Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

30 

Үшінші жаңғырудың басты ресурсы адами капитал болып табылады. Бүкіл 

елдің  болашағы  қоғамның  білім  деңгейіне,  оның  берік  азаматтық  ұстанымына 

байланысты.

 

Орта  мерзімді  перспективада  негізгі  күш-жігер  әлеуметтік 



қамтамасыз  ету  саласының,    денсаулық  сақтау  мен  білім  беру  жүйесінің  рөлін 

өзгерту арқылы сапалы адами капитал құруға бағытталады. 

Тұтастай  алғанда,  қабылданған  бағыт  халыққа  көрсетілетін  қызметтердің 

жоғары  сапасы  мен  қол  жетімділігін,  сондай-ақ  ғылымды  дамыту  және  

денсаулық  сақтауды  жаңғыртуды,  стандарттарды  ЭЫДҰ-ның  ұсынымдарына 

сәйкес келтіруді  қамтамасыз етеді. 



Білім беру саласында білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және 

сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. 

Мемлекеттік және жекеше бала бақшаларды, шағын-орталықтарды салу мен 

ашу,  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  тетігін  дамыту  арқылы  мектепке  дейінгі 

тәрбие мен оқыту жүйесінің инфрақұрылымын кеңейту жалғасады. 

Орта білім беру жүйесінде 0 (мектепалды даярлық тобы) +11 жылдық оқыту 

құрылымы  мен  үш  тілде  оқытуға  жоспарлы  көшу  бойынша  12  жылдық  білім 

беруді  енгізуде  жұмыс  жалғасатын  болады.  Білім  беру  стандарттары 

жаңартылған. 

Жергілікті  өкілді  органдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдар  өкілдерінің 

қатысуымен  барлық  балалар  үйінде  қамқоршылық  кеңестер  құру  жоспарланып 

отыр. 


Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  мемлекет  кепілдік  берген 

бірінші жұмысшы мамандығын алу тегін қамтамасыз етіледі. 

Білім сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын 

енгізу  және  модульдік-құзыреттілік  тәсілдеме  негізінде  жаңа  білім  беру 

бағдарламаларын әзірлеу   жалғастырылады. 

2021  жылға  қарай  Қазақстан  World  Skills  International  халықаралық 

салыстырмалы рейтингінің ТОП 40 енуді жоспарлауда. 

Жоғары оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) коммерциялық емес акционерлік 

қоғамдарға  қайта  ұйымдастыру  жалғасады,  бұл  ЖОО-ны  дамыту  үшін  қосымша 

инвестициялар  тартуға,  мемлекеттік  бюджеттен  жүктемесін  алып  тастауға  және 

жалпы алғанда әлемдік үрдістер контекстінде университеттердің ілгері жылжуына 

ықпал етуге мүмкіндік береді. 



Денсаулық  сақтау  саласындағы  саясат  сапалы  және  қолжетімді 

медициналық  көмекті  көрсетуге  және  сапалы  әрі  қауіпсіз  дәрілік  заттармен 

қамтамасыз  етуге  бағытталатын болады.  Қазақстан  Республикасының денсаулық 

сақтау  саласын  дамытудың  2016  –  2019  жылдарға  арналған  «Денсаулық» 

мемлекеттік  бағдарламасының  шеңберінде  алғашқы  медициналық-санитариялық 

көмектің  деңгейінде  аурулардың  алдын  алу  және  анықтау  денсаулық  сақтау 

саласының дамуының басты бағыттары болады. 

