Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
бет1/7
Дата14.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#7535
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7



Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10735 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметті стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі
С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығы (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6432 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405 (26248); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 5 қазандағы № 406-409 (26252); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 6 қазандағы № 410-413 (26256); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 12 қазандағы № 418-421 (26264) газетінде жарияланған);
      2) «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8425 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) газетінде жарияланған).
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                      Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  


Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 наурыздағы 
№ 127 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.06.2015 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.


      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеуші орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрi – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрi – Департаменттер) не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аккредиттеген ұйым;
      2) аккредиттеу стандартының дәрежесі – стандарттың, оның пациенттердің қауіпсіздігіне әсерінің маңыздылығына байланысты деңгейі;
      3) аккредиттеу туралы куәлік – белгілі бір аккредиттеу саласында өтініш берушінің аккредиттелгенін растайтын құжат;
      4) аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімін ұзарту – аккредиттеуші органның аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімін ұзартудың ресми процедурасы;
      5) аккредиттеу жөніндегі комиссия – өтініш берушінің материалдарын қарайтын аккредиттеуші орган құрған комиссия, осы Қағидалардың талаптарына олардың қызметінің сәйкестігін бағалау жүргізеді және ұсыным сипатындағы шешімдерді қабылдайды;
      6) биологиялық белсенді заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін жүргізу құқығына аккредиттеу – аккредиттеуші органның сынақ зертханалары (ғылыми-зерттеу зертханалары) қызметінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу жолымен өтініш берушінің биологиялық белсенді заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін жүргізу саласында жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми мойындау рәсімі;
      7) биологиялық белсенді заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін жүргізу құқығына аккредиттеуге өтініш беруші – клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді жүзеге асыратын және аккредиттеуге өтінім берген сынақ зертханасы (ғылыми-зерттеу зертханасы);
      8) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
      9) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі ұйым – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – бағалау жөніндегі ұйым);
      10) клиникалық базалар тізілімі – фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттелген медициналық ұйымдар есебінің бірыңғай жүйесі;
      11) клиникалық база – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу ұйымдарының тізбесіне енгізілген медициналық ұйым;
      12) клиникалық зерттеу – субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістерінің және технологияларының қауіпсіздігін және тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін зерттеу;
      13) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) базалар тізілімі – биологиялық белсенді заттардың, фармакологиялық, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін жүзеге асыру құқығына акредиттелген сынақ зертханаларын бірыңғай есепке алу жүйесі.
      14) көп орталықты клиникалық зерттеу – бірыңғай хаттама бойынша бірнеше клиникалық базаларда (бірден артық зерттеуші) жүргізілетін клиникалық зерттеу;
      15) қайта аккредиттеу – аккредиттеуші органның өтінім иесінің зерттеудің белгілі бір саласындағы құзыреттілігін ресми мойындаудың кезекті процедурасы;
      16) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
      17) медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу – өтініш берушінің фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу саласында жұмыстарды орындау құзыреттілігін медициналық ұйымдарды олардың қызметінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу жолымен аккредиттеуші органның ресми мойындау рәсімі;
      18) өзін-өзі бағалау – медициналық ұйым өз бетінше немесе тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізетін, медициналық ұйым қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
      19) сараптама тобы – аккредиттеу стандарттарына сәйкестікке медициналық ұйымдарда сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін тартылған адамдардың тобы;
      20) сапа үйлестірушісі – медициналық ұйымның ішкі аудит және пациентті қолдау қызметінің маманы;
      21) сыртқы кешенді бағалау – сараптама тобы медициналық ұйымға бара отырып жүргізетін, медициналық ұйым қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
      22) сынақ зертханасы (ғылыми-зерттеу зертханасы) – ұйымдастыру құқықтық нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
      23) сынақ зертханасының аккредиттеу саласы – оны аккредиттеу барысында анықталатын зертхананың жүргізуіне құзыреті бар сынақтар бойынша жұмыстардың жиынтығын белгілейтін сынақ зертханасы қызметінің саласы;
      24) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілері қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
      25) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымды қарап-тексеру жүргізу – құжаттарды, құрал-жабдықтарды, клиникалық зерттеуге қатысы бар және клиникалық базада, демеушінің және/немесе келісімшарттық зерттеу ұйымының ғимаратында, сондай-ақ клиникалық зерттеуге қатысы бар өзге де ұйымдарда тұрған өзге де материалдарды осы Қағиданың талаптарына қызметінің сәйкестігін бағалау мақсатында ресми тексеру жүргізу;
      26) фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеуге өтініш беруші – фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеуге үміткер және аккредиттеуші органға өтініш білдірген медициналық ұйым;
      27) халықаралық көп орталықты клиникалық зерттеу – бір хаттама бойынша екі немесе одан көп елдерде жүргізілетін көп орталықты клиникалық зерттеу.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге:
      1) қызметінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8064 болып тіркелген), денсаулық сақтау субъектілеріне арналған аккредиттеу стандарттарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9148 болып тіркелген) (бұдан әрi – стандарттар) қан қызметі саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатындағы медициналық ұйымдар;
      2) фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына медициналық ұйымдар;
      3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғалар;
      4) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі ұйым – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау;
      5) биологиялық активті заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына сынақ зертханалары (ғылыми-зерттеу зертханалары) жатады.
      4. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және тыйым салынбаған өзге қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу жөніндегі комиссияны және жеке тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ денсаулық сақтаудың аккредиттелген субъектiлерiнің және денсаулық сақтау саласындағы тәуелсiз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.
      6. Комиссия туралы ереже Кодекстің 14-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес бекiтiледi.

2. Медициналық ұйымдардың қызметерлерін аккредиттеу


стандарттарына сәйкестікке мойындау мақсатында аккредиттеудi
жүргiзу тәртiбi

      7. Аккредиттеуші органға өтініш бермес бұрын медициналық ұйым өз бетінше немесе тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, «Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару жүйесі» (бұдан әрi – МҚСБЖ) автоматтандырылған дерекқорында аккредиттеу стандарттарына сәйкестікке өзiн-өзi бағалауды жүргізеді.


      8. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшін орналасқан жері бойынша тиісті Департаментке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
      9. Департамент өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде өтініштің толықтығын және дұрыс толтырылуын тексереді. Өтініштің толық болмау және дұрыс толтырылмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      10. Медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау (бұдан әрі – Бағалау) мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) кабинетте зерттеу (өзін-өзі бағалау нәтижелерінің негізінде құжаттарды және медициналық ұйым туралы басқа ұсынылған құжаттарды зерделеу);
      2) аккредиттеу стандартының дәрежесін ескеріп, балдық жүйе негізінде бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау;
      3) сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» дерекқорына енгізу.
      11.  Бағалауды жүргізу үшін аккредиттеуші орган сараптама топтарын құрады және сарапшылар арасынан топ басшысын айқындайды.
Сараптама тобының құрамына аккредиттеуші органның мамандары, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша оқытылған денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандары кіреді.
      12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Департамент медициналық ұйымды Бағалау жүргізу күні туралы хабардар етеді.
      13. Медициналық ұйымның аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау аккредиттеуші орган бекітетін графикке сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Сараптамалық бағалауды бастамас бұрын, Департамент сараптама тобының мүшелеріне ақпараттық жүйеге кіру үшін логин және пароль береді. Ақпараттық жүйеге кіруге арналған логин және пароль туралы ақпарат құпия болып табылады, жариялау мен таратуға жатпайды. Құпия ақпаратты беру фактілері анықталған жағдайда сарапшы одан арғы аккредиттеу рәсімінен дереу алыстатылады, ал оның ақпараттық жүйеге енгізген нәтижелері жойылады.
      15. Сараптама тобының мүшелері медициналық ұйымға шықпас бұрын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымды зерттеп-қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды.
      Сараптама тобы денсаулық сақтау ұйымының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сараптамалық бағалау жүргізу кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір бөлігі бойынша жеке-жеке денсаулық сақтау ұйымының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу үшін бағалау парақтарын толтырады.
      16. Сараптамалық бағалау нәтижелері МҚСБЖ автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі. Сыртқы кешенді бағалау барысында алынған денсаулық сақтау ұйымының қызметі туралы, пациенттер мен персонал туралы мәліметтерді басқа адамға беруге (соның ішінде стандарттар бөлімі (блогы) бойынша ақпаратты МҚСБЖ автоматтандырылған дерекқорына енгізу құқығын беру) жол берілмейді.
      17. Ақпаратты МҚСБЖ дерекқорына енгізгеннен кейін стандарттардың бөлімдері (блоктары) бойынша толтырылған бағалау парақтарын сараптама тобының мүшелері топ басшысына тапсырады.
      18. Көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан кейін сараптама тобының жұмысы туралы есепті сараптама тобының басшысы Департаментке тапсырады.
      19. Пациенттер мен персонал арасында сауалнама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Респонденттерді таңдау кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі. Медицина персоналының ішінен респонденттердің саны денсаулық сақтау ұйымының штат қызметкерлерінің саны кемінде 5 %-ын және сауалнама жүргізу кезінде стационарлық емделудегі немесе медициналық көмекке жүгінген адамдардың саны кемінде 5 %-ды құрайды.
      Респонденттер арасында сауал жүргізуге арналған сауалнамаларда аккредиттеу стандартының тиісті өлшемшартының нөмірі және сауалнама жүргізу күні көрсетіледі.
      Стандарттың тиісті өлшемшарттарын бағалау кезінде сұхбат жүргізу үшін респонденттердің саны әрбір нақты жағдайда жеке белгіленеді, бірақ 3 адамнан кем болмайды.
      Сұхбат жүргізу кезінде стандарт өлшемшартының мазмұнына сүйене отырып, респондент үшін түсінікті және екі жақты түсіндіруді болдырмайтындай етіп жазылған сұрақтар қойылады.
      20. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалау балдық жүйе негізінде жүргізіледі:
      5 балл – стандарт талаптарына толық сәйкестік;
      3 балл - стандарт талаптарына ішінара сәйкестік;
      0 балл – стандарт талаптарына сәйкес келмеу;
      «қолданылмайды»;
      21. Кабинеттік зерттеу үшін сараптама тобына ағымдағы кезеңде өзектілендірілген мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) ұйымның жарғысы (көшірмесі);
      2) медициналық ұйымның қосымшалары бар өзін-өзі бағалау нәтижелері;
      3) стратегиялық жоспар (көшірмесі);
      4) бизнес жоспар;
      5) ұйым жұмысының кешенді жоспары;
      6) жылдық жоспар және соңғы 3 жыл ішіндегі сапаны жетілдіру жөніндегі есеп;
      7) соңғы 3 жыл ішіндегі медициналық ұйым қызметінің индикаторларын мониторингтеу жөніндегі есеп;
      8) тәуекелдерді басқару жоспары және есебі.
      Ұсынылған құжаттарды зерттеу негізінде сараптама тобы түпкілікті бағалауға қол жеткізу үшін медициналық ұйымды қарау кезінде жинауға қажет болатын жеткіліксіз ақпаратты айқындайды.
      22. Стационарлық көмекті жүзеге асыратын және құрылымында емханалық бөлімшесі, шұғыл/авиациялық қызмет бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымы үшін осы құрылымдық бөлімшенің клиникалық қызметін бағалау стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады және емханалық қызмет амбулаториялық-емханалық көмек стандарттары бойынша (Д блоктары) және шұғыл медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының стандарттары бойынша (Д, Е блоктары) қосымша бағаланады.
      23. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын және құрылымында күндізгі стационар бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымы үшін осы құрылымдық бөлімшенің клиникалық қызметін бағалау амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады.
      24. Диагностикалық орталықтарды бағалау амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады.
      25. Басқа мекенжайда орналасқан медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерін бағалау кемінде 20 % таңдау әдісімен жүргізіледі.
      26. Бағалау аяқталғаннан кейін ақпарат ақпараттық жүйеге денсаулық сақтау ұйымының әрбір құрылымдық бөлімшесі бойынша жеке, оның ішінде ұйымның басқа мекенжайы бойынша орналасқан құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде филиалдар бөлінісінде жеке енгізіледі.
      27. Әрбір стандарттың өлшемшарттарын қолдануға болмайтын жағдайда медициналық ұйымның қызметін бағалау үшін оның өзіндік ерекшелігіне байланысты тиісті бағанда «стандарт өлшемшарты осы ұйым үшін қолданылмайды» деп белгіленеді. Стандарт бойынша орташа бағаны есептеген кезде осы өлшемшарт ескерілмейді.
      28. Әрбір стандарт бойынша бағалау нәтижелері сарапшылар тобының барлық мүшелерімен келісіледі.
      29. Стандарттың әрбір өлшемшарты бойынша балдардың нақты жиынтығы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған МҚСБЖ жүйесі аккредиттеу стандарттарының дәрежелері кестесіне сәйкес есептеледі:
      «I» дәрежедегі салмақтық коэффициент - «1,0»;
      «II» дәрежедегі салмақтық коэффициент - «0,9»;
      «III» дәрежедегі салмақтық коэффициент - «0,8».
      30. Сараптамалық бағалау аяқталғаннан кейін медициналық ұйым персоналының қатысуымен қорытынды жиналыс өткізіледі, онда сарапшылар стандарттардың әрбір бөлімі (блогы) бойынша сараптамалық бағалаудың негізгі нәтижелерінің жиынтық мәліметтерін ұсынады.
      31. Медициналық ұйымда жүргізілген Бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы кешенді бағалау кезінде анықталған аккредиттеу стандарттарының талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылады.
      32. Сараптама тобының басшысы Бағалау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымды аккредиттеу стандарттарына сәйкестікке аккредиттеу жөнінде есепті жасайды және оны Департаментке жібереді.
      33. Медициналық ұйымдарды бағалау аяқталғаннан кейін олардың нәтижелері Комиссияның отырысына шығарылады. Аккредиттеуші орган немесе уәкілетті орган аккредиттеген ұйым Комиссия отырысының қорытындылары бойынша аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді бекітеді.
      34. Бағалау нәтижелері бойынша медициналық ұйымға аккредиттеудің мынадай санаттары беріледі:
      1) аккредиттеудің екінші санаты 1-дәрежедегі стандарттарға кемінде 60 %-ға, 2-дәрежедегі стандарттарға кемінде 55 %-ға, 3-дәрежедегі стандарттарға кемінде 50 %-ға сәйкес келгенде беріледі;
      2) аккредиттеудің бірінші санаты 1-дәрежедегі стандарттарға кемінде 70 %-ға, 2-дәрежедегі стандарттарға кемінде 65 %-ға, 3-дәрежедегі стандарттарға кемінде 60 %-ға сәйкес келгенде беріледі;
      3) аккредиттеудің жоғарғы санаты 1-дәрежедегі стандарттарға кемінде 90 %-ға, 2-дәрежедегі стандарттарға кемінде 80 %-ға, 3-дәрежедегі стандарттарға кемінде 70 %-ға сәйкес келгенде беріледі.
      35. Аккредиттеуді жүргізу мерзімі аккредиттеуден өтуге өтініш тіркелген кезден бастап аккредиттеуші орган тиісті шешім шығарғанға дейін 45 жұмыс күннен аспайды.
      36. 1-дәрежедегі стандарттарға кемінде 60 %, 2-дәрежедегі стандарттарға кемінде 55 %, 3-дәрежедегі стандарттарға кемінде 50 % сәйкестік бағалау нәтижелерімен аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне аккредиттеуші орган тиісті шешім шығарғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданыс мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 жылды құрайды.
      37. Аккредиттелген медициналық ұйымының атауы өзгерген жағдайда, аккредиттеушi орган тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап күнтізбелік жеті күн iшiнде аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдейдi.
      Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiк бар болған жағдайда аккредиттелген субъектiлердiң дерекқорына тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.

3. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз


сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды
аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      38. Аккредиттеуден өтуге:


      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техника айналымы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;
      2) медициналық немесе фармацевтикалық білім беру ұйымдарында (ғылыми-педагогикалық құрам);
      3) кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте кемiнде 7 жыл жұмыс өтiлi бар жеке тұлғалар жіберіледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті алғашқы рет алуға үміткер тұлғаларға өтініш беру кезінде соңғы 2 жылдың iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында сараптама жүргiзу мәселелерi немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттырғанын куәландыратын құжат қосымша ұсынылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер тұлғаларға өтінішті беру кезінде соңғы 5 жылдың iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және бiлiм беру ұйымдарында тиісті мамандығы бойынша және (немесе) медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша кемiнде жалпы көлемi 216 сағат бiлiктiлiгiн арттырғанын куәландыратын құжат қосымша ұсынылады.
      39. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу мақсатында аккредиттеуден өту үшін жеке тұлғалар аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес, өтінім берілген аккредиттеу мамандығын көрсете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет) немесе осы Қағидалардың 38-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салалардағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) осы Қағидалардың 38-тармағы 1) және 3) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар екендігін растайтын басқа құжат;
      5) осы Қағидалардың 38-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, біліктілігін арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелері;
      6) жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарын беру туралы сертификаттардың көшірмелері;
      7) ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болған жағдайда) болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      40. Аккредиттеуден өтуге өтініш тіркелген кезден бастап, аккредиттеуші орган тиісті шешім шығарғанға дейін аккредиттеуді өткізу 22 жұмыс күнінен аспайды.
      Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол 2 кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      41. Құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аккредиттеуші органның Департаменттері жүзеге асырады.
      Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда үміткер аккредиттеуден өтуге жіберілмейді.
      42. Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Нәтижелері екі данада басып шығарылады, олардың біреуі үміткерге беріледі, үміткердің қолы қойылған екінші данасы аккредиттеуші органның тиісті Департаментінде сақталады.
      43. Сараптама қызметінің негіздері бойынша тест сұрақтарының саны - 50. Тестілеу уақыты 60 минут.
      Тестілеуден өту үшін дұрыс жауаптардың шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санының 70 %-ын құрайды.
      Жеке тұлғаларды аккредиттеу жүргізілген соң, тестілеу нәтижелері бір жылға дейін жарамды.
      Тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болған жағдайда үміткер аккредиттеу рәсімінің келесі кезеңіне жіберілмейді.
      44. Осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттарды Департамент аккредиттеу рәсімінің екінші кезеңін өткізу үшін тестілеуді өткізгеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.
      45. Үміткерлермен әңгімелесу аккредиттеуші органның төрағасының бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу жөніндегі комиссиямен Комитетте немесе аккредиттеу жөніндегі Комиссияның Департаменттерге шығуымен жүргізіледі.
      46. Аккредиттеуден тестілеудің және әңгімелесудің оң нәтижелерімен өткен жеке тұлғаға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданыс мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап 5 жылды құрайды.
      47. Тәуелсіз сарапшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда, аккредиттеушi орган тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап күнтізбелік жеті күннің iшiнде аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдейдi. Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiк болған жағдайда тәуелсіз сарапшылардың дерекқорына тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.

4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау