8
асыруға акцент жасай отырып, білім беру жүйесінің басты субъектілері –
тыңдаушылар мен оқытушылардың өз қызметіне деген көзқарасты өзгерту
қажеттілігінде шарттасады. Тыңдаушы білім беру процессінің белсенді
қатысушысы болып табылады, ал оқытушы ұйымдастырушы, кеңес беруші,
жетекші ретінде болады.
Қашықтықтан оқыту нысанында жоғарыда жазылған дәстүрлі сырттай
білім беруге қарағанда айырмашылықтар бар. Бұл қандай айырмашылықтар?
Қашықтықтан оқытуда:
• материалдың елеулі бөлігі автономды түрде емес, оқытушымен
үнемі қарым-қатынаста меңгеріледі (телефон және Интернет арқылы
консультация алу, онлайн режімдегі дәрістер мен семинарлар);
• оқытушымен (тьютормен) тұрақты байланыс болады, онымен
туындайтын сұрақтарды, әдетте, телекоммуникация құралдары арқылы
жедел талқылау мүмкіндігі;
• курсты зерттеу барысында және кез келген сәтте де жобамен және
топтық жұмыстардың басқа да түрлерімен бірігіп жұмыс істеу, пікірталасты
ұйымдастыру мүмкіндігі бар (бұл ретте топ бір елді мекендегі жинақталған
немесе бөлінген тыңдаушылардан құралуы мүмкін). Бұл жағдайда
тыңдаушылар телекоммуникация арқылы оқытушымен және куратормен
(тьютормен) байланысады;
• тыңдаушыларға теориялық материалдарды баспалық немесе
электрондық оқу құралдары түрінде таратылады.
Қашықтықтан оқытудың күндізгі оқыту нысанынан айырмашылығы
материалдың
айтарлықтай
бөлігі
аудиторияда
емес,
Интернет
технологияларының көмегімен меңгеріледі, яғни қашықтықтан оқытуда
тыңдаушылардың жұмысы ұйымдастырылған және өзінің дербестігі
негізінде болып табылады. ҚО-ның күндізгі оқыту нысанынан ерекшелігіне
мынаны жатқызуға болады:
• тұрғылықты немесе жұмыс орны бойынша оқыту;
• оқу процесінің икемді кестесі (қашықтықтан оқыту кезінде менеджер
тәуліктің кез келген уақытын бөле алады, сайтқа кіріп, қажеттілігіне қарай
оқи алады);
• оқытушымен (тьютормен) байланыс негізінен телекоммуникация
арқылы жүзеге асырылады.
ҚО-ның минустарын да атап өту керек. Қашықтықтан оқыту сабақтары
үшін қатаң тәртіп, жұмыс кестесін дұрыс жүргізе алу қабілеті,
жауапкершілік, шыдамдылық, мақсаттылық және ынталылық қажет. Бұл
қажеттілік тыңдаушының назарын материалды зерттеуге аударатын
оқытушылардың болмауынан туындайды. Адам барлығын өзі бақылауы
9
қажет. Әрине, бұл нұсқа өзіне жауапкершілік алып, оны басқарып және алға
қарай ұмтылып үйренгендер үшін қолайлы. Оқу процессі компьютердің және
Интернеттің бар болуына толығымен байланысты. Қашықтықтан білім беру
жылдам басуды, өзіндік ДК өз бетінше орнату қажет болатын көптеген
бағдарламаларды қолдана алу қабілетін талап етеді. Қашықтан байланысқан
кезде оқытушы мен тыңдаушының арасында бейнелі қарым-қатынас
жеткіліксіз болады, бірақ бұл фактіні жою үшін бейнеконференцияларды,
чатты және интерактивті қарым-қатынастың басқа да тәсілдерін қолдануға
болады.
Қашықтықтан оқытудың заманауи құралдары және әдістері
Оқыту әдістерінің оқыту мазмұнын түсіну қабілеттілігіне үлкен әсері
бар. Тыңдаушы нәтижелі оқуы және барынша білім алуы үшін белгілі бір
техникалық білімге ие болуы қажет. Тыңдаушының назары техникалық
проблемаларды шешуге емес, оқыту тұрғысына шоғырланғаны маңызды.
Чат
Чат – бұл қолданушылар арасындағы желі немесе интернетпен нақты
уақыт режимінде мәтін түріндегі әңгімелесу. Қашықтықтан оқыту
курстарында тыңдаушылар арасында талқылау үшін немесе тыңдаушылар
мен оқытушы (тьютор) немесе куратор арасында талқылау үшін чат жиі
қолданылады.
Сандық технология тұрғысынан алғанда чат – бұл:
• талқыланатын тақырып бойынша хабарламаны компьютермен жазу
арқылы және экраннан әңгімедегі басқа қатысушылардың хабарламаларын
оқу арқылы интернеттің, чаттағы онлайн қарым-қатынастың көмегімен
өзгелермен байланысу;
• мұндай әңгімеге, әдетте, жедел техникалық көмек алу мақсатында
өзге адамды тарту.
«Чат» қосымшасы электрондық оқыту платформасына көбінесе
қосылған немесе қосымша бағдарламалық модуль ретінде бекітіле алады.
Чаттардың функционалдылығы түрлі қосымшаларда ерекшеленеді – бірақ
олардың барлығы мәтіндік чаттар болып табылады, бұл қатысушыларға өз
хабарламаларын енгізу үшін пернетақтаны қолдану қажеттілігін білдіреді.
Сарапшылар чаты үшін қолданылады
• Сарапшы берілген тақырыпқа тыңдаушылармен қарым-қатынас
орнату үшін чатқа шақырылады.
• Сарапшы енгізілген/бұрын жіберілген сұрақтарға жауап береді
• Келесі тақырып бойынша кіріспе дәріс
• Формальды емес/формальды кеңес сағаты
10
Кураторлар чаты үшін қолданылады
• Оқытумен байланысты алдағы процесс жөніндегі сұрақтарды
талқылау
• Сарапшылар чатына даярлық ретінде тыңдаушылармен талқылау
• Формальды емес/формальды кеңес сағаты
Тыңдаушылар чаты
• Оқу мерзімінің ішінде өзара формальды емес қарым-қатынас үшін
кездесу орны
• Топта талқылау үшін пайдалы
Сарапшылар чатының басталу уақыты және күні тыңдаушыларға, кем
дегенде бір апта бұрын хабарланады. Хабарламада сарапшының ТАӘ және
талқыланатын тақырып көрсетіледі. Егер қатысушылар саны шектеулі болған
жағдайда тыңдаушы тіркелуі қажет. Әдетте басталардан бір апта бұрын
тыңдаушының электрондық мекенжайына шақырту жіберіледі, чат
басталардан екі күн бұрын ескерту жіберіледі.
Чатты жүргізу
Сарапшы:
• Чат басталардан 5-10 минут бұрын тыңдаушылармен бір-бірін
формальды емес жағдайда сәлемдесу үшін кездеседі.
• Келісу үшін ережелердің қысқаша нұсқасын енгізеді.
• Қажет болған жағдайда рөлдерді үйлестіреді (бірі уақытты
бақылайды, екіншісі хаттама толтырады және т.б.)
• Сессияның күн тәртібін (талқылауын) енгізеді;
• Талқылауды бастайды;
• Сессияның соңында қысқаша резюме ұсынады.
Модератор:
• Нақты
нұсқаулықтар
береді.
Мысалы,
мынадай
секілді:
әртараптандырылған еңбекақыны есептеу үшін мысалдарды талқыламас
бұрын, «иә» және «жоқ» жауаптарын қолдана отырып, мынадай сұрақтарға
жауап беріңіз.
• Егер барлық бір уақытта жауап беретін болса, модератор талқылау
әрмен қарай ұйымдасқан түрде өтуі үшін талқылауды уақытша тоқтатады.
Чатты сапалы жүргізу үшін ережелер қажет. Ережелер чат процессін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ережелер чатқа қатысатын барлық
тыңдаушыларға белгілі болуы қажет. сондықтан ережелер айқын және
тыңдаушылармен келісілген болады. Ережелер кешігу үшін, чат сессиясының
барысында басқа қатысушылармен үндесу үшін немесе аббревиатураларды
қолдану үшін және т.б. бекітілуі мүмкін.
Талқылау сессиясы үшін қатысушылардың саны әдетте 10-12 адамнан
Достарыңызбен бөлісу: |