Перо тобында) қызмет етеді. Алынған тірек нүктелерінің орнын ауыстыруға, ал басқарушы түзулердің көмегімен осы нүктеде жалғасатын сегменттердің қисықтығын өзгертуге болады.

Тірек нүктелерін жою. Егер контурда керек емес, артық тірек нүктелері болатын болса (бұл әсіресе еркін салу құралдары Қылқалам мен Қарындашты қолданғанда), оларды алып тастауға тура келеді. Бұл үшін Тірек нүктелерін жою құралы қызмет етеді. Тірек нүктелерін бұлай жойғанда контур жарылмайды, жазылады, себебі жойылатын нүктеге көрші екі тірек нүктелері өзара жаңа сегментпен жалғасады.

Тұйық контурларды өңдеу. Векторлы редакторларда тұйық контурлар ерекше қасиеттерге ие. Теориялық тұрғыда тұйық контур – заливка қасиеті бар контурдың жалғыз түрі болып есептеледі. Мұнда ашық контурлар да құйылады, алайда бұл шарт бойынша орындалады.

1. Қалыпты формадағы тұйық контур жасаудың ең қарапайым әдісі сәйкесінше құралды (Эллипс, тіктөртбұрыш және т.с.с) пайдалану болып табылады. Тұйық контурды алдын-ала Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп басқаруға болады.

2. Тұйық контурды Перо және Қарындаш құралдарының көмегімен құруға болады. Бұл жағдайда бастапқы тірек нүктелеріне жақын орналасқан аймаққа құралды жақындатсақ, көрсеткіш формасы өзгереді, бұл тышқан кнопкасын шертумен контурдың тұйықталатынын көрсетеді.

3. Ашық контурды тұйық контурға Объект → Контур → Байланыстыру командасы арқылы түрлендіруге болады. Бұл команда бойынша бастапқы және соңғы тірек нүктелері бұрыштық тірек нүктелеріне түзу сызық түрінде қосымша сегментпен жалғасады.



Тұйық контурды бөлу. Тұйық контурды бөлуді Пышақ (Нож) құралымен орындайды. Пышақпен жүргізілген сызық контурды екі контурға бөледі. Олардың әрқайсысымен бөлек жұмыс жасау үшін оларды Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет.

Контурларды құю (заливкалау). Құю режимдері. Adobe Illustrator редакторында құюдың үш түрлі режимі бар : 1) бірыңғай құю (бір түспен); 2) градиентті құю (түстер арасындағы жайлап ауысу); 3) декоративті құю (таңдап алынған өрнекпен контурды толтыру).

Құю үшін экранда келесі үш палитра болуы керек : а) синтез (түс таңдау үшін); б) градиент (градиентті созбаларды құру үшін); в) каталог (үлгілерді таңдау мен сақтау үшін).

Құю режимін таңдау үшін құрал –саймандар панелінің астындағы кнопкалы панель қолданылады. Оның үш режим кнопкасы бар : Түс, Градиент және атрибутсыз. Жаңа объектінің құйылуы индикатор панелінде орнатылған түс пен режимге сәйкес орындалады.

Бірыңғай құю. Контурда таңдалған бір түспен бірыңғай құю үшін құю механизмінің түс кнопкасын қосу және Синтез палитрасында түстік сызғыштан түсті таңдап, реттеу түсін орнату керек. Осы кездегі барлық ерекшеленген контурлар таңдап алынған түспен толтырылады.

2. Егер де қажетті түс ертерек жасалған және каталог палитрасында болса, оны үлгіден бір рет шерту арқылы таңдап алуға болады. Ал егер түс бірінші рет жасалынып, оны сақтап қою қажет болса, оны Каталог палитрасына әкелу керек.

3. Құю керек болмаған жағдайда құюдың Атрибутсыз режимін қолданады.

Градиентті құю. Контурдың берілген ауысуымен бірнеше түстермен градиентті құю үшін құю механизмінің индикаторы Градиентті қосып Каталог палитрасынан дайын үлгіні таңдап алу керек.

Декоративті құю. Декоративті құюға кәдімгі орнаментпен (өрнек, текстура) құю жатады. Құюдың осы түрі арқылы объектілерге табиғи және жасанды материалдардың жабын түрлерін береді.