Халықаралық  үздік  тәжірибеге  сәйкес  Қоғамдық  денсаулық  сақтау 

қызметтері  (бұдан  әрі  –  ҚДС)  құрылады.  ҚДС-тің  бастапқы  міндеттері  негізгі 

әлеуметтік  маңызы  бар  инфекциялық  емес  аурулардың  алдын  алу  және 




31 

мониторингтеу 

бойынша 

іс-шараларды 

жандандыру, 

санитариялық-

эпидемиологиялық  саламаттылықты  қамтамасыз  ету,  инфекциялық  емес 

ауруларға,  тұрғындардың  өз  денсаулықтарына,  тамақтануды  рационалдау  және 

салауатты  өмір  салтын  ұстануды  ынталандыру  негізінде    ақпараттық 

жауапкершіліктерін  арттыру,  санитариялық  және  дене  шынықтыру  мәдениетін 

дамыту болып табылады. Ұлттық скриннигтік бағдарламаны жетілдіру бойынша,  

диагностиканың,  ауруларды  емдеудің  және  оңалтудың    жаңа  стандарттарын 

енгізу жұмыстары жалғасады. 

Мемлекеттің  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  ортақ  қатысуына 

негізделген  медициналық  көмек  көрсетудің  кепілдіктері  мен  міндеттемелерін 

қамтамасыз  етудің  теңгерімделген  және  тұрақты  жүйесін  құру  мақсатында 

2018 жылы  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  (бұдан  әрі  –  МӘМС) 

жүйесі енгізіледі, бұл ретте жеке денсаулық сақтау ұйымдарына МӘМС жүйесіне 

тең қатысу шарттары ұсынылатын болады. 

Денсаулық  сақтау  саласындағы  саясат  МЖӘ,  денсаулық  сақтауды 

ақпараттандыру  негізінде  денсаулық  сақтау  инфрақұрылымын  дамытуға,  смарт-

медицинаны  енгізуге,  медициналық  білім  беруді  жаңғырту  мен  медицина 

ғылымын дамытуға бағытталатын болады. 

Жалпы  бұл  халықтың  өлім-жітімін  азайту,  медициналық  көмектің 

толықтығы  мен  сапасын,  қолжетімділігін  арттыру,  халықтың  сұранысына  сай 

ықыласты  денсаулық  сақтау  жүйесін  құру,тегін  амбулаториялық  дәрі-дәрмекпен 

қамтамасыз 

етуді 


кеңейту 

арқылы 


азаматтардың 

өз 


денсаулығына 

жауапкершілігіне  және  олардың  денсаулығын  нығайту  қызығушылығына,  өмір 

сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Мәдениет саласын дамытудың негізгі басымдығы Қазақстан халқының төл 

мәдениетін  тарату  мен  дамытуға,  сақтауға,  жаңғыртуға  белсенді  түрде 

жәрдемдесу,  Мәдени  саясат  тұжырымдамасын  іске  асыру  шеңберінде 

жалпыұлттық  бірліктің  факторы  ретінде  мәдени  мұраны  зерттеу  және  ілгерілету 

болып табылады. 

2018  жылға  қарай  ғылым  мен  зерттеу  қызметі  белсенді  дамып,  жетекші 

халықаралық  ұйымдардың  (ЮНЕСКО,  ТҮРКСОЙ,  ИСЕСКО  және  т.б.) 

жобаларына интеграция күшейтілетін болады. 

Елдің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыру шеңберінде қазіргі заманғы 

технологияларды  енгізу  және  халықтың  мәдени  сала  өнімдеріне  кең 

қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін  мәдени  коммуникациялардың  жаңа 

нысандарын  дамыту  және  қазақстандық  мәдени  мұраны  жаһандық  кеңістікке 

интеграциялау бойынша жұмыстар жалғасады. 

Мемлекеттік  тілдің  Қазақстан  халқының  дәстүрлері  мен  тілдерін, 

мәдениетін  дамытудың  топтастырушы  факторы  ретіндегі  рөлі  нығайтылады. 

Қазақстандықтардың  лингвистикалық  капиталының  одан  әрі  дамуына  жағдай 

жасалды. 

Жалпы  тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  сақтауға,  театр,  концерттік  және 

музей  қызметін  дамытуға,  сондай-ақ  мәдениет  саласындағы  жас  дарындарды 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау