№ 5 САБАҚ
Тақырыбы: Энергия алмасуы. Негізгі қоректік заттардың катаболизмінің арнайы жолдары. Үшкарбон қышқылдарының циклі – мәні, ҮҚЦ-нің атқаратын қызметтері. Биологиялық тотығу және биологиялық тотығу ферменттерін тежейтін заттар. Тыныс алу комплекстері. Тотығудан фосфорлану. Тыныс алу коэффициенті. Тыныс алуды бақылау.
Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады:
1.Көмірсулардың, липидтердің және нәруыздардың ыдырау сатыларын сипаттауға.
2.Кребс циклінің, биологиялық тотығудың және тотығудан фосфорланудың мәнін, олардың энергияны түзудегі маңызын сипаттауға.
3.Энергия алмасуының сатылары арасындағы өзара байланысты көрсетуге.
Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:
Міндетті:
1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 252-282 б.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014. – 69-82 p.
3.Энзимология негіздері /К.О.Шарипов, А.Е.Есімжан,М.С.Байбулова –Алматы:2015-146 б.
Электронды ресурстар:
1. Энергетический обмен в клетке https://youtu.be/JjxlIru8dZc
2. Энергетический обмен (общее) https://youtu.be/k3iJhFraBnU
3. Метаболизм.Энергетический обмен https://youtu.be/M1QOYJrSQG4
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1.Энергия алмасуы, түсінік.
2. Энергия алмасуының сатылары (ағылшын және орыс тілдерінде).
3. Энергия алмасуының 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы катаболизм жолдары арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырауы (схема) – үш тілде.
4. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары.
5. Тіндік тыныс алу, түсінік, мәні, маңызы. Электрондарды тасымалдау тізбегі. БТ сатылары, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
6.Тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
7.БТ кезіндегі энергияның бөлінуі. Бөлінген энергия мөлшері неге тәуелді?
8.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және маңызы. БТ мен ТФ қабысу нүктелері. Тыныс алу коэффициенттері. Тыныс алуды бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |