16
5.4.
Қызметкерлерді іріктеу, дамыту, оқыту және кәсіби тұрғыдан даярлау
Адам ресурстарын басқарудың бірыңғай моделін қалыптастыру, атап
айтқанда үш деңгейлі тағайындаулар жүйесін қалыптастыру аясында
атқарушылық деңгейдегі қызметкерлер «Даму» қорына ашық байқау рәсімдерін
өткізу арқылы қабылданады. Басқару буынының қызметкерлері (құрылымдық
бөлімшелердің, аймақтық филиалдардың директорлары) кадрлық резервтегі
атқарушылық деңгейдегі қызметкерлердің лауазымын жоғарылату арқылы немесе
қажет болған жағдайда сырттан жоғары білікті мамандарды іздестіру арқылы
тағайындалады. Қызметкерлерді тартудың осындай жүйесі басқарудың барынша
нәтижелі принциптерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,
стратегиялық мақсаттардың бірыңғайлығын, корпоративтік мәдениеттің бүтіндігін
сақтайды.
Қызметкерлердің құрамын сапалы түрде күшейту үшін қаржылық талдау,
менеджмент тақырыптары бойынша үнемі семинарлар ұйымдастырылады және
жүргізіледі.
Фронт-кеңсе
қызметкерлері
халықаралық
кездесулер
мен
конференцияларға қатысады, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау
мәселелеріндегі халықаралық тәжірибелерді зерттеуге және оларды «Даму»
қорының жұмысына енгізуге мүмкіндік береді.
2013 жылы 220 адам оқытудан өтті, бұл қызметкерлердің жалпы санының
77%-
ын құрайды.
Жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының 25-тен астам студенті
практикаға және машықтануға қабылданды.
5.5.
Тұрғын үй саясатын іске асыру
«Даму» қорының қызметкерлеріне тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек
көрсетілуі мүмкін. Мысалға, шақырылған қызметкерлер үшін тұрғын үй жалдау
ақысын төлеуге жұмысалатын шығыстарды ішінара өтеу мүмкіндігі көзделген. 2013
жылы қызметкерлерге Қордың теңгеріміндегі жылжымайтын мүлікті беру
механизмі әзірленді.
5.6.
Мәдениет және спорт
Корпоративтік мәдениеттің ұйымның нәтижелілігін арттырудағы маңызы зор.
2013 жылы қала сыртында тим-билдинг ұйымдастырылды, онда «Даму» қорының
аймақтық филиалдары мен бас кеңсесінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері
өткізілді. Алға қойылған мақсаттарға кәсіби түрде қарау, ұжымдағы ізгі ниеттілік
қызметкерлерді қосымша ынталандырады, қызметкерлердің ұйымның қызметімен
өзін-өзі сәйкестендіруін арттырады, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге
жағымды ұйымдық жағдай жасайды.
Сондай-ақ 2013 жылы «Даму» қорының қызметкерлеріне фитнес-орталыққа
баруға арналған абонементтерді сатып алуға байланысты шығыстар ішінара
өтелді.
5.7.
Денсаулық сақтау
«Даму» қорының қызметкерлері «Даму» қорының бюджетінде көзделген
қаражаттың есебінен жыл сайынғы медициналық сақтандырумен қамтамасыз
етіледі.
17
6-
бөлім. Қоғаммен өзара әрекет ету
6.1.
Аймақтарға және жергілікті қауымдастыққа (Қор қызмет ететін
аймақтарға) бағытталған инвестициялар бойынша көрсеткіштер
Елдегі шағын және орта бизнес секторын аймақтық дамытудағы
диспропорцияларды азайту мақсатында «Даму» қоры аймақтардың қамтылуы
деңгейін ұлғайтуға, аймақтық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруға бағытталған
бірқатар бағдарламаларды іске асыруда, атап айтқанда: «Даму-аймақтар»
бағдарламасы,
«Даму-аймақтар
2»
бағдарламасы,
«Даму-аймақтар
3»
бағдарламасы, ШОК жобаларын аймақтық қаржыландыру бағдарламасы, Шағын
қалаларда ШОК жобаларын қаржыландыру бағдарламасы және т.б.
6.2.
Қайырымдылық және демеушілік көмек көрсеткіштері
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (бұдан әрі «Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ» деп аталады) және ұлттық даму институттарының, ұлттық
компаниялардың және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден
астам пайызы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде
тиесілі басқа да заңды тұлғалардың демеушілік және/немесе қайырымдылық
көмек көрсету саясатына сай жылдық бюджетте/Даму жоспарында қажетті
қаражаттың болуы демеушілік көмек көрсету принциптерінің бірі болып табылады.