1. Контурдың декоративті құйылуын құру үшін осы контурды ерекшелеп, Орнамент үлгілерін көрсету кнопкасын шерту керек. Каталог палитрасынан үлгілер жинағын ашып, қажетті үлгіні шерту керек.

2. Декоративті орнаменттердің үлгілер жинағының Adobe Illustrator – да таңдауы өте жоғары емес. Үлгілердің жеткіліксіз болуы мәселесін жаңа үлгілерді құру жолымен шешеді.

3. Жаңа үлгілерді редактор құралдарының көмегімен кәдімгі сурет салу арқылы құрады. Орнамент үлгісін жасап, оны ерекшелейді және Каталог палитрасына әкеледі. Сондай-ақ Жаңа үлгі кнопкасын шертуге де болады.

4. Декоративті орнаменттердің жаңа үлгілерін құруда градиентті құйылуы бар объектілерді қолдануға болмайды.

Бақылау жүмысы:

1.Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру дегеніміз не?

2. Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту жолдары?

3. Тірек нүктелерін құру операциялары?

4. Контурларды құю (заливкалау) қалай орындалады?

5. Декоративті құю жолдарын ата?



Дәріс №17. Өңдеу әдістері


  1. Коррекция және бейнелерді өңдеу

  2. Фильтр


Коррекция және бейнелерді өңдеу. Бейнені түгелдей коррекциялағанмен қанағаттандырарлық нәтиже әрдайым алына бермейді. Суреттердің жарықтылығы бірдей болмауы немесе түсіру кезінде жарық бағыты дұрыс алынбауы мүмкін. Бұл кемшіліктерді болдырмауға болады. Алдымен бейненің көлемді бөліктерін коррекциялайды. Туынды аймақты Лассо құралымен ерекшелейді. Ерекшеленетін аймақтың шекарасын тегістеу үшін Параметрлер палитрасында қарайтылатын шекараның мөлшерін беру керек. Суреттің өлшеміне байланысты бұл операциядағы қараю көлемі 50-100 пиксельді құрауы мүмкін.

Фильтр. Фильтрлер – бұл бейнені түрлендіруге арналған программалық құралдар. Фильтрлермен жасалатын тәжірибелер – бұл Photoshop редакторындағы ең қызықты жұмыстардың бірі, себебі олар көп жағдайда ең қызықты, күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтырады. Фильтрді шақыру меню қатарындағы Фильтр пункті арқылы орындалады. Барлық қолданылатын фильтрлер туғызатын эффектілеріне сәйкес топтарға біріктірілген.

Имитация тобының Фильтрлері фотосуреттерге түрлі-түсті қарындаштармен, акварельмен, майлы бояулармен орындалған суреттер түрін беру үшін қолданылады.

Штрихтер → Жиектердегі акцент немесе Штрихтер → Көлбеу штрихтер фильтрін қолданған кезде өте қызықты живописті эффектілер пайда болады.

Зигзаг → Судағы дөңгелектер фильтрінің көмегімен бейненің су бетіндегі көлеңкесін жасауға болады.

Шу → Ретушь фильтрі бейненің үлкен кеңістігіндегі біртекті емес шулы аймақтарды өңдеу үшін қолданылады.

Жарықтандыру → Жарықтандыру эффектілері фильтрі суретке тек қажетті жарықтылықты беріп қана қоймай, берілген фотосуреттің сәтсіз жарықтандыруын жөндеуге мүмкіндік береді.

Резкость немесе Резкость на краях фильтрін қолдану бейненің анық көрінуін жоғарылатады. Бұл әсіресе бейненің фрагменттерін үлкейткенде өте маңызды болып табылады.

Эскиз → Мел және уголь фильтрлері қара-ақ суретті уголь көмегімен қағазда бейнелеуге мүмкіндік береді.

Рельефті көтерілудің қызықты эффектісін Барельеф фильтрін қолданып алуға болады.



Текстура тобының фильтрлері бейнені кәдімгі матада, қағазды немесе басқа де негіздерде суреттеуге мүмкіндік береді.

Су бетіндегі көлеңке эффектісі



Эффектіні жасау алдындағы берілген бейне. Фильтрдің көмегімен бірнеше операциялар жасалып, бейнеге су бетіндегі көлеңке эффектісі жасалды.







жүктеу 5,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау