3. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арт-тырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін мең-геру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі үдерістің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарғабайланысты болып келеді.
1.Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетініңерекшеліктеріне сай қолдану.
2.Қолда бар нақтылы көрнекі жәнетехника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3.Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептеріндеоқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептеріндемектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайыменбайланыстыру.
4.Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіпе тікелейбайланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
Дәріс 13. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде
Жоспары: Оқыту құралдары түсінік.
ТПҮ-тегі оқыту құралдары – іс-әрекеттің түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас).
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысының ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, мынақтар, консультация, емтихан, факультативті сабақтар.
Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б. оқушылардың оқу және оқудан тыс танымдық іс-әрекеттерін үйлестіру.
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сндықтан ол күрделі және жауапты кезенң, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жкақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу үдерісінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, ұй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарые, т.б жатқызады.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаңан жөн:
Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен үштастыру;
Тиісті тныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ыеталандырып, ілтипат аудару;
Сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
Қажетсіз мағлұматтарданг сақтанып, баланын ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |