|
Дәрілік затты медициналық қолдану
|
бет | 4/7 | Дата | 01.03.2023 | өлшемі | 107 Kb. | | #41529 |
| Нұсқаулық Гриппавив Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қарсы көрсетілген.
Парацетамол
Жүкті әйелдер туралы деректердің үлкен көлемі парацетамолда фето және/немесе неонатальді уыттылықтың, сондай—ақ даму ақауларын туындату қабілетінің жоқтығы туралы куәландырады. Парацетамолдың құрсақішілік әсер етуіне ұшыраған балаларда жүйке жүйесінің дамуын эпидемиологиялық зерттеулер сенімсіз нәтижелер көрсетті. Жүктілік кезінде парацетамолды клиникалық қажеттілікке байланысты қабылдауға жол беріледі, дегенмен оны ең төмен тиімді дозада ең қысқа ықтимал мерзімге және ықтимал төмен жиілікпен қабылдаған жөн.
Хлорфенамин
Эпидемиологиялық зерттеулер хлорфенамин ОЖЖ немесе бассүйек аномалияларын және балаларда ісіктердің тарапынан аномалиялардың даму қаупін арттыратынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері сондай-ақ босанғанға дейін соңғы екі апта бойы антигистаминдік препараттарды қолданған соң шала туған балаларда ретролентальді фиброплазияның жоғары қаупін көрсетеді.
Хлорфенаминнің емшек сүтіне бөлініп шығуы туралы деректер жоқ. Препаратты емшек емізу кезеңінде қолданудан аулақ болған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты тіпті тиісті қолданған кезде де реакция жылдамдығы көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті нашарлайтындай деңгейге дейін өзгеруі мүмкін. Ерекше шарада бұл препаратты алкогольмен бірге қолдануға қатысты.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ішке қабылдау үшін.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты күніне 3 рет 2 капсуладан тағайындайды.
Капсулаларды сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қабылдаған жөн.
Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр, бүйрек функциясының бұзылуы, сондай-ақ Жильбер синдромы бар пациенттерде дозаны азайтып, препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттырған жөн.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде Гриппавив препаратын қабылдауға болмайды.
Препаратты ұзақ уақыт бойы және жоғары дозада дәрігердің кеңесінсіз қабылдамаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|