17
• Қолжетімділік және уәж.
• Онлайн әлеуметтену.
• Ақпаратпен алмасу.
• Білімді қалыптастыру.
• Даму.
Бастапқыда білім алушыға жетекші және сәйкесінше қолдау қажет,
кейін олар оқу ортасымен (контактілік және онлайн) жақынырақ танысады,
басқа тыңдаушылармен байланысады. Кейін жеке оқу және өз уақытын
басқару үшін кеңістік қажет болады, жаңа білім мен дағдыға ие
болғандықтан тыңдаушылар күрделі жаттығулар мен тапсырмалар іздейді.
Тәжірибесі көп және алдағы тренингтерге қатысатын тыңдаушылар
тапсырмалардың ұқсас құрылымдарын кездестіре отырып, барлық
сатылардан тез өтеді немесе кейбіреулерін – әсіресе біріншісін мүлдем тастап
кетеді.
Қашықтықтан оқытатын оқытушылар түрлі рөлдерде таныла алады:
Лектор
Презентатор
Нұсқаушы
Куратор
Комментатор
Бақылаушы
Модератор
Тыңдаушыларды уәждендіру үшін оқытушылар мынадай құралдарды
қолданады:
• Студенттерді бір-бірімен жұмыс істеген кезде көтермелейді;
• Тыңдаушылармен ойынның нақты ережелерін анықтайды және
келіседі;
• Білім алушыларды үнемі ақпараттандырады;
• Жауап беретін уақытты ұстанады;
• Тыңдаушыларға қиын болған жағдайда көмекке жүгінуде
көтермелейді.
KISS – Keep It Short and Simple (Қысқаша және қарапайым) – бұл
оқытушылардың өздерінің тыңдаушыларымен арадағы қарым-қатынастың
кез келген түрі үшін маңызды ереже:
• Электрондық хаттар (email) және хабарламалар түсінікті болуы қажет;
• Тыңдаушылар құралдармен таныс болуы қажет – олай болмаған
жағдайда, оларға қандай да бір құралды қолдану жөніндегі қысқаша
18
нұсқаулықты жіберу қажет.
Оқытушыларды (нұсқаушыларды) ҚО бойынша кәсіби даярлаудың үш
негізгі стилін ажыратады.
А нұсқаушы
Мұндай бағыт негізінде қызмет ететін нұсқаушылар өзінің рөлін оқу
процессін бағыттаушы оқу пәнінің маманы ретінде, оқу жағдайына
қатысушы бедел ретінде және төреші, бағалауды жүргізетін тұлға ретінде
көреді. Бұл тәсіл кезінде нұсқаушы өзіне оқу орны үшін негізгі
жауапкершілікті алады. А стилін иеленген нұсқаушылар мынадай үрдістерге
ие болады:
• Жауап беру
• Дәріс оқу және көрнекілік жасау
• Оқу мақсаттарын қою
• Курстың мазмұнын және оның нысанын жобалау/жоспарлау
• Курсқа қатысты шешімдер қабылдау
• Мазмұндау
• Дұрыс қолданылысын көрсету
• Бағалау және тестілеу жүргізу
Мұндай тәсіл жағдайында әрекет етуші тыңдаушылар нұсқаушыдан
құрылымды ұсынуды, бағытты және дұрыс жауаптарды күтеді.
Тыңдаушылар нұсқаушымен өзара әрекетті жүзеге асырғылары келеді,
сондай-ақ нұсқаушының тарапынан құптауды және кері байланысты күтеді.
Олар өз білімдерін негізінен нұсқаушыдан алуға үміттенеді және білімді өзге
тыңдаушылардан игеруге мүдделі емес.
А стиліне сәйкес кәсіби даярлық ақпаратқа негізделген оқу
жағдайларына жиі қолданылады, мұнда нұсқаушы тыңдаушының қажет
ететін және қалайтын нақты оқу пәні туралы ақпаратқа ғана ие болады. Бұл
стильді әдетте кіріспе курстарда, жаңа жұмыс жағдайында, кейбір
техникалық пәндерде қолданады.
Артықшылықтары
• Қысқа уақыт аралығында үлкен көлемдегі мазмұнды қамти алады;
• Бір уақытта көп көлемдегі тәжірибеленушілермен айналыса алады;
• Тыңдаушыға «дұрыс» жауаптарды нақты және анық жеткізе алады;
• Берілген оқу пәнінен «гуру» типіндегі маманның тәжірибесін
қолданады.
Кемшіліктері
• Нұсқаушылар көп көлемдегі материалдарды «қамти» алатындықтан
(олар туралы айту), бұл стильдің көмегімен адамдардың шындығына
келгенде қаншалықты меңгере алатындықтарын асыра бағалайды;
19
• Нұсқаушының тәжірибесіне тәуелді;
• Тыңдаушының нұсқаушыға тәуелділігін тудыра алады;
• Тыңдаушы оқуды кепілдендіретін мазмұнға жеткілікті белсенді
қызығушылық танытпауы мүмкін.
Б нұсқаушы
Б стилін ұстанатын нұсқаушылар тыңдаушымен бірігіп мақсаттарды
қою және кәсіби даярлықтың құрылымын жасау мақсатында жұмыс
жасайды. Бұл тәсілді қолданатын нұсқаушылар тыңдаушыдан олардың
білімдері мен тәжірибесін кәсіби даярлықтың проблемаларын және
сұрақтарын дұрыс шешуге бағыттауын күтеді. Б стилін ұстанатын
нұсқаушылар мынадай үрдістерге ие болады:
• Оқу бағдарламасының бастапқы құрылымын ұсыну;
• Тыңдаушыларды мақсатты анықтауға немесе түзетуге тарту;
• Мазмұн
сұрақтары
бойынша
шешімдер
қабылдау
үшін
тыңдаушылармен серіктесу;
• Талқылауды жүргізуге ықпал ету;
• Сұрақтар қою;
• Оқу пәні туралы ақпарат беру;
• Кейбір жауаптар мен шешімдер ұсыну;
• Тыңдаушыларды тыңдау және оларды жеке шешімдерді табуда
көтермелеу;
• Тыңдаушыларға игерілген білімді қолдануды жоспарлауға көмектесу.
Тыңдаушылар Б стилін ұстанатын нұсқаушылардан оқу пәніне қатысты
білімнің жеткілікті көлемін игеруін күтеді; алайда олар нұсқаушыдан кәсіби
даярлықтың барлық процессінде тыңдаушының білімі және тәжірибесін
есепке алуын да күтеді. Тыңдаушылар нұсқаушымен және өздерінің
сабақтастарымен өзара әрекеттесуді күтеді. Тыңдаушылар курсты әзірлеуге
үлес қосу және игерілген білімнің маңыздылығына және оны қолдануға
қатысты шешімдер қабылдау мүмкіндігін алуды күтеді.
Б стиліне сәйкес кәсіби даярлық бір «дұрыс» жауап болмаған кезде
және адамдармен қарым-қатынас дағдылары және талдауды, пайымдауды
және басқару дағдыларын талап ететін техникалық дағдылар туралы сөз
болған кезде әсіресе тиімді болады. Басқару аясындағы даярлық,
басшылықтың дағдысы, адамдармен қарым-қатынас дағдылары және
уақытша кестелерді басқару – бұл кәсіби даярлықта осы тәсілге бағынатын
курстар.
Артықшылықтары
• Тыңдаушыларды мақсат пен мазмұнға қатысты шешімдер қабылдау
процессіне тартады, бұл шешімдердің маңыздылығы мен олардың
20
қолданылуын арттыруы мүмкін;
• Нұсқаушыға оқу пәніне қатысты тәжірибені мәжбүрлемей ұсынуға
мүмкіндік береді;
• Тыңдаушылар кәсіби даярлықты жүргізуде белсенді қатысады;
• Тыңдаушылар өздерінің оқуларына үлкен жауапкершілікті алады
және нұсқаушыдан тәуелсіз болып табылады.
Кемшіліктері
• Тыңдаушы мен нұсқаушының өзара әрекеттесу деңгейі үлкен
көлемдегі тыңдаушылардың жұмысына бөгет болады;
• Жетістік топқа көмек көрсетудегі нұсқаушының дағдысына тәуелді
болады; ықпал ету дағдысы оқу пәнінің аясындағы тәжірибеден гөрі
маңызды болып саналады;
• Көп уақытты талап етуі мүмкін.
В нұсқаушы
В стилін ұстанатын нұсқаушылар өздерінің негізгі рөлдерін кәсіби
даярлыққа ықпал ететін адамның рөлі ретінде көреді. Олар кеңесші және
репетитор ретінде жұмыс жасайды. Олар өздерін катализатор ретінде,
тыңдаушылар үшін ресурс ретінде және тіпті оқу тобының мүшесі ретінде
көреді. Нұсқаушы тыңдаушыларды олардың оқудағы қажеттіліктерін
бағалауда және өздерінің оқуларына жауапкершілікті алуда көтермелейді.
Нұсқаушы тыңдаушыға курстың құрылымына және мазмұнына қатысты
сәйкес шешімдер қабылдауға көмектеседі. В стилін ұстанатын нұсқаушылар
мынадай үрдістерге ие болады:
• Талқылауды жүргізуге ықпал ету;
• Шешімдерді талқылауға көмектесу;
• Сұрақтар қою;
• Ұсыныстар беру;
• Қажетті ресурстарды табуға көмектесу;
• Кері байланысты қамтамасыз ету;
• Өздерінің бақылауларымен бөлісу;
• Тыңдау;
• Кеңес беру;
• Жаттықтыру.
Тыңдаушылар бұл бағытта өздерінің мақсаттарын қою мүмкіндігін,
дербес болуын, өзіндік шешім табуды, шешімді қабылдап, меншікті
прогрессті бағалауды күтеді. Олар нұсқаушы оқу үшін ресурс рөлінде
танылады – кеңес береді, тыңдайды, оларды жаттықтырады және кері
байланысты ұсынады деп күтеді. Тыңдаушылар жаңашылдықты бір-бірінен
және нұсқаушыдан білеміз деп күтеді.
21
В стиліне сәйкес кәсіби даярлық тыңдаушылардың айтарлықтай
көлемде білімі мен дағдылары болып, оларды кеңейтуге ұмтылғанда және
оларды жұмыс орындары жағдайында жұмыс істеуге мәжбүрлеуге
уәждендірілген жағдайда қолайлы. Проблемаларды шешумен және
стратегияны құрумен байланысты жағдайлар, әсіресе В стиліне сәйкес кәсіби
даярлық үшін қолданылады. Тыңдаушылар тақырып жайлы салыстырмалы
түрде білген жағдайда немесе бұл тақырыпты зерттеуге өздігінен
бағытталмаған және уәжденбеген жағдайда бұл стильді қолдану қолайсыз
болып саналады.
Артықшылықтары
• Тыңдаушылар нұсқаушыдан тәуелсіз болады және өздерінің оқуларын
қажет болған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңінде нұсқаушының
қатысуынсыз жалғастыра алады;
• Тыңдаушылар сәйкес бейімділікті қамтамасыз ете алады және
өздерінің жағдайларына білім мен дағдыны қолдана алады;
• Даярлық терең және ұласпалы үрдіске ие;
• Біріккен қызмет және шығармашылық үшін мүмкіндіктерді жиі
жасай алады.
Кемшіліктері
• Уақытты көп алады;
• Тыңдаушылар мұны жұмыс істету үшін жеткілікті дәрежеде өздігінен
бағытталмауы мүмкін;
• Тыңдаушы дағды мен білімнің сәйкес көлеміне ие болмаған жағдайда
жұмыс істемейді;
• Тыңдаушы өзге де шұғыл сұрақтармен бөгеліп, оқуға жеткілікті уақыт
бөле алмауы мүмкін.
Жоғарыда айтылғанды қорыта отырып, мынадай тұжырымға келуге
болады:
• А стилін орталық рөлді нұсқаушы атқаратын, тыңдаушыны тарту
және бақылаудың жоғары деңгейі және нұсқаушыны тарту және бақылаудың
төмен деңгейі орын алатын стиль деп атауға болады.
• В стилі орталық рөлді тыңдаушы атқаратын стиль ретінде сипаттауға
болады.
• Б стиліне нұсқаушыны да, оқуды жүргізу үшін бірігіп жұмыс
атқаратын тыңдаушыны да кәсіби даярлау процессі кіреді.
Кәсіби даярлықтың үш тәсілі де тиімді болып табылатыны белгілі.
Әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нақты оқу
жағдайына сәйкес келетін тәсілді қолдану қажет. А стиліне сәйкес кәсіби
даярлық В стиліне сәйкес тәсілді талап ететін жағдайларда тиімді жұмыс
22
істемейтін болады. Бұл саладағы білімге және шеберлікке ие, өздігінен
бағытталған және өздерінің оқуларына жауапкершілікті алуға ұмтылатын
тыңдаушылар беделділікті, бақылауды енгізетін және өздерінің «дұрыс»
жауаптарын ұсынатын А стилін қолданатын нұсқаушыға ренжулі болады. Өз
кезегінде, берілген тақырып бойынша білім мен шеберліксіз оқу сабақтарына
келетін және нұсқаушыдан мұны беруді күтетін тыңдаушылар В стиліне
сәйкес тәсіл кезінде түсінбестікке келер еді.
Тиімді нұсқаушылар барлық А, Б немесе В үш стильді де қолдану
арқылы жұмыс істей алады, және олар ұшырасатын оқу жағдайы үшін
қолайлы стильді таңдай алады. Олар А стилін шамадан артық қолданылуына
орай бұл тәсілдің қолайлы сәтін мұқият таңдайды. Олар Б стилін көбінесе
күнделікті оқу жағдайларына қолдана отырып, оны оңайлықпен қолданады,
сондай-ақ В тәсіліне ауысып, талап еткен кезде ғана оқу процессінде орталық
рөлді атқара алады.
Негізгі жұмылдырылған топтар – оқытушылар мен білім алушыларды
қысқаша талқылау – қашықтықтан оқытудағы сабақ беру және оқытудың
дәстүрліден айырмашылық танытатынын анық көрсетеді.
Алайда оқыту жағынан мақсатты аудиторияның сұрақтары, оқыту
мақсаттары, мазмұнды даярлау, тәжірибенің көлемі, ұсыныстың жалпы
құрылымы ұқсас болғанмен, оларды басқаша қырынан талқылау қажет және
олардың жауаптары да мүлдем бөлек болады.
Өзгертілген жағдайлар оқытушылар мен білім алушылардың тәртіп
үлгісіне қойылатын талапқа айтарлықтай әсер етеді және оқуда үлкен ынтаны
талап етеді. Білімді меңгерумен қатар, оқыту процессінде жеке
құзыреттіліктер дамиды. Бұл жеке құзыреттіліктердің мақсатты дамуы –
жеке қасиеттер – түрлі әдістерге тәуелді болады. Дәстүрлі оқытуда
қарастырылуға қажетті құзыреттіліктен басқа құзыреттіліктер:
• Әлеуметтік құзыреттіліктер (мысалы, ұжымдағы жұмыс, сыни ойлау);
• Коммуникативті құзыреттілік (мысалы, бейнелеу және ұсыну
дағдылары, риторика);
• Жеке құзыреттіліктер (мысалы, жеке мінездеме, өзін-өзі түйсіну);
• Жетекшілік құзыреттіліктер (мысалы, уәкілдікті беру дағдылары,
шешімділік);
• Психикалық құзыреттілік (мысалы, креативтілік, ым және мимиканы
қолдану, стрессті басқару).
Нәтижесінде басқа құзыреттілік дамиды:
• Медиа сауаттылық.
Медиа сауаттылық – бұл кең сала. Бұл тек стандартты офис
бағдарламаларын білу, немесе аудио - және бейнесигналдарды біріктіруді
23
білу ғана емес. Бұл сондай-ақ Интернеттегі ақпараттың үлкен ағымын
қолдануды, дүниежүзілік желідегі ақпараттың үлкен көлемімен тиімді жұмыс
атқару қабілетін меңгеру болып табылады.
Қашықтықтан оқыту курсының шамамен алғандағы құрылымы
Мазмұнды шолу
1-ден x-ке дейінгі
бөлімдер
- бөлімдерді шолу – мақсаттар, ұзақтылық, оқытушы, студенттермен
жүргізілетін жұмыс сағаттары – мазмұны
Мәтіндер /мәліметтер / кестелер /
суреттер
Аудио- және бейнефайлдар
Интерактивтілік және қарым-
қатынас
Тапсырмалар
Жаттығулар
- тесттер / жазбаша тапсырмалар,
- қорытынды,
- кері байланыс,
Қосымша / Кітапхана
Глоссарий
Аббревиатура
Әдебиет
Сілтемелер
Суреттердің,
кестелердің
және
т.б.
тізбесі.
Оқу-
әдістемелік кешен
Ақпараттық беттер
Ситуациялық тапсырмалар және мысалдар
Жаттығулар
Мысалы, курстың күрделілігіне және мазмұнына қарай, курстың өзге
де құрылымдары қолданыла алады.
24
ҚО бойынша нормативтік құқықтық құжаттар
«Білім беру туралы» Заңы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі № 319 (2007 жылғы 24 қазанындағы өзгертулер мен
толықтыруларымен);
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпанындағы
№195 қаулысымен бекітілген «Жоғары және кәсiптік бiлiмнiң бiлiм беру
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi
ережелері»;
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006
жылғы 19 шілдедегі N 404 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасының кәсiптiк жоғары, қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм
беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру
ережесi»;
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010
жылғы 13 сәуіріндегі №169 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім
беру технологиялары бойынша оқу процессін ұйымдастыру ережелері»;
6. ҚР МЖБМС 5.03.004 – 2009 жылғы 4 маусымдағы №266
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Негізгі ережелер»;
7. ҚР МҚБС – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашасындағы №778 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық
денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары
бойынша мемлекеттік қосымша білім беру стандарты»;
8. ҚР СТ 34.016 - 2004 «Техникалық және бағдарламалық құралдар».
25
Пайдаланылған әдебиет тізімі
1. Дистанционное обучение в электронном здравоохранении. О
дистанционном образовании.
2. Е.А.
Белозерова, Б.В. Кристальный, М.Я. Натензон, В.И.
Тарнопольский
3. /В.С. Шаров Дистанционное обучение: форма, технология, средство/
Известия Российского государственного педагогического университета им.
А.И. Герцена. №94/2009
4. Стандарт
МУА.
Интегрированная
система
менеджмента.
Дистанционное обучение. 2012 г.
5. All
Things
in
Moderation
–
онлайн
курсы,
книги
http://www.atimod.com/
6. Horizon project – Horizon report 2011 http://www.nmc.org/horizon
7. Холопов
М.В.
Дистанционное
обучение
в
медицине.
http://www.mma.ru /article/id299005/from1
Достарыңызбен бөлісу: |