9
дағдарыстық көріністердің болуымен сипатталады. Бұл ретте, неғұрлым өзекті
проблема жұмыссыздықтың жоғары, кірістің төмен болуы және соның
салдарынан жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі факторларының болмауы
болып қалады. Инвестициялық кірістер қысқарады, олардың донор елдерге
репатриациясы күшейетін болады.
2018 – 2022 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне 40 АҚШ доллары
деңгейінде және аталған деңгей орта мерзімді перспективада сақталады.
Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістері
мен әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды қалыптастыру
кезінде параметрлері ағымдағы болжалдан елеусіз ғана ауытқумен неғұрлым
ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.
10
II 2018 – 2022 жылдарға арналған
экономикалық саясаттың
мақсаттары мен міндеттері
Орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясаты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере
отырып Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050 стратегиясын», бес
институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын,
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты
2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын
одан әрі іске асыруға бағытталады.
Әлемдегі қалыптасқан геоэкономикалық жағдайды, әлемдік тауар
нарықтарында сақталған белгісіздік пен қазақстандық экономиканың жаңа
сыртқы және ішкі даму жағдайларына бірте-бірте бейімделуін ескере отырып,
негізгі күш-жігер қазақстандық экономиканың икемді моделін құруды
жалғастыруға жұмсалатын болады.
2018-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі
мақсаты – экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және ең дамыған
30 елдің қатарына ілгерілеуді жалғастыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін орта мерзімді кезеңге айқындалған
әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары мыналар:
1) ақша-кредит саясатының ынталандырушы рөлін қалпына келтіру мен
экономиканы қаржыландыруға жеке меншік капиталды тарту, орта мерзімді
перспективада инфляция деңгейін 3-4%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету, банк
секторын сауықтыру, қор нарығын дамыту, салық саясатының ынталандырушы
рөлін қамтамасыз ету, бюджет шығыстарын ұтымды ету, фискалдық
орталықсыздандыру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
2) цифрлық технологиялар мен сервистерді қолдана отырып, жаңа
индустрияларды насихаттау, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беруде
насихаттау, Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті (бұдан әрі – КЖҚ)
қамтамасыз ету және 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг және басқа да
перспективалы салаларды дамыта отырып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру есебінен технологиялық жаңғырту;
3) базалық
салаларды
технологиялық
қайта
жарақтандыру,
индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді, көліктік және логистикалық
инфрақұрылымды, сондай-ақ құрылыс секторын дамыту, экспортты ілгерілету,
инвестицияларды тарту, тау-кен-металлургия және мұнай-газ кешендерінің
стратегиялық маңызын сақтау, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, сондай-ақ
экономиканың базалық салаларының еңбек өнімділігін арттыру арқылы
экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту.
Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында
қызметкерлердің басқа салаларға басқарылатын көшу үшін жағдайлар жасалатын
болады;
4) Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасының шеңберінде қамтуды ұлғайту, «Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – БЖК 2020)
11
одан әрі іске асыру, бизнес пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту үшін
шығасылардың барлық түрлерін азайту есебінен бизнес-ортаны түбегейлі
жақсарту және кеңейту. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
(бұдан әрі – ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес монополияға қарсы реттеу
құралдарын тиімді қолдану арқылы экономикаға мемлекеттің қатысуын нақты
шектей отырып, сапалы институционалдық ортаны қалыптастыру жолымен
бәсекелестікті және жеке капиталды дамыту жалғасады;
5) 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде білім беру
жүйесінің ролін өзгерту, үш тілде білім беруге кезең-кезеңмен көшу, «Баршаға
арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді» іске қосу, денсаулық сақтау
жүйесін қайта құру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі –
МӘМС) енгізу, денсаулық сақтауды ақпараттандыру, ең төменгі күнкөріс
деңгейін қайта қарау және атаулы әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі – АӘК)
шегін көтеру арқылы адами капитал сапасын жақсарту;
6) ЭЫДҰ-ң үздік тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау және
жеке меншік пен құқық институттарын күшейту, әкімшілік және қылмыстық
заңнамаларды ізгілендіру, кәсіпкерлік саланы қылмыстық сипаттан арылту,
киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы
институционалдық қайта құру және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін
қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын
анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту;
7) жаңа
экономикалық интеграциялық бірлестіктер жағдайларына
экономиканы және бизнесті бейімдеу. Қазақстанның халықаралық интеграциясы
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған
тұжырымдамасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге
асырылады;