Соңғы үш жылда «Даму» қорының бюджетінде демеушілік және/немесе
қайырымдылық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстардың жоспарланбағанын
ескеретін болсақ, «Даму» қоры демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек
көрсеткен жоқ. Бұл кезде «Даму» қоры ауру ересектер мен балаларға, сондай-ақ
ҰОС ардагерлеріне жеке тәртіппен материалдық көмек көрсетеді.
6.3.
Салықтық төлемдер
2013 жылы «Даму» қоры келесі салықтарды және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төледі:
№
Салықтың түрі
Сома, мың теңге
1
Корпоративтік табыс салығы
1 024 530,0
2
Әлеуметтік салық
133 213,5
3
Әлеуметтік аударымдар
33 332,4
4
Жеке табыс салығы
149 437,3
5
Көлік құралдарына салынатын салық
471,1
6
Жер салығы
176,4
7
Мүлікке салынатын салық
13 360,0
8
Міндетті зейнетақы аударымдары
157 424,8
9
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төленетін
ақы
161,3
10
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін
төленетін ақы
836,8
11
Аукционнан жиналған алым
780,7
6.4.
Ақпараттық саясат
Ақпараттық саясат (бұдан әрі «Саясат» деп аталады) дегеніміз корпоративтік
18
ақпаратты тарату үрдісін ғана емес, Қордың мақсатты аудиториялардағы бейнесін
қабылдау үрдісін басқаруға мүмкіндік беретін ақпаратты жария еткен кезде «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның (бұдан әрі «Қор» деп аталады) іс-әрекеттер, іс-
шаралар және регламенттер кешені.
Мүдделі тұлғаларға Қор жөніндегі, оның ағымдағы қызметі, жағдайы және
даму перспективалары жөніндегі шынайы ақпаратты Қазақстан Республикасы
заңнамасының, Қор Жарғысының, Қордың ақпаратын жария ету жөніндегі
ережелердің талаптарына сәйкес және корпоративтік басқарудағы үздік әлемдік
тәжірибеге сай барынша толық және уақтылы беру Саясаттың мақсаты болып
табылады.
Саясаттың мақсатына қол жеткізу аясында төменде аталғандар негізгі
міндеттер болып табылады:
1.
Қор жөніндегі шынайы ақпаратты уақтылы жария ету.
2.
Қордың
ақпараттық
ашықтығын
арттырудың
есебінен
Қордың
инвестициялық тартымдылығының өсуіне септігін тигізетін қосымша ақпаратты
жария ету.
3.
Активтер құнының ұлғаюына, оның қызметінің қаржылық және басқа да
көрсеткіштерінің артуына септігін тигізетін Қордың жағымды бейнесін
қалыптастыру.
Саясаттың принциптері
Төменде аталғандар Саясаттың негізгі принциптері болып табылады:
1)
ақпаратты жария етудің тұрақтылығы және уақтылығы. Қолданыстағы
заңнамаға және ішкі құжаттарға сай ақпарат беру мерзімдерін және жүйелілігін
сақтауға қатысты Қордың жауапкершілігін білдіреді;
2)
ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі. Қордың мүдделі тараптар аз
шығындар жұмсап еркін, ауыртпалықсыз қолжетімділік ала алатын ақпаратты
тарату арналарын таңдауын білдіреді. Қызметтік, коммерциялық және заңның
негізінде қорғалатын басқа да құпия болып табылатын ақпаратқа қатысты
құпиялылық режимін сақтауды ескере отырып, Қордың өз қызметі жөніндегі
ақпараттың барынша ашықтығын қамтамасыз ету ниетін іске асырады;
3)
ақпарат мазмұнының шынайылығы және толықтығы. Қордың Жалғыз
акционерге және басқа да мүдделі тараптарға шындыққа сәйкес келетін және
сипатталатын фактіні немесе оқиғаны толық көлемде түсінуге жеткілікті болатын
ақпаратты берудегі жауапкершілігін білдіреді;
4)
ақпаратты жария ету жеделдігі. Ерекше маңызды фактілер мен
оқиғаларды сипаттайтын және Жалғыз акционердің және басқа да тараптардың
мүдделеріне қатысты болатын (соның ішінде олардың тиісті шешімдерді
қабылдауы қажет болған кезде) барынша маңызды ақпаратты барынша қысқа
мерзімде берудегі Қордың жауапкершілігін білдіреді.
Саясатты іске асыру механизмі
Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
бұқаралық ақпарат құралдарында төменде аталғандарды жариялауға міндетті:
жылдық қаржылық есептілік;
қайта құру жөніндегі ақпарат;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде Қазақстан
Республикасының заңнамасына және Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес
басқа да ақпарат.
Көпшілік компания болып табылмайтын Қор корпоративтік веб-сайтта келесі
көпшілікке қолжетімді ақпаратты жария етуге құқылы, бірақ міндетті емес:
Қордың Жарғысы, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар;
19
Корпоративтік басқару кодексі;
Директорлар кеңесі туралы ережелер;
аффилиирленген тұлғалардың тізімі;
Қордың жылдық есебі;
жылдық қаржылық есептілік;
ірі мәміленің жасалғаны туралы хабар;
несиелік тарихы және Қорға берілген несиелік рейтингтер;
Қор қызметінің түрлері жөніндегі таныстырылымдар (мәтін, слайдтар);
Қордың лауазымдық тұлғаларының көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің
мәтіндері, бар болған жағдайда бейне және дыбыстық жазбалары;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген
жағдайларда бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, оған енгізілетін
өзгерістер және толықтырулар;
еншілес ұйымдар жөніндегі ақпарат;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және/немесе Қордың уәкілетті
органының шешімдеріне сай басқа да мәліметтер.
Қор Басқармасы Төрағасының шешімі бойынша Қор корпоративтік веб-сайтта
келесі қосымша ақпаратты орналастыра алады:
-
Қордың коммерциялық құпиясы болып табылмайтын мәліметтерге
жатқызылмаған Қор қызметінің көрсеткіштері;
-
жаңалықтар;
-
баспасөз релиздері;
-
байланыс ақпараты;
-
Қордың ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес басқа да ақпарат.
Қор Жалғыз акционердің назарына Жалғыз акционердің мүдделеріне
қатысты болатын өзінің қызметі жөніндегі ақпаратты жеткізуге міндетті.
Ішкі ақпаратты қорғау
Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың ішкі
құжаттарына сәйкес құпия ақпаратты қорғауға бағытталған шараларды
қолданады.
Құпия ақпаратты, қызметтік, коммерциялық және заңның негізінде қорғалатын
басқа да құпияны қорғау, іскерлік ақпараттың жария етілуінен немесе заңсыз
берілуінен келтірілген ықтимал залалды болдырмау, кез келген мүдделі
тұлғалардың осы ақпаратты заңсыз пайдалануы фактілерін болдырмау
мақсатында Қордың Басқармасы құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
Қордың Басқармасы жария етілетін ақпаратты дайындаудың, келісудің және
мазмұны мен мерзімдерін қадағалаудың сенімді механизмін, Қордың құжаттарын
сақтаудың тиісті жүйесін, ақпараттық ресурстардың функционалдығы мен
сақталуын қамтамасыз етеді.
Қор Қордың ішіндегі, сол сияқты одан тыс мекемелердегі тиісті
қызметкерлерге Қордың Қор жөніндегі ақпаратты жария етуі қабілетіне қатысты
қадағалау құралдарын енгізуі туралы хабарлайды және Қордың Директорлар
кеңесі мүшелерінің және тиісті қызметкерлерінің ақпаратты жария ету саясатын
қолдануға жеткілікті түрде дайындалуын қамтамасыз етеді.
Өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты Қоғаммен және
Жалғыз
акционермен
байланысуды
жүзеге
асыруға
уәкілетті
Қордың
қызметкерлері барлық мүдделі тұлғаларға жария етілетін Қордың қызметі
жөніндегі маңызды ақпаратқа бір уақытта қолжетімділік алуына деген бірдей
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ жалған ақпарат туындаған
20
жағдайда және оның таратылуы Қорға және Жалғыз акционерге залал келтіруге
әкеліп соқтырған жағдайда, осындай жалған ақпаратты жоққа шығаруға
бағытталған шараларды қолдануға тиіс.
Қордың қызметкерлері ішкі (қызметтік) құпия ақпаратты жария етпеуге
міндетті.
Мүдделі тұлғаларға көпшілікке қолжетімді ақпаратқа жатқызылмаған
ақпаратты жария ету
Қор мүдделі тұлғаларға Қордың ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратқа,
қызметтік, коммерциялық және заңның негізінде қорғалатын басқа да құпияға
жатқызылмаған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
тәртіпке сай және мерзімдерде береді.
Ақпаратты жария ету үшін жауапкершілік
Қордың ақпаратын жария еткен кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы,
сондай-ақ Қордың ішкі нормативтік құжаттары талаптарының бұзылуына жол
берілген жағдайда және бұл Қорға және (немесе) оның Жалғыз акционеріне залал
келтіруге әкеліп соқтырған жағдайда, осындай бұзушылықты жасаған кінәлі
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке
тартылады.
6.5.
Мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес
ұйымдармен, шетелдік ұйымдармен және басқа да тараптармен әлеуметтік
серіктестік саласында өзара әрекет ету көрсеткіштері
Мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес
ұйымдармен, шетелдік ұйымдармен және басқа да тараптармен өзара әрекет ету
аясында «Даму» қоры келесі жұмыстарды жүргізеді:
мемлекеттік ұйымдар құратын түрлі жұмыс топтарына қатысады;
кері байланыс механизмін және билік органдарымен өзара қарым-
қатынастарында Қордың мүдделеріне өкілдік ету механизмін қалыптастырады;
ҚР Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысады;
әлеуметтік тұрғыдан маңызды акциялар мен іс-шараларды бірлесе отырып
өткізеді;
алуан түрлі мәселелер бойынша билікпен, қоғаммен және бизнеспен
талқылаулар және диалогтың басқа да түрлерін, сондай-ақ пікір алмасуды
жүргізеді;
әлеуметтік тұрғыдан жауапты бизнесті қайырымдылық қызметпен,
жебеушілікпен айналысуға итермелейтін бағдарламаларды іске асырады және
басқа да жұмыстарды жүргізеді.
«Даму» қоры Басқармасының жанында кеңес беру-кеңесу органы болып
табылатын Қазақстан Республикасындағы ШОБ субъектілерін қолдауды
белсендендіру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.
Кеңестің құрамына қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлердің іскерлік
қауымдастықтарының (одақтарының), соның ішінде «Атамекен» одағы» ҚҰЭП-ның,
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлері форумының,
«КАЗКА» қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының және т.б. ұйымдардың
өкілдері кіреді.
ШОБ-ті дамыту жөніндегі ұсынымдарды зерттеу, талқылау және
қалыптастыру, бизнес-құрылымдар өкілдерінің, билік органдарының және үкіметтік
емес ұйымдардың арасындағы диалогқа жағдай жасау қоғамдық кеңестің негізгі
міндеттері болып табылады.
21
Қоғамдық кеңестің жұмысы – ШОБ-ті қолдаудың қаржылық, сол сияқты
қаржылық емес бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру барысында «Даму»
қоры жұмысының ашықтығын арттырудың маңызды құралы.
Жыл сайын Қоғамдық кеңестің кем дегенде екі отырысы өткізіледі.
6.6.
Жеткізушілермен және қосалқы мердігерлермен өзара әрекет ету
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған кезде «Даму» қоры
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе
жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға
тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді
сатып алу ережелерін, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ акционерлік қоғамының және дауыс
беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік
немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелерін
басшылыққа алады, олар «Даму» қоры АҚ Басқармасының 2013 жылғы 13
желтоқсандағы шешімінің (№ 088/2013 хаттама) негізінде бекітілген «Даму» қоры»
АҚ-ның тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру
тәртібін айқындайды.
Сөйтіп жеткізушілермен өзара әрекет ету ашық тендер, баға ұсыныстарын
сұрату тәсілдерімен немесе бір көзден жеткізу тәсілімен жүргізілген сатып алу
нәтижелері бойынша жасалатын шарттық қатынастардың негізінде жүзеге
асырылады.
22
1-
қосымша
ДИРЕКТОРЛАР
КЕҢЕСІ
БАСҚАРМА
ТӨРАҒАСЫ
Ішкі аудит қызметі
Корпоративтік хатшы
ТӨРАҒАНЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
ТӨРАҒАНЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
ТӨРАҒАНЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Кепілдендіру
департаменті
Адам ресурстарын
басқару
департаменті
БАСҚАРУШЫ
ДИРЕКТОР –
БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Заң
департаменті
Бағдарламалық
қарыздар
департаменті
Корпоративтік
даму департаменті
Қоғаммен байланыс
және маркетингтік
коммуникациялар
департаменті
Қауіпсіздік
департаменті
Бюджеттік
жоспарлау
департаменті
БАСҚАРУШЫ
ДИРЕКТОР –
мемлекеттік
органдармен өзара
әрекет ету
департаментінің
директоры
Тәуекел
менеджменті
департаменті
Мониторинг
департаменті
Субсидиялау
департаменті
Оқыту және
сервистік қолдау
департаменті
Ақпараттық
технологиялар
департаменті
Әкімшілік
департамент
БАСҚАРУШЫ
ДИРЕКТОР –
БАСҚАРМА МҮШЕСІ
БАСҚАРУШЫ
ДИРЕКТОР –
БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Ақпараттық-
аналитикалық
департамент
Мемлекеттік органдармен
өзара әрекет ету
департаменті
Бухгалтерлік есеп
және есептілік
департаменті
Мәселелі
активтермен жұмыс
істеу департаменті
Халықаралық
ынтымақтастық және
қашықтық консалтинг
департаменті
Аймақтық филиалдар
Достарыңызбен бөлісу: |