8
Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталған басым
шартсыз принциппен қатар «Даму» қоры өзінің қызметі ықпал ететін алуан түрлі
мүдделі тараптардың – инвесторлардың, серіктестердің, қарыз алушылардың,
қызметкерлердің, жеткізушілердің, бизнес-қауымдастықтардың, мемлекеттік
басқару органдарының және жалпақ жұрттың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік
жөніндегі ерікті міндеттемелерді өзіне жүктейді.
Мүдделі тараптармен өзара әрекет еткен кезде «Даму» қоры корпоративтік
әлеуметтік жауапкершіліктің келесі негізгі принциптерін басшылыққа алады:
1. Ашықтық принципі. «Даму» қоры компания, оның кәсіпкерлікті қолдауға
арналған бағдарламалары, өз қызметінің жетістіктері және нәтижелері жөніндегі
ақпараттың барынша ашық және сенімді болуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Сонымен қатар «Даму» қоры коммерциялық құпияны және заңның негізінде
қорғалатын басқа да құпияны құрайтын мәліметтердің жария етілмеуін
қадағалайды.
2. Серіктестік принципі. «Даму» қорының басшылары мен қызметкерлері
өздері өзара қызметтесетін мүдделі тараптардың мүдделерін, үміттерін және
күмәндарын зерттейді әрі бағалайды, сондай-ақ жаңа серіктестік қатынастар
орнатуға және бұрыннан бар қатынастарды нығайтуға ұмтылады.
3. Бейімделушілік принципі. «Даму» қоры мүдделі тараптардың ниеттері мен
сұратуларына, сондай-ақ нарықтағы жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет етеді және
өз қызметіне қажетті түзетулер енгізеді әрі кәсіпкерлікті қолдау құралдарын
қолданады.
4. Кешенді тәсілдеме принципі. «Даму» қоры кәсіпкерлікке және мүдделі
тараптарға барынша пайдасын тигізетін жобаларға бағдарланады, яғни олардың
қызметінің экономика мен қоғамның дамуына қандай әсер тигізетінін ескереді.
5. Қызметкерлердің алдындағы жауапкершілік принципі. «Даму» қоры еңбек
ақысының деңгейі бәсекеге қабілетті болатын жұмыс орындарын және әлеуметтік
кепілдіктерді беруге, сондай-ақ еңбек етудің қауіпсіз және жайлы жағдайларын
қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз қызметінде «Даму» қоры әлеуметтік-еңбек
қатынастары саласындағы нормалардың шартсыз сақталуын қамтамасыз етеді,
сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамуына және оқуына
жәрдемдеседі.
Корпоративтік
сайтта
«Даму»
қорының
корпоративтік
әлеуметтік
жауапкершілік саласында жүргізетін жұмысына жеке бір бет арналған. Онда
бекітілген принциптер және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі жыл
сайынғы есептер орналастырылған.
2.1.
Әлеуметтік бағдарламалар және әлеуметтік сала нысандары
бойынша көрсеткіштер
«Даму» қорының корпоративтік басқаруына жүргізілген диагностиканың
нәтижелері бойынша жасалған, KPMG халықаралық компаниясы дайындаған
корпоративтік басқару деңгейінің үздік әлемдік тәжірибеге сәйкестігі туралы есепте
Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында жүргізетін жұмысының
бірқатар оң жақтары атап өтілді. Атап айтқанда, жағымды жақтарға төменде
аталғандар жатады:
1.
«Даму» қоры қызметінің негізгі көрсеткіштерінің әлеуметтік сипаты бар.
2.
«Даму» қорының басшылығы қызметтің әлеуметтік сипаттағы негізгі
көрсеткіштерін үнемі қадағалайды.
9
3.
«Даму» қоры басшылығы жұмысының нәтижелерін бағалаған кезде Қор
қызметінің әлеуметтік сипаттағы негізгі көрсеткіштері ескеріледі. Мысал ретінде
«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша қамтылған кәсіпкерлердің санын,
шағын бизнес субъектілерінің қайта қаржыландырылған қарыздарының санын
және т.б. айтуға болады.
4.
«Даму» қорының әлеуметтік сипаттағы қызметі нақты құрылымдалған.
Қорда Субсидиялау және кепілдендіру департаменті, Бағдарламалық қарыздар
департаменті, Қаржылық емес бағдарламалар департаменті құрылды, олардың
қызмет функцияларының ішінде әлеуметтік функция да бар.
5.
«Даму» қорында Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық бекітілген.
6.
«Даму» қорында қызметкерлерді басқару мәселелерін регламенттейтін
бірқатар құжаттар, атап айтқанда Қызметкерлерді іріктеу жөніндегі ережелер,
Аймақтық
филиалдарда
бос
лауазымдар
байқауын
өткізу
ережелері,
Қызметкерлерді қабылдау, аудару және жұмыстан шығару тәртібі жөніндегі
ережелер, Қызметкерлер еңбегінің ақысын төлеу ережелері, Қызметкерлерге
әлеуметтік қолдау көрсету ережелері, Қызметкерлерді аттестациялауды жүргізу
ережелері және т.б. бекітілген.
7.
Аталған саясаттар олардың мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін және
негізгі талаптарын айқындайды.
8.
«Даму» қоры іске асыратын негізгі жобалар мен бағдарламалардың
әлеуметтік тұрғыдан пайдалы функциясы бар.
9.
Әлеуметтік сипаттағы әр жобада немесе бағдарламада бекітілген
мақсаттар, іске асыру мерзімі және бюджет бар.
10.
Әлеуметтік сипаттағы әр жоба немесе бағдарлама қол жеткізілген
мақсаттарға қол жеткізу және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне тигізген әсері
тұрғысынан бағаланады.
2009 жылдың маусым айында «Даму» қорының Директорлар кеңесі «Бизнес-
кеңесші» атты тренинг-оқыту бағдарламасын бекітті. Бағдарламаны әзірлеген
кезде «Даму» қоры төменде жазылғандарға көңіл бөлді:
Қазақстанның барлық аймақтарының
толықтай қамтылуы;
оқу курсының практикаға бағдарлануы және қолжетімділігі;
шығасылардың
төмен болуы;
тегін таратылатын материалдар және ақысыз оқу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 31.12.2010
жылғы № 1520 Қаулысына сай «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы
«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты 4-ші бағытпен толықтырылды.
4-
ші бағыттың аясында жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге қолдау
көрсету (старт-ап жобалар), соның ішінде кәсіпкерлер мен халыққа кәсіпкерлік
қызметтің негіздерін қысқа мерзімде оқыту («Бизнес-кеңесші» жобасы) арқылы
қолдау көрсету көзделеді.
Мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарды қолдау мақсатында
«Даму» қоры «Даму-Көмек» бағдарламасын әзірледі.
«Даму» қоры қаржыландыру бермейді, ол мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер
мен ықтимал демеушілер мен несиегерлердің арасындағы байланыстырушы буын