11
аспайды. Талқылау чаттары куратор және сарапшыларды жалықтырады.
Сондықтан чаттың жалпы ұзақтығы 60-75 минутты құрайды.
Форум
Форум – бұл асинхронды қарым-қатынас құралы. Сондай-ақ форумды
«веб-тақта» немесе «хабарландыру тақтасы» деп те атайды.
Интернет желісінде offline режимде форум құрауыш бөлік те, жеке оқу
процессі де бола алады, мұнда әр қатысушы өз өз хабарламасын немесе
түсіндірмесін қалдырады, ол форумның барлық қатысушыларымен
талқыланады. Хабарламалар әдетте талқылау санаттары, немесе автормен
таңдалған тақырыптар бойынша сұрыпталады. Сайтта жіберілген
материалдар енгізіледі. Білім алушылар дайын материалдарды көрсетеді
және талқылайды, өздерінің оқу қызметтерін үйлестіреді, оқытушылардың
тарапынан кеңес алады.
Талқылау форумы – бұл оқу платформасына көбінесе кіретін
бағдарламалық модуль. Әкімшіленетін және әкімшіленбейтін форумдар
болады. әкімшіленетін форумда хабарламаларды әкімші немесе модератор
жариялайды. Әкімшіленбейтін форумда хабарламалар «жіберу» батырмасын
басқан соң жарияланады және экранда дереу пайда болады.
Форум топтық талқылау үшін қолданылады.
Топтық талқылау:
• Ситуациялық
тапсырмаларды
талқылаған
кезде
кеңінен
қолданылады. Ситуациялық тапсырманың өзі әдетте pdf- файл немесе
бейнеклип түрінде, не презентация түрінде жарияланады.
• Талқылауға арналған форумы топтағы жұмыс кезінде өте пайдалы.
Түрлі топтар үшін бір ситуациялық тапсырманы әртүрлі көзқарас
тұрғысынан талқылауға болады.
• Рөлдік ойындарда тыңдаушылар пікірталас барысында өздеріне түрлі
рөл алуы қажет.
Форум ұжымдық басшылық кезінде де қолданылады.
Ұжымдық басшылық.
Ұжымдық басшылықта бір тыңдаушы не тыңдаушылар тобы форумда
жоспарланған ретті/жұмыс процесін жариялайды. Келесі қадам – бұл
тыңдаушылардың басқа тобына арналған тапсырма – бірінші топтың
басылымы жөнінде түсініктеме беру. Үшінші қадам – бірінші топтың өз
басылымын түзету мүмкіндігі бар.
Форумдағы талқылау мерзімі туралы хабарландыру электрондық
пошта немесе оқу платформасындағы жүгіртпе жол арқылы жүргізіледі.
Тыңдаушылар үшін тапсырма нақты қалыптастырылады. Тыңдаушыларға
қажетті құжаттар жарияланатын болады. Әдетте тыңдаушылардан
12
тапсырмаға қатысты ашық сұрақтардың бар немесе жоқ болуы сұралады.
Егер тыңдаушыларға құжатты нәтиже ретінде жариялау қажет болса, куратор
немесе сарапшы үлгіні даярлайды және ұсынады.
Форумды жүргізу
Сарапшы (оқытушы)
• Пікірталасты тыңдаушыларды ақпараттандырумен ашады.
• Қажет болған жағдайда кірісу үшін талқылау барысын бақылайды.
• Талқылау барысында бір немесе екі рет дәлелді кері байланыс
ұсынады.
• Форум жұмысының аяқталуын хабарлайды.
Модератор
куратордан қажетті модерация деңгейі пікірталастың
негізгі тақырыбына тәуелді болады. Оқытушының/куратордың міндеті қате
мәлімдеме пайда болған жағдайда түзету үшін талқылауға кірісумен
шектеледі.
«Желілік этикет» деп аталатын негізгі ережелер студенттер үшін айқын
болады. Ережелерді курс өткізетін тарап түзете алады.
Әдетте қатысушылардың саны шектелмейді. Топпен жұмыс жасаған
жағдайда нұсқаулыққа байланысты болады. Арнаулы тақырыпты өнімді
топпен талқылау үшін форумның ұзақтығы ең көп дегенде 4 аптамен
шектелуі қажет. Ұжымдық басшылық үшін уақыттың шектелуі әр қадам үшін
маңызды. Талқылау аяқталған соң, форумның дәрежесі егер жүйе мүмкіндік
беретін жағдайда «тек оқуға арналған» болып бекітіледі.
Скайп
Скайп – жеке компьютерлер арасындағы мәтіндік, дауыстық және
бейне байланысты қолданатын коды бар бағдарламалық жабдықтау.
Скайпты қолдану үшін бағдарламалық жасақтаманың қандай да бір
қосымша күйін қолдану қажеттілігі жоқ. Ақпарат интернет желісі арқылы
берілетін болады, ол үшін құлаққап, веб-камера және арнайы Скайп
бағдарламасы (немесе Skype) болса жеткілікті. Бағдарлама Skype Limited
компаниясымен әзірленген. Бағдарлама мыналарға мүмкіндік береді:
ICQ, QIP немесе Jabber түріндегі өзге бағдарламалардағы секілді жеке
хат алмасуды жүргізу, хабарламалармен алмасу.
Егер сізде микрофон және құлаққап бар болса, онда сіз телефонмен
хабарласқан сияқты қоңырау шалып, әдеттегідей сөйлесе аласыз.
Егер сізде веб-камера, микрофон және құлаққап бар болса, онда сіз
бейнеконференциялар жүргізіп, оған қатыса алады, сұхбаттасушыны көре
алады, ести алады және жауап бере алады, мұны бейнетелефон деп те атауға
болады, алайда ақпарат интернет желісі арқылы беріледі.
Абоненттердің қолайлы тізімінің арқасында желідегі барларды көруге
13
болады.
Wiki
Wiki – бұл көптеген адамдарға бағдарламалау жөнінде ерекше білімнің
қажетінсіз желіге өз үлестерін қосуға және Wiki-парақшасының мазмұнын
кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұндай үлес қарапайым мәтін немесе салына
алатын кез келген құжат түрінде болуы мүмкін.
Wiki – кез келген қолданушыға веб браузерді қолдана отырып
мазмұнын қосуға, жоюға, түзетуге мүмкіндік беретін веб сайт.
Wiki білім беру мақсатында қызықтырақ бола бастайды. Ең танымал
Wiki – бұл тегін онлайн Wikipedia энциклопедиясы.
Wiki мыналарға қолданылады:
• Білім базасы
Wiki әдетте нақты тақырып бойынша білімді ұсыну – жинақтау үшін
қолданылады. Бұл білімнің базасы білімді басқаруды ұйымдастыруда рөл
атқаруы мүмкін.
Ынтымақтастық
Wiki
тыңдаушылардың
кез
келген
жұмысына
көмектеседі.
Тыңдаушыларды бірігіп жұмыс істеуге мәжбүрлейді және мазмұн, құрылым,
жариялау үшін презентация түрлері секілді түрлі аспектілерді талқылауда
қолдайды.
• Оқыту күнделігі Оқыту/курс/семинар кезеңінде алынған жаңа білімді
бақылау. Берілген құрылымы бар Wiki бұл мақсаттарға жақсы келіседі.
• Әлемдік кесте
World Table (әлемдік кесте) форматындағы күндізгі семинарлардың
нұсқаулығы онлайн семинарлар және жұмыс топтары үшін бірдей болады.
Бағыттаушы және берілген нұсқаулықтарды талап ететін тапсырмалар
үшін, әдетте күтілетін соңғы нәтижелер құрылымын ұсынатын бос құрылым
әзірленеді. Енгізілетін ақпараттың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.
Wiki қолдану үшін оқытушылар мен тыңдаушылардың практикалық
деңгейлерін ескеру қажет. Тәжірибесіз қолданушы үшін берілген құрылымды
алдын ала жүзеге асыру қажет.
Wiki жұмыс істеу үшін түрлі нысандарын, сондай-ақ Wiki
артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажет. Wiki қолданылуы туралы
көбірек ақпаратты алдын ала зерттеу ұсынылады. Тыңдаушыларға Wiki
қолдану жөнінде нақты нұсқаулықтар ұсыну қажет. Ең алдымен оқытушыға
мысалдар жазбасын жүргізу пайдалы. Берілген құрылымы бар Wiki әсіресе
тәжірибесіз тыңдаушыларға қолданылады. Білім беру тұрғысынан алғанда,
Wiki – бұл оқытудағы жетістікке ықпал ететін және нығайтатын өте жақсы
құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |