Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет203/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   209
Дін мен діл

Дін мен Діл
тарихта ешбір ислам әлемінде кең ауқымда қолдау 
таппаған. Оның үстіне қазақ елінің әдет-ғұрпы мен 
болмысы хадистермен біте қайнасып, санасына сіңіп, 
тамырына тарап кеткен. Қазақтың көптеген мақал-
мәтелдер мазмұнына да көз жүгіртсек, қайнарының 
пайғамбарымыздың хадистеріне барып тірелетініне куә 
боламыз
333

Басқа мұсылман халықтар секілді қазақ даласында 
да пайғамбар сөздері мен сүннетіне деген құрмет пен 
қастерлеу ерекше орынға ие. Қожа Ахмет Йассауи баба
-
мыз: 
«Үмбет болсаң, Мұстафаға ерер болғыл,
Айтқандарын жан-тәніңмен сен де алғыл...
Сүннеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл,
Күндіз түні мадақ айтып, ұлпат бол», – деп, 
мұсылмандарды Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың артына 
еруге, айтқан хадистеріне сеніп, сүннеттерін бекем тұтуға 
шақырған.
Қазақ халқының хадиске деген құрметін Абайдың:
«Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз»
334
, – деген өлең жолдары
-
нан да байқауға болады. Абай бұл жыр жолдарында аят 
пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін, ал одан өзге 
ойларды еркін айтуға болатындығын жеткізген. Абайдың 
басқа бір өлеңінде: 
«Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бәйіт сымал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
333
Кеңірек мағлұмат үшін қараңыз: Шәмшат Әділбаева, Сүннет-
салтымыз, хадис-ғұрпымыз, 
«Көкжиек»
баспасы, 2009 ж.
334
Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 32-бет. 
«Атамұра»
баспасы, 2002 ж.


273
Дін мен Діл
Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы»
335
, – деп 
Құран аяты мен пайғамбар хадисінің сөздердің ішіндегі 
ең қастерлісі екенін әрі олардың қисынмен қиысатынан 
жеткізген.
Ал Ақмолла ақын:
«Жарар еді өзімізді қарасақ біз,
Ғылымның керегіне жарасақ біз.
Ғылымды ғибадатқа ат қылып мініп,
Көбірек тәпсір, хадис қарасақ біз», – деп хадистерді 
оқуға, ғылым үйренуге шақырған.
Сөз соңы ғасырлар бойы қалыптасып, халқымыздың 
жүрегіне бекіген сүннетке деген шынайы сенім мен 
құрметтің мұндай тамыры жоқ таяз тұжырымдармен 
шайқалмасы анық. 
335
Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 48-бет. 
«Атамұра»
баспасы, 2002 ж.



275

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау