Дәрілік затты медициналық қолдану


Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар



жүктеу 107 Kb.
бет5/7
Дата01.03.2023
өлшемі107 Kb.
#41529
1   2   3   4   5   6   7
Нұсқаулық Гриппавив

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: препаратпен артық дозалану симптомдары препараттың жеке компоненттерімен артық дозалану кезінде симптомдардың кешені болып табылады.
Парацетамол
Препаратпен артық дозаланудың дамуына едәуір бейім: егде жастағы адамдар; бауыр аурулары бар тұлғалар; созылмалы алкоголизмнен жапа шегетін тұлғалар; созылмалы тамақтану бұзылысы бар тұлғалар; бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларын қабылдайтын тұлғалар. Ұқсас жағдайларда артық дозалану өліммен аяқталуы мүмкін.
24 сағаттың ішінде мынадай симптомдар пайда болады: жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы, тері беткейлерінің бозаңқырлығы және іштің ауыруы. Содан соң бауырдың зақымдануы туралы куәландыратын іштің сақталатын қалыпты ауыруына қарамастан, жағдайдың субъективті жақсаруы болады.
Ересек пациенттерде бір рет қабылдау кезінде парацетамолдың шамамен 6 г және одан жоғары дозада немесе балаларда бір рет қабылдау кезінде дене салмағының 140 мг/кг дозада артық дозалану толықтай қайтымсыз некрозға және кешірек гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздікке, метаболизмдік ацидозға (оның ішінде лактоацидоз) және энцефалопатияға әкелуі мүмкін бауыр жасушаларының некрозына әкеледі. Бұл кейіннен комаға және өлімге әкелуі мүмкін. Бұл ретте қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін тромбопластиндік уақыттың ұзаруымен біріктірілімде бауыр трансаминазалары (АСТ, АЛТ), лактатдегидрогеназа және билирубин концентрациясының артуы байқалады. Бауыр зақымдануының клиникалық симптомдары 2 күннен кейін пайда болады және шегіне 4-6 күннен кейін жетеді.
Бауырдың ауыр зақымдануы тіпті болмаған жағдайда жедел тубулярлы некрозбен жедел бүйрек жеткіліксіздігі орын алуы мүмкін. Парацетамолмен артық дозалану кезінде байқалуы мүмкін бауыр функциясымен байланысты емес басқа симптомдарға миокардтың тарапынан бұзылулар және панкреатит жатады.
Артық дозаланудың шегі балаларда, жүдеу зардабын шегетін пациенттерде төмендетілуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық. Егер клиникалық көрінісі парацетамолмен уыттануды көрсеткен жағдайда, артық дозаланғаннан кейін 8-9 сағаттан соң SH-тобы донаторлары және глутатион-метионин синтезінің ізашарлары және 12 сағаттан соң N-ацетилцистеин енгізіледі. Әріқарай метионин мен N-ацетилцистеин енгізу қажеттілігі қандағы парацетамол концентрациясына, сондай-ақ оны қабылдаудан кейінгі өткен уақытқа қарай анықталады.
Хлорфенамин
Симптомдары: беттің қызаруы, атаксия, мазасыздық, елестеулер, бұлшықет треморы, құрысулар, қарашықтың үлкеюі, ауыздың құрғауы, іш қату және дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін антихолинергиялық синдром. Бұдан әрі орталық жүйке жүйенің тарапынан (елестеулер, координацияның бұзылуы, құрысулар) улану симптомдары байқалуы мүмкін. Аяқтайтын симптомдары кома, тыныс алудың тоқтауы және жүрек-қантамыр коллапсы болып табылады.
Емі: симптоматикалық.
Аскорбин қышқылы
3 г-нан астам аскорбин қышқылын бір рет қабылдағаннан кейін абдоминальді симптоматикамен қатар жүретін транзиторлы осмотикалық диарея дамуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.

жүктеу 107 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау