Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы



жүктеу 370,11 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата15.01.2020
өлшемі370,11 Kb.
#26778
1   2   3   4   5   6

 

 



 

 

 



 

 

Вебинар 



 

 

Аудиоконференция 



 

 

 



Бейнеконференция 

 

 



 

 

Форум 



 

 

 



 

Чат 


 

 

 



ҚО әкімшісі 

 

Портал әкімшісі 



 

 

 



Тыңдаушы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

қамтамасыз  ету  үшін,  сондай-ақ  оларды  қосымша 



ақпараттық 

ресурстармен: 

телемедициналық 

конференциямен, 

аудиоконференциямен, 

бейнеконференциямен 

қамтамасыз 

ету 


үшін  

теледидардың  эфирлік,  кабельдік  және  спутниктік 

желілерін пайдалануға негізделген ҚОТ. 

-  виртуалдық  веб-конференциялар  (вебинарлар) 

қызметін  ұсынатын  сервис.  Онлайн  конференция 

жүргізуге арналған. 

компьютерлік  технология  немесе  телефон 



коммуникация  жүйесін  қолдану  арқылы  түрлі 

географиялық  нүктелерде  орналасқан  бірнеше 

адамдардың дауыстық қарым-қатынасы. 

-  бұл  телекоммуникация  және/немесе  компьютерлік 

технология 

жүйесін 


қолдану 

арқылы 


түрлі 

географиялық  нүктелерде  орналасқан  бірнеше 

адамдардың 

визуалдық 

қарым-қатынасына 

мүмкіндік беретін технология. 

-  қашықтықтан  оқыту  жүйесіне  қатысушылардың 

барлығы  үшін  немесе  бір  бөлігі  үшін  ашық 

қашықтықтан 

оқыту 


жүйесінде 

ұсынылған 

тақырыпты  талқылау  жүргізуде  қолданылатын 

құрал. 


-  қолданушылар  өздерінің  хабарламаларын  барлық 

басқа  қолданушыларға  қолжетімді  «виртуалдық 

тақтада»  жазатын  нақты  уақыт  режіміндегі  онлайн 

қарым-қатынастың, әдетте «мәтіндік» түрі. 

-  ҚО  әкімшілігін  жүргізу  бойынша  функцияларды 

атқару үшін арнаулы оқытудан өткен қызметкер. 

ақпараттық-техникалық 



қамтамасыз 

ету 


қызметінің міндеттерін орындайтын қызметкер, ҚО-

ның  бағдарламалық,  ақпараттық  және  техникалық 

құралдарын  әзірлейді,  меңгереді  және  қолданыста 

ұстайды. 

-  ҚО  курсында  білім  алатын,  денсаулық  сақтау 

жүйесінің менеджері. 

 

 

 



 

 

 



Қысқартулар және белгілер 

 

ҚО           -        қашықтықтан оқыту 

ҚБТ         -        қашықтықтан білім беру технологиялары 

ПЭОӘК   -        пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені 

РК           -         Қазақстан Республикасы 

ІТ            -         Ақпараттық технологиялар 

 



 

 



Кіріспе 

 

Қазіргі уақытта, қашықтықтан оқыту (қашықтан оқыту) әлемде кеңінен 

таралуда.  Оқытудың  бұл  типі  дипломнан  кейінгі  білім  беру  деп  аталатын 

жоғары  білімді  анағұрлым  жоғары  дәрежеде,  түрлі  деңгейдегі  біліктілікті 

арттыруды қамтиды. 

ҚР  қашықтықтан  оқытуды  дамыту,  бір  жағынан,  әлеуметтік 

тапсырыспен - менеджерлерді үздіксіз қайта оқытуды талап ететін денсаулық 

сақтау  жүйесін  перманенттік  реформалаумен;  көп  көлемдегі  мамандарды 

қайта  оқыту  үшін  ұзақ  мерзімге  өндірістен  алшақтату  мүмкіндігінің 

болмауына;  топ-менеджерлерді  де,  орта  және  желілік  деңгейдегі 

менеджерлер  тобын  да  оқытумен  қамту  қажеттілігімен,  қолданушылардың 

оқыту  орталықтарынан  алыста  болуымен,  ақпараттың  республика  шегіндегі 

өңірлер  арасында  таралуына  тең  жағдай  жасау  қажеттілігімен  шарттасады. 

Екінші жағынан, қашықтықтан оқыту ІТ технологияларының ҚР-да табысты 

жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін кеңінен таралуымен  шарттасады.  

 

Тыңдаушыларды жаңа біліммен шұғыл таныстыру қажеттілігіне қарай, 



менеджерлер  үшін  біліктілікті  қашықтықтан  арттыру  денсаулық  сақтауды 

басқару сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Денсаулық 

сақтау  менеджерлерінің  біліктілігін  арттыру,  қашықтықтан  оқыту 

процессінде  қабылданған  жаңа  әдістемелік  және  ұйымдастырушылық 

шешімдердің  медициналық  ұйымның  жұмыс  практикасына  енгізу  жеке 

медициналық  ұйымдардың  да,  денсаулық  сақтау  жүйесінің    де  қызмет 

нәтижелілігін арттыруда оң көрініс табады. 

Қашықтықтан  оқыту,  бұл  уақытын  үнемдеуге,  өз  ақшасын  үнемдеуге  

және өндірістен алыстамай сапалы білімді қалай тиімді алуға болатындығына 

қызығушылық  танытатын  менеджер  үшін  болуы  мүмкін  ең  қызықты  білім 

беру  ұсынысы.  Қашықтықтан  оқыту  тыңдаушының  және  ақпарат  алу  көзі 

арасындағы  кеңістікпен  байланысты  барлық  проблемаларды  толығымен 

жоюға  мүмкіндік  береді.  Өзінің  қаласында  немесе  кез  келген  басқа  елді 

мекенде  қалып,  қашықтықтан  оқуға  және  әлемнің  үздік  біліміне  тез 

қолжетімділікке  ие болуға,    әлемдік  ауқымда  сияқты,  ҚР-ның  да денсаулық 

сақтау жүйесіндегі жаңа технологиялар, реформалар туралы білуге болады. 

Сарапшылардың  пікірі  бойынша,  қашықтықтан    білім  беруге  сұраныс 

үздіксіз өсе беретін болады.  

Әлемдік  білім  беру  жүйелерінің  жұмыс  істеуін  талдау  қашықтықтан 

оқыту  шығындарының  орта  есеппен  оқытудың  дәстүрлі  нысанына  кететін 

шығындарының 50%-ын құрайтынын көрсетеді. 



 

Күндізгі  режімде  білім  алатын  бір  маманның  біліктілігін  арттыру 



құнына  мыналар  кіреді:  оқу  ақысы,  оқытылатын  орынға  дейінгі  және    кері 

қайту  бағытындағы  жолақы,  қонақ  үйде  тұру,  тамақтану,  сондай-ақ  оған 

төленуі  жалғасатын  жалақы  (маманның  жұмыс  орнында  болмауы  кезінде). 

Бұдан  басқа,  маман  болмаған  кезде  денсаулық  сақтау  жүйесінің 

менеджерлері  әдетте  өз  жұмысын  практикалық  қызметпен,  мысалы 

дәрігерлік  қызметпен  қатар  атқарады,  оның  жұмысын  қосымша  жүктеме 

үшін үстеме ақы алатын басқа маман  жүргізуге мәжбүрлі. 

Маманның  осындай  ұқсас  оқуына  кететін  шығындар,  құрамына 

байланыс  шығындары,  оқытушылық  құрамның  жұмысына  ақы  төлеу, 

ұйымдастырушылық  және  өзге  шығыстар  кіретін  қашықтық  әдістерінің 

көмегімен  жоғарыда  көрсетілгендей  шамамен  2  есе  кем  болады. 

Байланыстың  қымбат  емес  түрлерін  таңдаған  кезде  шығыстар  барынша 

төмендетілуі мүмкін. 

 

Қашықтықтан  оқыту  –  пайда  болу  тарихы,  плюстері  мен 



минустері 

 

Қашықтықтан  оқыту  1840  жылы  Англияда  ойлап  табылды. 



Стенография  жүйесін  ойлап  табушы  Исаак  Питман  студенттерге  пошта 

арқылы  өзінің  курсын  тарата  бастады.  Қашықтан  оқытудың  басқа 

технологиясын  американдық Пенсильвания штатында қолданды, мұнда тау-

кен  әзірлемелерінің  техникасы  жөніндегі  дәрістер  күн  сайынғы  газетте 

жарияланды.  Қашықтан  оқытудың  өзіндік  моделі  Кеңес  Одағында  да 

қалыптастырылды.  Сырттай  институтты  аяқтаған  соң  жоғары  білім  беру 

туралы  диплом  алу  мүмкін  болды.  1960  жылдары  қарапайым  ЖОО-дағы 

сырттай факультеттерді есептемегенде елдегі мұндай 11 институт болды. Оқу 

барысында  студенттер  тапсырмаларды  орындап,  оларды  оқытушыларына 

жіберіп отырды. Ал кейін кеңес алуға келіп, емтихан тапсырды. 1969 жылы 

Ұлыбританияда  қашықтықтан  білім  беретін  бірінші  университет  негізін 

қалады,  оны  "Open  Univercity"  –  ашық  университет  деп  атаған.  Қаланған 

сәтінен бастап  3 млн. астам студент білім алған. Жыл сайын мұнда 200 мың 

адам қабылданады.   

Қашықтықтан  оқытудың  ерекшелігі  неде?  Әдетте,  қашықтықтан  оқу 

процессін  ұйымдастыру  оқыту  қызметінің  мынадай  оқу  процессіне 

қатысушы-субъектілердің  бар  болуынан  туындайды:  білім  алушы 

(тыңдаушы),  тьютор  (оқытушы),  оқу  курсы  контентінің  авторы,  куратор 

(менеджер), әкімші. Қашықтықтан оқыту нысаны өзіндік жұмысқа, өздігінен 

білім  алу  және  өзін-өзі  дамыту  қабілеттерін  қалыптастыруда  және  іске 




жүктеу 370,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау