Оқыту технологиясына тән белгiлер:
Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт).
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы).
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тексеруге болатындығы).
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Технологияның түрлерiн саралауда да түрлi бағыттар қатар орын алып отыр.
Ростов мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы В.Т.Фоменко [7] педтехнологияларды өзгеше топтастырады. Ол технологияларды қолдану деңгейiне қарай, философиялық негiзiне қарай, жетекшi факторына қарай топтастырады. Ал тәжiрибенi меңгертудiң ғылыми негiздемеciне сай педтехнологиялар ассоциациялық-рефлекторлық, бихевиористикалық-гештальдық, дамытушылық деп те жiктеледi. Ал осы педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко[8] оны былайша топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпы педагогикалық, жеке пәндiк, модульдiк, әдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). Академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту».
Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Педагогикалық технологияның принциптiк екi ерекшелiгi ретiнде, бiрiншiден, оның көздеген нәтижеге жетудiң кепiлдiгi екендiгiн, екiншiден, оның болашақ оқу процесiнiң жобасы түрiнде сипатталатынын атап айтуға болады.
Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылық еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында оқыту формасын, әдiстерiн, технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағидасы бекiтiлген, бұл бiлiм мекемелерiнiң мұғалiмдерiне, педагогтарына өзiне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдiстi кез-келген үлгiмен, тiптi авторлық үлгiмен құруға мүмкiндiк беретiндiктен оқу үрдiсiн қайта жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негiзгi тiрегi болып табылады. Ол идея мынадай мазмұндық бiрлiктерден құралады:
оқытудың жалпы мақсаты;
жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;
оқушылардың бiлiм деңгейiн алдын-ала (диагностикалық бағалау);
оқу әрекетiнiң жиынтығы;
нәтиженi бағалау.
Мұғалімнің шеберлігін арттыруда, бiлiм сапасының күшейуі берiлетiн бiлiмнiң түпкi нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиiмдi технологияларды пайдалануымен айқындалады.
Қазiргi бiлiм беру жүйесiне лайық технологияларды iрiктеудiң критериийлерi оқытудың жаңа талаптарымен сәйкес анықталды. Зерттеу нәтижесiнде оқыту технологияларын iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай
Достарыңызбен бөлісу: |