Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесін беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізеді және қоғамдық бірлестіктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуіне жәрдемдеседі.
2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.
3. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
10-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәсіпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi.
Мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) қызметіне қатысуға міндетті.
2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Тұрғылықты жердегi және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру мен спорт
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:
1) спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесуді қамтиды.
2. Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру мен спорт
1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.
2. Жергілiктi атқарушы органдар мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
3. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.
4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстар өткiзудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға, оның ішінде Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадаға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
13-бап. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы
1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.
2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.
3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысуы
Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:
дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;
спорт медицинасы мен емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;
халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау
1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.
4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.
6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.
3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары дәрежедегі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі спортшыларын даярлау келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары
1. Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады.
2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.
18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Спорттың әр түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер конкурстық негiзде құрады. Спорт принциптерiн сақтай отырып, алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамаған, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.
19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.
2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Спорт резервін даярлау
1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:
1) спорттық-сауықтыру;
2) бастапқы даярлық;
3) оқу-жаттығу;
4) спорт шеберлігін жетілдіру;
5) жоғары спорт шеберлігі.
2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер мен құралдар
1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2. алынып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-1 баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Спорттық сыныптама
1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы;
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.
3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.
4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.
5. Спорт төрешілеріне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
ұлттық спорт төрешiсi;
бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
спорт төрешiсi.
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды
22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;
3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;
4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;
5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-1-бап өзгертілді
23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, спорт түрлері бойынша жергілікті қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
3. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
2. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады.
2. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,
материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен қамтамасыз ету
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
6. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру - спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен ілеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және олардың келісімімен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
27-бап. Спорт ғимараттары
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтік бөлу арқылы анықтауы мүмкін.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды, соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарын құрмай жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсаттарын өзгертуге жол берілмейді.
28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау және дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар
1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi педагогтiк қызметке жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар жiберiледi.
3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн арнаулы бiлiктiлiк нормаларымен анықталады.
4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешілігіне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен спорт түрлерінің төрешісі ретінде аттестатталған адамдар жiберiледi.
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер
және әлеуметтік кепілдіктер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен көрсетiлетiн қызметтер
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы
1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн «КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi» атағы бар аса көрнектi спортшыларға олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың «Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдік спорт клубына) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) өзара келісімімен ауысуға құқығы бар.
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 30-1-бап өзгертілді
30-1-бап. Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы барларға - 24 айлық есептік көрсеткіш;
2) «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және (немесе) «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 24 айлық есептік көрсеткіш.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық қызмет
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Халықаралық спорт қызметi
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық дене шынықтыру-спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, «Олимпиадалық», «Олимпиада» деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |