14
қаражаттың үлесі
ШОБ субъектілерінің кәсіби деңгейін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту
1
Кезең ішінде ШОБ-ті қаржылық
емес тұрғыдан қолдау жөніндегі
Қор бағдарламаларында
қамтылған кәсіпкерлердің және
кәсіпкерлік бастамасы бар
тұрғындардың саны
Бірлік
28 052
30 556
21 000
50 939
243%
2
Қордың оқыту және кеңес беру
жөніндегі бағдарламаларына
қатысушылардың жалпы
санындағы әрекеттегі
кәсіпкерлердің үлесі
%
51%
59,9%
35%
70%
200%
Жалпы 2013 жылдың қорытындылары бойынша қызмет нәтижелілігінің
барлық стратегиялық өндірістік негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың
орындалғаны байлақып отыр.
3.2.
Қазақстандық құрам көрсеткіштері
2013 жылы тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі 4 872 млн. теңгені
құрады. Соның ішінде: тауарлар – 2 236 млн. теңге, қызметтер – 2 393 млн. теңге,
жұмыстар – 243 млн. теңге.
1
200 млн. теңге республикалық бюджеттің есебінен
кәсіпкерлікке сервистік қолдау көрсетуге жұмсалады деп жоспарланды. Алайда
бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың жоғарыда аталған қызметтерді
сатып алуы үшін аймақтардың арасында бөлістірілді.
2013 жылы жасалған шарттардың сомасы 3 114 млн. теңгені құрады. Соның
ішінде: тауарлар бойынша – 1 563 млн. теңге, қызметтер бойынша – 1 323 млн.
теңге, жұмыстар бойынша – 228 млн. теңге.
Жалпы 2013 жылы сатып алулардағы қазақстандық құрамның көрсеткіші
88%-
ды құрады, соның ішінде: тауарлар бойынша – 78 %, қызметтер бойынша –
99%,
жұмыстар бойынша – 82%.
4-
бөлім. Экологиялық нәтижелілік
4.1.
Экологиялық нәтижелілік және экологиялық менеджмент жүйесін
дамыту көрсеткіштері
«Даму» қоры өндірістік кәсіпорын болып табылмайды, осыған байланысты
қызметінің барысында Қор қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
4.2.
Энергия үнемдеу көрсеткіштері
Қаражатты үнемдеу және электр энергиясын үнемдеу үшін Қордың
ғимаратында ЛБ-18 және ЛД-18 энергия үнемдейтін шамдары және тәулік
уақытына байланысты тарификациясы әр түрлі келетін есептеуіштер орнатылған.
Қазіргі уақытта даланы жарықтандыруға арналған қызу шамдарын энергия
үнемдейтін шамдарға ауыстыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
15
5-
бөлім. Қызметкерлермен өзара әрекет ету
5.1
Кадрларды дамыту және қызметкерлермен өзара әрекет ету
көрсеткіштері
«Даму» қорында адам ресурстарын басқару саясаты келесі стратегиялық
бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
адам ресурстарын басқарудың
бірыңғай моделін қалыптастыру;
еңбек нәтижелілігін арттыру;
адам капиталының сапасын арттыру;
корпоративтік мәдениетті дамыту.
Төменде аталғандар «Даму» қорының Кадрлық саясатын нәтижелі түрде іске
асырудың негізгі көрсеткіштері болып табылады:
кадрлық
резервтің
құрамынан
басқару
және
басшылық
ету
деңгейлеріндегі лауазымдарға тағайындау көлемі кем дегенде 70% болуға тиіс;
байқау бойынша қабылданған әкімшілік қызметкерлердің үлесі кем
дегенде 100%-ды құрауға тиіс;
қызмет нәтижелілігінің жеке негізгі көрсеткіштерінің басшылық етуші
қызметкерлерді қамтуы – 100%;
компанияның басқару құрылымын оңтайландыруға байланысты іс-
шараларды қоспағанда, кадрлардың тұрақтамауының деңгейі көп дегенде 14%
болуға тиіс;
бір жыл ішінде оқытудан өткен қызметкерлердің қамтылу деңгейі – 80%.
5.2.
Еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік. Ұжымдық-шарттық
қатынастар және кәсіподақтармен өзара әрекет ету
2010 жылдың сәуір айында «Даму» қорының қызметкерлері ұжымдық шартқа
қол қойды. Ұжымдық шарттың болуы «Даму» қорының тұрақты дамып келе
жатқанын, өз қызметкерлерінің қамын ойлайтынын, еңбек ұжымының
белсенділігін, ұйымшылдығын және жоғары білімділігін көрсетеді, осының барлығы
жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді.
5.3.
Сыйақы және ынталандыру
Сыйақы төлеудің және ынталандырудың ашық жүйесін ендіру мақсатында,
сондай-ақ еңбек нәтижелілігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап қызметтің негізгі
көрсеткіштерінің негізінде «Даму» қорының қызметкерлерін бағалау жүйесін
ендіруге бағытталған жұмыс жүргізілуде. Механизм ұйымның стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін үнемі қадағалап отыруға, сондай-ақ
қызметкерлердің нәтиже үшін жеке жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
2013 жылдан бастап Қорда әкімшілік қызметкерлердің қызметін мақсаттар
бойынша бағалаудың жетілдірілген жүйесі қолданылып келеді. Жаңа бағалау
жүйесінің артықшылықтары:
Әр аймақтық филиал және құрылымдық бөлімше үшін мақсаттар картасы
жасалады.
Қызметкерге төленетін сыйлықақы коэффициенті мақсаттар картасын
орындау нәтижесіне тікелей байланысты.
Жаңа жүйе сыйлықақы қорын ұлғайтпай нәтижелі қызметкерлерді
ынталандыруға және ұстап қалуға мүмкіндік береді.