Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



жүктеу 5,54 Mb.
бет5/23
Дата25.11.2017
өлшемі5,54 Mb.
#1684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Zoom (Масштаб) құралы. Photoshopта Zoom (Масштаб) құралы орналасқан. Бұл құралды саймандар панелінің төменгі тұсында ұлғайтқыш әйнек суреті арқылы табуға болады. Суретте көрсетілгендей бұл құрал бейненің масштабтық өлшемдерін басқаруға мүмкіндік береді. Масштаб арқылы ұлғайтқанда сізге ол үлкен суретке айналғандай болады, бірақ негізінде оның өлшемі өзгермейді. Құралдар панеліндегі Zoom (Масштаб) құралын тауып оны шертеміз. Тышқан көрсеткішіндегі ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» белгісі құралдың бейнені ұлғайтуға дайын екендігін білдіреді. Терезенің ортасына «қосуды» орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бассақ дене 100-ден 200 % ға дейін үлкейді. Е Егер батырманы қайта басатын болсақ енді бейне 300%-ға ұлғаяды.

Батырмадағы «қосу» батырмасын баса беру арқылы бейнені 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 1200, 1600%-ға дейін үлкейте аламыз. 1600%-тік үлкею бейненің шекті ұлғаюы болып саналады. Alt пернесін басқанда ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» таңбасы «азайту» таңбасына айналады. Енді құралды кішірейту мақсатында қолданамыз. Ұлғайған бейнелерді «азайту» таңбасымен қайтадан бастапқы масштабы 100%-дық қалпына келтіре аламыз.

Масштабты қолдана отырып өңдеп жатқан бейненің кем-кетіктерін түзеуге, бейнені жіті бағдарлауға таптырмас құрал болып табылады. Сондай-ақ масштабты қолдануда Ctrl пернесін «+» немесе «−» таңбасымен қосып басу арқылы уақыт ұта аламыз. Мұнда Ctrl+«+» ұлғайтуды, ал Ctrl+«−» кішірейтуді білдіреді.

Осы масштаб командасын Z пернесі арқылы шақыра аламыз.

Терезені үлкейту үшін оның жиектеріне тышқан курсорын апарып, бағдарша пайда болған кезде оны созып үлкейтуімізге немесе кішірейтуімізге болады.

Adobe Photoshop программасы суреттермен жұмыс жасағанда кейбір күрделі жұмыстарды жедел орындауға мүмкіндік береді. Оның бас мәзір (меню) қатарында File (Файл), Edit (Редакторлау), Image (Көрініс), Layer (Қабат), Select (Белгілеу), Filter (Фильтр), View (Түр), Window (Терезе), Help (Көмек) командалық бөлімдері орналасқан.

Палитралар тобы жұмыс үстелінің сол жақ қапталында, ал саймандар панелі оң жақ қапталда орналасады. Программаның басқарушы элементтері палитраларда тұрады. Мысалы көп қолданылатын Color (Түс), Layers (Қабаттар) секілді функциялары осында жинақталған. Жұмыс барысында суреттерді Файл→Ашу командасымен жұмыс үстеліне шығарып аламыз.

Adobe Photoshop программасы ескірген, әрі бетінің әрі кеткен фотосуреттерді түрлі-түсті етіп сурет бейнелерін қалпына келтіреді. Бірнеше суреттегі керекті бейнелерді бір сурет ішіне орналастыруға, сурет жиектерін қаламмен өрнектегендей етуге, фотосуреттерді қолмен салынған суретке айналдыруға,мөлдір жазулар жазуға сондай-ақ жазылған мәтіннен жалын шығарып қоюға да болады. Бұл Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктерінің бірегейі ғана. Сурет өңіне жарықтандырғыштар арқылы қошқыл, күңгірт суреттер анық етіліп шығарылады.

Қарапайым қолданылыста Adobe Photoshop, Corell Draw, Adobe Illustrator программалары кеңінен таралған. Adobe Photoshop программасында Adobe ImageReady қосымшасы болады.
Бақылау жұмысы:


  1. Программа интерфейсі дегеніміз не?

  2. Файлдарды жүктеу мен импорттау қалай жүргізіледі?

  3. Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандарын ата?

  4. Құралдар палитрасы?

  5. Масштабты қай кезде пайдаланады?


Дәріс №9. Adobe Illustrator программасының интерфейсі


  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі

  2. Жаңа құжат құру

  3. Illustrator редакторының құралдары

Adobe фирмасының Illustrator программасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.

Бұл программа векторлық графика программаларының ішіндегі жалпылама мойындалған бүкіл әлемдік көсбасшы болып табылады. Профессионалдардың өздері де көбінесе осы программамен жұмыс жасайды. Оның ерекше қасиеті – Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен бірге аяқталған полиграфиялық компьютерлік таралымдар мен күрделі құжаттарды өңдеуге арналған жеткілікті үштік қосымша құруында. Бұл үштік бірдей стильде орындалған, ұқсас интерфейстер мен құралдарды пайдаланады, бірдей тәсілдер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді және өзара объектілерді қатесіз импорттау мен экспорттайды. Adobe Illustrator 7.0 –дің қосымша қасиеті – бұл редактордың орыс тіліндегі версиясының болуында.

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.

Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.

Түстерді басқару механизмі экрандық құжатты баспаға шығарғанда экрандағы түстер де шығарылады деп кепілдік береді. Adobe Illustrator басып шығару үшін керемет мүмкіндіктер береді. Программаның негізгі басқару элементтері меню қатарында, құрал-саймандар панелі мен құрал-саймандық палитраларда топтастырылған. Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы құрайды.

Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.

2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.

3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.



4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған.

Illustrator редакторының құралдары. Құрал –саймандар панелі суреттер мен бейнелерді түзудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар панелі біріктірілген бес белгілер тобынан тұрады.

  1. Бірінші топқа объектілерді ерекшелеуге арналған құралдар белгісі кіреді. Ерекшелеу (Выделение) құралымен объектіні түгелдей ерекшелейді (бұл үшін контурды шерту немесе ерекшеленетін объекттің айналасында рамка жүргізу керек). Бөлікпен ерекшелеу (Частичное выделение) құралымен контурдың бір бөлігін ерекшелейді, мысалы, сегменттердің біреуін немесе бір тірек нүктесін. SHIFT пернесін басып тұрып бұл құралдың көмегімен бірнеше объектілерді немесе оның элементтерін таңдайды.

  2. Сурет салуға арналған құралдар тобына Эллипс және Тіктөртбұрыш сияқты дәстүрлі құралдар кіреді. Қарындаш құралы кәдімгі формадағы контурларды түзу үшін қызмет етеді. Перо – программаның негізгі құралы. Ол түзусызықты және қисықсызықты сегменттерді түзуге арналған. Текст құралын текстілік объектілерді түзу үшін қолданады. Қайшы құралының да ролі өте маңызды. Ол контурларды бөлу үшін өте қажет. Контурдың шертілген аймақтарында қосарланған соңғы нүктелер пайда болады да ағымдағы контур тәуелсіз объектілерге ыдырайды.

  3. Үшінші топтың құралдары ерекшеленген аймақтарды манипуляциялау үшін қажет. Бұру (Поворот), Көлбеу (Наклон), Өлшем (Размер) және Айна (Зеркало) құралдарының атқаратын қызметі аттарынан – ақ белгілі.

  4. Төртінші топ құралдарына Айналдыру (Превращение) және Диаграмма жатады. Айналдыру құралдары объектілерді трансформалауға арналған альтернативті топтар (бір формадағы объектіні екінші формадағы объектіге барлық аралық объектілерді сақтау арқылы айналдыру). Диаграмма құралы ісмер графиканың диаграмма құруға арналған альтернативті тобын құрайды.

  5. Соңғы топты қарауды басқаруға арналған қосымша құралдар құрайды (Масштаб, Қол, Сызғыш), үлгі бойынша түс таңдау (Пипетка), сондай-ақ құюға арналған құралдар (Заливка және градиент).


Бақылау жұмысы:

  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі дегеніміз не?

  2. Жаңа құжат құру жолдарын ата?

  3. Illustrator редакторының құралдары қандай?


Тәжірибелік сабақ №1.

Adobe Illustrator программасының интерфейсімен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты: Adobe Illustrator программасын пайдаланы жаңа құжаттар құру және құралдарды тиімді пайдалану.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.
Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.

Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.

Түстерді басқару механизмі экрандық құжатты баспаға шығарғанда экрандағы түстер де шығарылады деп кепілдік береді. Adobe Illustrator басып шығару үшін керемет мүмкіндіктер береді. Программаның негізгі басқару элементтері меню қатарында, құрал-саймандар панелі мен құрал-саймандық палитраларда топтастырылған. Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы құрайды.

Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.

2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.

3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.

4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған

Тапсырмалар:


  1. Adobe Photoshop программасын жіберіп, skull.tif және Big sky.tif файлдарын ашыңыз(Файл\Ашу).

  2. Big sky.tif динамикалық диапозон бейнесін жақсартыңыз(Бейне\Коррекция\Деңгей\Авто).

  3. Skull.tif файлындағы Көпбұрышты Лассо құралын таңдап бассүйектің жіберуін орындаңыз.

  4. Skull.tif бейнесін жіберу контурына канал жаратыңыз. Ол үшін канал палитрінде жаңа канал контурын сақтау кнопкасына шертіңіз.

  5. Бөліп шығарған бассүйек динамикалық диапозон бейнесін жақсартыңыз.

  6. 0,5 коэффициентін беріп, бөліп шығарған бассүйек бейнесінің гамма-коррекциясын орындаңыз(Бейне\Коррекция\Деңгей).

  7. Бөліп шығарған бассүйек бейнесіне өте жоғарғы резкості сүзгіш қолданыңыз.

  8. Бассүйек бейнесін Айырбастыру буферіне көшіріп алыңыз.

  9. Skull.tif –тан бассүйек бейнесіне жабыстырыңыз.

  10. Қабат палитрінде жаңа қабаттың 50 процентіне деңгей орналастырыңыз.

  11. Қабаттар палитріндегі ашылушы тізім арқасында бірлесуді эксперименттеп көріңіз.

  12. Бөлек қабатқа бұлттармен және бассүйекпен әртүрлі сүзгіш жұмыстарын қолданып көріңіз.


Дәріс №11. Құрал – саймандар палитрасы
1. Adobe Illustrator векторлы редакторындағы палитралар.

2. Палитралар функциялары


Adobe Photoshop растрлы редакторындағыдай Adobe Illustrator векторлы редакторында да палитралар – сұхбат терезелерінің ерекше түрі қолданылады. Палитралар негізгі құралдар әсерін келтіруге қызмет етеді. Басқару элементтері басқа векторлық редакторларда да бар. Мысалы, Macromedia Freehand программасында бұл функцияларды арнайы инспектор деп аталатын сұхбат терезелері орындайды, ал Corel Draw программасында оларды Свитка, Скатка немесе Roll Up – терезелері деп атайды.

  1. Adobe Illustrator векторлық редакторында 13 палитра бар. Әрине ешқандай жұмыс үшін барлық палитраларды біруақытта экранда сақтаудың еш қажеті жоқ. Палитраларды жасыру кнопкасын шертіп жасырады немесе жабу кнопкасын шертіп жабады.

  2. Барлық ашылған палитраларды құралдар панельдерімен қоса ТАВ пернесі арқылы уақытша жасыруға болады. Осы пернені қайта басу арқылы палитраларды экранға қайта шығарады. Палитраларды жасырып, құралдар панелін қалдыру үшін SHIFT+ ТАВ пернелік комбинациясын қолданады.

  3. палитра графикамен жұмыс жасауға арналған (Сызық, Синтез, Каталог, Градиент, Трансформалау, Түзету, Атрибуттар және Қабаттар). Бұл палитралар Терезе менюіндегі Көрсету (Показать) пункті арқылы ашылады.

  4. палитра текстік объектілермен жұмыс жасауға арналған (Символ, Абзац, ММ – дизайн және табуляция сызғышы). Бұл палитраларды Текст менюіндегі сәйкесінше пункттерді қосу арқылы ашады.

  5. Инфо ақпараттық палитрасын графикамен де текстпен де жұмыс істеуде қолданады. Оны Терезе менюінде Көрсету командасымен ашады.

  6. Кейбір палитралар үшбұрышты стрелкалы кнопкаларға ие, олар қосымша контексті менюді ашу үшін қолданылады және олардың көмегімен палитралардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.

  7. Кейбір палитралардың командалық кнопкалары және басқа басқару элементтері болады. Олардың мәнін керекті элементте тышқан көрсеткішін ұстау кезінде пайда болатын көмекші сөздер айқындайды.

Палитралар функциялары. Практикада векторлық иллюстрацияларды құруда ең көп қолданылатын палитралар Сызық, Каталог және Синтез болып табылады.

  1. Сызық палитрасы контурлардың қасиеттерін сипаттайды.

  2. Қалыңдық (Толщина) өрісінде берілген мән сызықтың қалыңдығын анықтайды және пункттермен өлшенеді (пунк – бұл милиметрдің 1/3 бөлігі). Соңы (Концы) параметрлері контурдың соңындағы тірек нүктелерін безендіру әдістерін анықтайды, ал Стыки параметрі – аралық тірек нүктелерінің қасиеттерін анықтайды.

3. Тірек нүктелерінің екі түрі бар: тегіс және бұрыштық. Олар тірек нүктелерінде екі сегмент қиылысқанда әр түрлі болады. Тегіс тірек нүктелері қисықтың басқа қисыққа жайлап ауысын қамтамасыз етеді. Бұрыштық нүктелер мұны қамтамасыз етпейді.

4. Қажеттілігіне қарай сызықты пунктирлі және штрих пунктирлі етіп жасауға болады. Бұл үшін Пунктирлі жалаушасы орнатылады. Сызық параметрлерін Штрих және Зазор өрісінде береді.

5. Каталог палитрасы дайын үлгілерден контур заливкасының параметрлерін жылдам таңдау үшін қызмет етеді.

6. Палитраның төменгі бөлігінде командалық кнопкалармен қажетті келесі үлгілер тобы таңдалады: түс үлгілері, градиент пен орнамент үлгілері.

7. Жаңа үлгі (Новый образец) кнопкасымен суреттің ағымдағы негізгі түсімен бірдей жаңа түс үлгісін жасайды. Ағымдағы түсті таңдауды Синтез палитрасында орындайды. Түсті келтіруді ситнезбен бірнеше құраушылар арқылы орындайды. Егер де түс компоненттерінің сандық мәні белгілі болса, оларды сәйкес өрістерге енгізуге болады. Егер компоненттер белгісіз болса, түсті ауыстыру арқылы келтіреді.

8. Түстік модельді таңдау қосымша терезеде үшбұрышты стелкалы кнопканы шерткенде ашылады.



Инфо – көрсеткіш координаталарын объектілердің сызықтық және бұрыштық өлшемдерін және басқа да сандық берілгендерді көрсетеді.

Сызық – параметрлерді және басқа да контур қасиеттерін беруге арналған басқару элементтерін құрайды.

Каталог – негізгі түстердің үлгілерінің жинағын текстуралық өрнектер мен заливка параметрлерін беруге арналған градиент толтырғыштар, сондай-ақ жаңа және дайын үлгілерді редактрлеуге арналған басқару элементтерін құрайды.

Градиент – контурдың градиентті заливкасының параметрлерін өзгертетін басқару элементтерін құрайды.

Қабаттар – жаңа қабат түзуге және қабаттар арасындағы өтуді басқаруға мүмкіндік береді.

Символ – шрифт таңдауға және оның параметрлерін келтіруге арналған кәдімгі құрал.

Табуляция сызғышы – табуляцияланған текстпен жұмыс істеуге арналған.

Дәріс №12. Суреттерді қалпына келтіру
1. Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жлғалған фрагменттерді қалпына келтіру.

2. Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру.


Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жоғалған фрагменттерді қалпына келтіру. Фотосуреттерде және сканермен енгізілген бейнелерде әр түрлі техникалық ақаулар : дақтар, кірлеген жерлер өте жиі кездеседі. Бұл ақауларды міндетті түрде жасыру қажет. Сондай-ақ түсіру кезінде кадрға әр түрлі қажетсіз, суреттің әдемілігін құртатын заттар – трубалар, құбырлар, өткізгіштер, қоқыстар түсіп кететін жағдайлар болады. Осы ақауларды және бөгде объектілерді өшіру Adobe Photoshop – тың арнайы құралдарының көмегімен жүзеге асырылады : Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралы, Pattern Stamp Tool (S) – «Өрнекті штамп» құралы, Healing Brush Tool (J) – «Тірілтуші қылқалам» құралы, Patch Tool (J) – «Жамау» құралы.

Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен өшіру. Егер суреттегі дақ немесе зақымдалған сияқты ақауларды жасыру немесе бейнедегі бөгде заттарды өшіру керек болса Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралын қолданудан артығы жоқ. Ол ақаулы бөлікті дәл сол бейнедегі жақын жатқан аймақтардың фрагменттерімен білінбейтіндей етіп ауыстырады. Бұл құрал келесі үлгіде жұмыс жасайды. Алдымен клондалатын бейненің фрагментінен тышқанды шерту арқылы үлгі алынады. Сонан соң қылқаламның көмегімен алынған үлгідегі бейненің ақауы бар бөлігі боялады.

Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен қалпына келтіру. Фотосуреттегі ақаулар мен керексіз объектілерді өшіру мен жасырудан бөлек «Клондаушы штамп» құралымен бейненің жетіспейтін элементтерін қалпына келтіруге болады. Жұмысқа кіріспес бұрын қажетті объект ерекшеленеді, сонан соң құралдар панелінен «Клондаушы штамп» құралы таңдалады. Клондау үшін жұмсақ қылқалам пайдаланылады. Клондалатын объект үшін үлгі алынады және ұқсас түстер мен жақын жатқан бөліктерден қиындылар алынады. Тышқан көмегімен клондалатын облыстың центрі белгіленеді. әрі қарай тышқан көрсеткішімен үлгілер бейнеге көшіріліп, сурет қалпына келтіріледі. Егер суретті қалпына келтіруде қателік жіберілген болса, қайтару командасын беру арқылы түзутуге немесе қайта орындауға болады.

Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру. Жоғарыда айтылғандай бейне фрагменттерін қалпына келтіруді тек «Клондаушы штамп» құралымен ғана емес Patch Tool (J) – «Жамау» құралының көмегімен де орындауға болады. Клондаушы штампқа ұқсас бұл құрал да фотосуреттің көрсетілген фрагментін бейненің басқа жеріне көшіреді, бірақ ол мұны қылқаламмен емес, аймақты ерекшелеу және оны жаңа орынға көшіру жолымен жасайды. Яғни құралдың аты айтып тұрғандай мұнда негізінен бейнені жамау арқылы қалпына келтіреді. Зақымдалған немесе жетіспейтін бөлікті ұқсас объектілерден көшірілген жамауларды, фрагменттерді әкеліп орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Бұл әдістің бір ерекшілігі – жамау ретінде тек суреттердің фрагменттері ғана емес, аймақты ерекшелегеннен кейін палитрадан таңдалатын өрнектерді де қолдану мүмкіндігі.

Stamp Tool (S)«Өрнекті штамп» құралының көмегімен бейненің элементтерін өшіру.





Дәріс №13. Фотобейнелерді коррекциялау


  1. Тондық диапозонды келтіру

  2. Тондық коррекция

  3. Динамикалық диапозон

  4. Гамма-коррекция

Adobe Photoshop программасы фотобейнелердің сапасын жақсарту және олардың кемшіліктерін жою үшін арналған әртүрлі мүмкіндіктерге ие. Осының көмегімен бейнені ақшылдатуға, қаралатуға, қанықтығын арттыруға, түстер коррекциясын келтіруге, көлеңкелерді жұмсартуға, беттегі әжімдерді жазуға, «қызыл көз» эффектісін болдырмауға, жаралар мен басқа да бүлінген аймақтарды жасыруға және басқа көптеген коррекциялау операциялары мен фотосуреттерді өңдеуге болады.

Тондық диапазонды келтіру. Суреттер мен түсті иллюстрацияларды сканер арқылы енгізген кезде бейнелер әрқашанда сапалы болып шыға бермейді. Сандық фотокамералар арқылы алынған суреттерде де әр түрлі дефектілер болады, бұлар түстік және тонды баланстардың бұзылуының нәтижесі. Мұндай жағдайларда ең бірінші кезекте бейненің тонды диапазонын коррекциялау қажет. Бұнда түс берілуі де автоматты түрде жөнделеді.

