Сабақтың тақырыбы: Графиканың бейнелі құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды түрлі түсті қарындаштармен, акварель және пастель бояуларымен жұмыс жасау тәсілдеріне үйрету. Әр түрлі техникаларына, ойлау, қиялдау, өз ойын жеткізуге баулу.Білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.
Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Өз ойын еркін айтуға және елестете отырып ойын бейнелей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Тапқырлыққа, адамгершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бәйтерек макеті,суреттер, смайликтер т.б
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, география
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. ( Психологиялық дайындық)
Топқа бөлу, ат қою, топтың ережесін жазу.
Сәлеметсіңдерме балалар?
Сабаққа деген қызығушылығымыз, көңіл-күйіміз қалай?
Ендеше, құрал-жабдығымызды алып, сабаққа әзірленейік.
Балалар бугін ауа-райы болжамы -2 °с – 0 ден төмен. Ендеше «әрбір арайлап атқан күндеріңізге сәттілік тілеймін.»
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
- Міне, балалар, жүрегіміздің осындай жылуымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II Үй тапсырмасы: «Ойлан, тап». (Ұяшық таңдау).
Суға езілетін қою бояу? (Гуашь)
Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сызу құралы? (Қарындаш)
Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма? (Пейзаж)
Адамның келбеттік тұлғасы бейнеленген көркем шығарма? (Портрет)
Әшекейлі бұйымдар жасайтын адам? (Зергер)
Хайуанаттар дүниесі бейнелеген көркем шығарма?(Анималистік жанр)
Қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы? (Киіз үй)
Кеңістікте сомдалған көркем шығарма? (Мүсін)
Матаға бояумен салынған сурет? (Батик)
III Жаңа сабақ.
Балалар біз бүгінгі сабағымызда әр түрлі тапсырмалар орындай отырып, бәйтеректің шыңына шығып, шамын жағамыз.
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады;
Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы,
Ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді.
Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады.
Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы- оның жұмыс жасау тәсілі өте қарапайым, ол езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Түрлі түсті қарындаштар- суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ та қағаз бетінде қосылып, басқа түс бере алады. Қарындашпен сурет салғанда ол қағаз бетіне жақсы жұғады.
«Пастель» сөзінің ұғымы латынның «pasta» сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді. Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарын, бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұпар таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуының сұйық бояулардан айырмашылығы, ол өз түсін мүлдем өзгертпейді, суретші оны қалай жақса, солай болып қалады. Пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады.
IV «Полиглот».Тіл өнері.
(Мақалдың жалғасын және жұмбақтың шешімін тауып, үш тілде аударма жасау)
I топқа.
1 Өнер алды- қызыл тіл (тіл- язык- language)
2 Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады (тас-камень-stone)
3 Бал тамған тілден, у да тамар (бал-медь- honey)
II топқа.
1 Көз аласынан, сөз аласы жаман (көз-глаза-eye)
2 Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті (наны- хлеб- bread)
3 Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр (хат- письмо- letter)
III топқа.
1 Жоқ өзінде ба та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш- линейка- ruler)
2 Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп (қалам- ручка- pen)
3 Ақ шапан үстінен, алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен, Алты ай бойы түспейді
(қыс пен жаз-зима и лето-winter and summer)
V «Жұмбақ хат». ( Сиқырлы есептер шыгару)
Қызыл +сары =тоқсары
Көк +сары =жасыл
Қызыл+көк=күлгін
VI «Тұлғаны таны». Сәйкестендіру.
VII Білгенге маржан. Интервью сұрау.
Қазақстан суретшілерінің суреттерін көрсету арқылы, қандай шығармашылық жұмыстары бар екенін білу.
Әбілхан Қастеев- «Қарындастың портреті», «Мектепте», «Жайлауда»
Айша Ғалымбаева- «Батыр ана», «Сәукеле», «Үш ғасыр»
Орал Таңсықбаев- «Туған өлке», «Шарбақ құрылысында»
Үкі Әжиев- «Асы жайлауы», «Алатау бөктерінде»
Хакімжан Наурызбаев- «Амангелді портреті», «Бала Жамбыл», «Құрманғазы»
Молдахмет Кенбаев- «Шопан әні», «Сыр шерту», «Бұғалық тастау»
VIII «Жемісті бәйтерек». Сабақты бекіту
(Жемісті кім тез теріп, тапсырмасын орындаса, батасын береді)
IX Қорытындылау
X Рефлексия (Сабақ туралы өз ойларын жазу)
XI Бағалау
XII Үйге тапсырма: «Натюрморт»
Достарыңызбен бөлісу: |