Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Журналистика кафедрасы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
«Журналистика» мамандығы бойынша
Павлодар
2015
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 5В050400 «Журналистика» бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
(бұдан әрі – шығармашылық емтихандар) С. Торайғыров атындағы ПМУде шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін өткізіледі.
2. С. Торайғыров атындағы ПМУ Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібін анықтайды.
3. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.
4. Шығармашылық емтихандарды С. Торайғыров атындағы ПМУдың қабылдау комиссиясы өткізеді.
5. Әрбір мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.
6. Шығармашылық емтихандар 2014 ж 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
7. Мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.
8. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы С. Торайғыров атындағы ПМУ ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.
9. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
10. С. Торайғыров атындағы ПМУ өткізетін шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны – 10 балл.
11. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.
2. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі
12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.
15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.
17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады.
18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.
19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
емтихан алушының көрсеткен орынға отыру;
тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
21. Осы қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.
22. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
23. Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
- талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
- төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).
24. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі.
25. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
26. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
27. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.
28. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.
29. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
30. Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.
31. Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5 % қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.
32. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.
33. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.
34. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
35. Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы С. Торайғыров атындағы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
36. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
37. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.
38. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
39. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар тестілеудің екі пәнінің ұпайы есептеледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.
5В050400 «Журналистика» - бакалавр,
мамандығы бойынша шығармашылық қабылдау
емтиханнын қабылдау
Түсініктеме хат
Жоғарғы оқу орнына қабылдау Ережесіне орай аталған мамандық бойынша 1 шығармашылық емтихан қарастырылған. Олар:
кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу;
публицистикалық тұрғыдағы жанрлардың біріне шығарма жазу;
Бұл емтихандардың жиынтығы талапкердің таңдаған мамандығына байланысты дайындығын тексеріп, олардың ақпараттық сөйлеу мәдениеті мен әдеби-шығармашылық мүмкіншілік дәрежесін анықтауға тиісті.
Сондықтан «кәсіпке жарамдылығын анықтау» деген алғашқы емтихан, талапкердің тіл нормаларын қай дәрежеде игергенін, тілдік қоры мен ақпаратпен жұмыс істей алу (негізгі ойларды қалыптастырып, басты сөздерді көрсете алуы мәтін мазмұнын сақтап, байланыстыра білуі) қабілетін айқындайды.
Ал, «публицистикалық тұрғыдағы жанрлардың біріне шығарма жазу» атты екінші емтихан болса, сөйлеу қабілеттілігінің ерекшелігін көрсетумен қатар, талапкердің берілген тапсырманың мәтінін құруға икемділігін, сондай-ақ экспресивті тіл құралдары көмегімен мазмұнды да жеткізе білу өресін анықтайды.
Талапкерге шығармашылық түсу емтихандарын тапсыру үшін қажетті білім өлшемі
Мемлекеттік стандарт және түпкілікті бағдарлама бойынша қазақ тілінен мемлекеттік тілде оқитын талапкер білуге тиісті:
грамматикалық нормалары және қатесіз жазу;
қазақ тілінің стилистикалық жүйесін (стильдер мен сөйлеу түрлері), адамдардын қарым-қатынасындағы түрлі саладағы тілдік пайдалану ерекшеліктерін білу;
публицистикалық стильдің негізгі сипаттары мен жанрларын (репортаж, сұхбат, эссе, очерк,рецензия және т.б.) ажырата алу;
қазақ тілінің синонимдік байлығын, тілдік көркемдік ерекшеліктерін түсіну;
мәтіннің жанрын, оның композициясын анықтай алуы;
кәсіпке жарамдылығын дәлелдеу;
өзі таңдаған мамандық туралы түсінік беру;
шығармашылық қабілетінің жоғары екендігін дәлелдеу.
Талапкер білуге тиіс
мәтінмен жұмыс істей білу қабілетін көрсету (мәтіннің тақырыбы мен басты ойын анықтау, тілдік бірліктердің қалпы мен мазмұнын нақтылау, мазмұнын қарастыру, мәтінге сұрақтар дайындау және т.б.)
мәтіннің желісін ашатын анықтамаларды түсіндіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолдана білу;
сөздің-суреттеу, баяндау және талдау сияқты мазмұндық функцияларын анықтап, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
мәтіннің қаңдай да бір стильге қатысын тілдік стильдік ерекшелігіне қарай анықтау;
ұсынылған мәтінді егер оның көлемі сәйкес келсе, жанры бойынша сипаттау;
публицистикалық стильдегі әр жанрда нақты бір тақырыпқа мәтін құру, яғни өмірлік тәжірибе негізінде алынған жеке әсер бойынша шағын шығарма жазу.
3 . Емтихан алдыңдағы сабақтардың-консультациялардың мазмұны
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Сабақтың түрі
|
Ескерту (оқу ісі)
|
1
|
Қазақ тілінің стилистикалық жүйесі. Стилистика: Стиль және синонимнің негізгі түсініктері
|
1
|
Дәріс
|
Кестелер
|
2
|
Мәтін - сөйлеу құралының бірлігі ретінде
|
1
|
Тәжірибе
|
Мәтіндерді моделдеу
|
3
|
Публицистикалық стиьль, оның сипаты
|
1
|
Дәріс
|
Стильдің анықтамасы
|
4
|
Публицистикалық стильдің жанрлық дәстүрлілігі. Қазіргі газет-жанрларының мысалдары
|
1
|
Тәжірибе
|
Газетпен жұмыс
|
5
|
Репортаж, сұхбат,суреттеме. Мектап шығармаларындағы жарияланымның үлгілері.
|
1
|
Тәжірибе
|
Шығарма үлгілеріне талдау жасау
|
6
|
Жазбаша тексеру: берілген тапсырма бойынша шағын мәтін құрау
|
1
|
Тәжірибе
|
Өзіндік жұмыс
|
7
|
Кесте бойынша ұсынылған мәтіндерге жан-жақты талдау
|
1
|
Дәріс
|
Ұжымдық жұмыс
|
4. Бірінші шығармашылық емтиханды тапсыру үшін әдістемелік көрсеткіш
4.1 Публицистикалық стиль жанрында шығарма жазу. Жұмысқа қойылатын талап:
- мәтін көлемі 2-3 беттен аспауы керек;
-таңдап алуға ұсынылатын тақырып саны 3-4, бұл шығарманың мазмұнын толық ашуға мүмкіндік береді;
- шығарманың ең басты сипаты-мазмұн мен тілдік және жанр мен композиция бірлігі, тақырыптың мәтінге сай болуы.
Жұмыс мына ретпен орындалады: тақырып таңдау мен оны ой таразысынан өткізу: мақсатты анықтау (проблемаларды);
тақырыпты толық және жан-жақты ашатын жанрды іздеу; мазмұнның логикасын жоспарлау (жоспар, егер ол авторға қажет болса).
шығарманы жоспар бойынша жазу;
мәтінді стилистикалық өңдеу (түзету).
4.2 Шығармаға қойылатын бағаның өлшемдері.
Балллдардың жоғарғы шегі-25, оның ішінде:
қойылған проблеманың өзектілігіне-5;
- публицистикалық стильдің тіліне қойылатын талапты сақтағаны үшін -5;
- мәтіннің жарнрлық ерекшелігіне -5;
-мазмұнның логикасына -5;
-сауаттылығы - 5;
4.2 Шығарма тақырыптарының үлгілері:
І
ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Ерлердің ісі бітер ме?
Әлем-театр... Мен онда кіммін?
Ар -намыс хақында.
ІІ
Президент Жолдауын оқи отырып...
Ең керемет мамандық.
Қызым, саған айтамын.
Ғасыр .
ІІІ
Менің ауылым.
Қ.Мырза Әли қазақ лирикасына не қосты?
Ертіс жағасында.
Өз-өзіңді жеңе білу - үлкен іс.
IV
Балалық шақтың балғын елестері.
Ұмытылмас кездесу.
Менің сүйікті басылымым.Соңғы қоңырау
V
Қыл қалам шебері (өзіңіз білетін бір тұлға хақында)
Тәуелсіздік тарландары
Ең ардақты адамым.
Өмір мектебі.
VI
Зар заман шындығы.
Күш атасы - Қажымұрат.
Жұлдыздай жарқыраған «Super Star KZ.» өнарпаздары.
Отан тыныштығы - Отбасы бірлігі.
VII
Тәні саудың жаны сау.
Өнерпаз болсаң арқалан...
Ұлттық тіл мен ұлттық діл.
Террорлыққа орын жоқ!
VIII
ХХІ ғасыр адамы.
Заманымыздың заңғар ғұламасы (Ә. Марғұлан жайында).
Қазақстан тәуелсіздігіне жиырма жыл.
Мен, қазақ, қазақпын деп, мақтанамын!
IX
Махаббат пенен достық – ғұмырдың қос желкені.
Ұлы адамның ұлағатты мұрасы (Қ. И. Сәтбаев жайында).
Мен оқыған мектеп.
Абай – қазақтың бас ақыны.
X
Жас журналист маманның өз кәсібі жайындағы ойтолғанымы.
Астана – бас қала.
Өмір - күрес.
Республика тынысы.
XI
Менің Қазақстаным!
Өмірі де, өнері де өнеге (өзіңіз білетін бір тұлға хақында).
Тәуелсіз елдің ертеңі.
Менің сүйікті шығармам.
XII
Қариялар азайып бара жатыр.
Ауылым – алтын бесігім.
Бас иемін, саған, туған тілім.
Көңіл күнделігі.
XIII
Сөз зергері. (С.Сейфуллин шығармашылығы).
Салауатты өмір салты.
Имандылық – адамзат өмірі.
Ұлттық парыз.
XIV
ХХІ ғасыр: мен, болашақ, Қазақстан.
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы басты кейіпкер бейнесі.
Елбасы – тәуелсіздік кепілі.
Журналист болу арманым.
XV
Келешекке кемел біліммен.
«Қымбатты редакция!» Сіздерге хат жолдаушы...
Өнердің пірлі жандары.
Менің Қазақстаным – менің мақтанышым.
Екінші шығармашылық емтихан. Көркем шығармаға лингвоталдау.
Талапкерге ұсынылатын көркем шығармалар.
Талапкерлерге келесі шығармалардан үзінділер ұсынылып, түрлі лингвоталдау жасау тапсырылады.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашатын тілдік бірліктерді анықтау.
Көркем бейнелерді жасаудағы көркемдік құралдар.
Шығарманың көркем тілінің баяндаудағы, суреттеудегі орны.
Жазушы стилінің ерекшеліктері.
1.М.Әуезов «Абай жолы» 1-кітап
2.С.Мұқанов «Өмір мектептері», 1-кітап
3.І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы
4.С.Торайғыров «Айтыс (дала ақыны мен қала ақынының айтысы)» поэмасы
5.Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
6.М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
7.Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі
8.Ш.Мұртаза «Ай мен Айша»
9.Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
10. О.Бөкей «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі
Достарыңызбен бөлісу: |