Гистограммадағы қара және ақ түсті нүктелерді анықтау арқылы тондық диапазонды коррекциялау. Кез-келген бейненің тонды балансынаң объективті сипаттамасы болып гистограмма табылады.

Осы палитраны Navigator /Info/ Histogram (Навигатор/ Информация/ Гистограмма) терезесінде көрсету үшін тышқанды Histogram (Гистограмма) жарлығында шерту керек. Егер көрсетілген терезе экранда болмаса, меню қатарынан Window → Histogram (Терезе →Гистограмма) командасын таңдау қажет.

Гистограмма – бұл бейнедегі пиксельдердің жарықтылық деңгейін орналастыру графигі. Гистограмманың горизонталь осі бойынша ашықтылық көрсеткіші 0 (нөлден) 255-ке дейін қойылған. Ең қара түстер оң жаққа, ал ең жарық түстер оң жаққа орналастырылған.

Гистограмманың көмегімен бейненің тонды балансын объективті бағалап, қажетті коррекцияны көрсетуге болады. Егер де гистограммадағы пиксельдер бүкіл тондық диапазонда графиктің сол жағынан оң жағына дейін бірдей, тең болып орналасса, онда мұндай бейненің сапасы жақсы және ондағы қара, жарық және орташа тондар өңделіп, біркелкі жайғастырылған.

Егер негізгі пиксель массасы гистограмманың сол жағына қарай жақын орналасса, ал оң жағында пиксель болмаса, онда бейне шамадан тыс қара түсті болады. Ал егер пиксельдер графиктің оң жағына шоғырланса, сол жақта пиксель мүлдем болмаса, бейне өте ашық түсті болады.

Осы жағдайларда, яғни тондық баланс бұзылғанда тондық диапазонның коррекциясы өте қажет болады, ол Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде орындалады.



Меню қатарынан Image → Adjustments → Levels (Бейне→Коррекция→Деңгейлер) командасын таңдап немесе Ctrl+ L пернелік комбинациясын теру керек. Экранда Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі пайда болады (3-сурет).

3-сурет. Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі
Бұл терезеде де пиксельдердің ашықтылық деңгейінің графигі бар. Бірақ мұнда графикте 3 үшбұрыш бар : қара – сол жақта, күлгін – ортасында, ақ – оң жақта. Қара үшбұрыштың гистограмманың сол жағында орналасуы ашықтылықтың сандық мәнін анықтайды. Үнсіз келісім бойынша бұл мән 0 (нөлге) тең. Ақ түсті үшбұрыштың оң жақта орналасуы оң жақ енгізу өрісі Input Levels (Енгізу деңгейі) мәніне сеәкес -255. күлгін үшбұрыштың орналасуы 1- ге тең. Осы үшбұрыштар түстердің сәйкестену коэффициенті мен бейненің гаммасын реттейді.

Гистограмманың жиегіндегі қара және ақ үшбұрыштар сәйкесінше қара және ақ нүктелерді белгілейді. Яғни бейненің ең қара және ең ашық бөліктерін тонды коррекцияның ең бірінші қадамы жаңадан ақ және қара нүктелерге орнату болып табылады.

Ақ және қара түсті нүктелерді орнату әр түрлі әдістермен орындалуы мүмкін. Солардың біреуі – гистограмманың көмегімен орындалады және тондық диапазонның шектері болып табылатын ақ және қара үшбұрыштарды ауыстыру. Орын ауыстырғаннан кейін үшбұрыштар қандай пиксельдерді көрсетсе, сәйкесінше сол пиксельдер қара және ақ түске боялады. Басқа пиксельдердің ашықтылығы пропорционал өзгертіліп, бұл жалпы түстік баланстың сақталуына көмек береді.

Үнсіз келісім бойынша орнатылған Preview (Алдын-ала көру) жалаушасында сұхбат терезесінде орындалған коррекцияның барлық нәтижелері бірден құжат терезесінде көрінетін болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде тондық диапазонды дайындауда үнсіз келісім бойынша RGB каналдары да коррекцияланады. Ашылатын тізім Channel (Канал) көмегімен коррекция үшін кез-келген каналдардың біреуін –Red (қызыл), Green (жасыл), Blue (көк) таңдап алуға болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі ок кнопкасын басу арқылы жабылады.



жүктеу 5,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау