Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Асқазанның босатылуын баяулататын пропантелин сияқты дәрілік заттармен бірге қолдану сіңірілуін төмендетуі, тиісінше, парацетамолдың әсерін баяулатуы мүмкін.
Асқазанның босатылуын жеделдететін препараттармен, мысалы, метоклопрамидпен бір мезгілде қолдану препарат әсерін жылдамдатуы және парацетамолдың уыттылығын күшейтуі мүмкін
Препаратты бір уақытта қолдануға болмайды:
орталық жүйке жүйеге әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттармен, паркинсонға қарсы дәрілермен, психозға қарсы дәрілермен (фенотиазиннің туындылары) – жағымсыз әсерлердің даму қаупі артады (несептің іркілуі, ауыздың құрғауы, іш қату), амфетаминдермен және трициклды антидепрессанттармен – олардың өзекшелік реасорбциясы азаяды;
глюкокортикостероидтармен – глаукоманың даму қаупі артады;
изопреналинмен – оның хронотропты әсері төмендейді;
дифлунисалмен – қан плазмасындағы парацетамолдың концентрациясы 50% артады, оның гепатоуыттылығы күшейеді;
барбитураттармен - парацетамолдың тиімділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді;
микросомальді тотығу тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклды антидепрессанттар, циметидин) – гепатоуытты әсерінің қаупі артады;
ұйықтататындармен немесе транквилизаторлармен – тыныштандыратын әсерінің күшеюі;
МАО тежегіштерінің антихолинергиялық әсерін күшейтеді;
этанолмен – антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері (жедел панкреатиттің дамуы) күшейеді.
Холестирамин парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын азайтады, бұл анальгетикалық әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Варфарин парацетамолмен бірге варфариннің әсерін күшейтеді және қан кету қаупін арттырады.
Парацетамолды хлорамфениколмен қабылдаған кезде плазмадағы соңғысының концентрациясы артады.
Метоклопрамид және домперидон парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын арттырады.
Парацетамол урикозурикалық препараттардың тиімділігін төмендетеді, ал зиновудинмен бір уақытта қолданған кезде нейтропенияның даму қаупін арттырады.
Пробенецид парацетамолдың глюкурон қышқылымен байланысуын бәсеңдетеді және сонысымен парацетамол клиренсінің төмендеуіне әкеледі. Пробенецидпен бір уақытта қолданған кезде препараттың дозасын төмендету қажет.
Салициламидтер препараттың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруын туындатуы мүмкін.
Бауыр ферменттерінің индукциясына әкелетін дәрілік препараттармен бір уақытта қабылдау кезінде сақ болу қажет, себебі бауырға уытты әсерінің қаупі артады.
Теофиллинмен бір уақытта пайдаланған кезде соңғысының шығарылуы баяулауы мүмкін.
Хинолон-карбон типті гираза тежегіштерімен бірге қолдану препарат компоненттерінің шығарылуын төмендетуі мүмкін.
Аскорбин қышқылын бір уақытта қолданған кезде:
пенициллинмен – оның сіңірілуі артады;
гепаринмен және тікелей емес әсер ететін антикоагулянттармен (варфаринмен) – олардың әсері төмендейді;
салицилаттармен - кристаллурияның пайда болу қаупі артады;
пероральді контрацептивтермен – қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы азаяды;
темір препараттарымен – темірдің сіңірілуі артады, бұл оның уыттылығының артуына әкелуі мүмкін;
ацетилсалицил қышқылымен – аскорбин қышқылының сіңірілуі азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |