Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

құрады.  Болжамдарға  сәйкес  2017-2018  жылдары  Қытайда  экономиканың  өсуі 

сәйкесінше 6,6-6,2 % деңгейіне дейін біртіндеп бәсеңдеуі жалғасады. Қытайдағы 

өндіріс  көлемінің  өсуі  жылына  6,5  %-ға  дейін  бәсеңдейді.  Әлсіз  сыртқы 

сұранысқа,  жеке  инвестициялар  деңгейінің  төмендігіне,  сондай-ақ  кейбір 

салалардағы  артық  қуаттың  барына  қарамастан,  макроэкономикалық  саясат 

өсудің ішкі драйверлерін қолдайды деп күтілуде. 

Ресей. Ресейдің ЖІӨ-нің қысқаруы 2016 жылы 0,2 %-ды құрады. Мұнайдың 

әлемдік  төмен  бағаларын  қоса  алғанда,  сыртқы  факторлар,  сондай-ақ 

Украинадағы  және  Сириядағы  жағдаймен  байланысты  күшейіп  келе  жатқан 

геосаяси ахуал мен одан туындаған өзара экономикалық санкциялар айтарлықтай 

дәрежеде  Ресей  экономикасының  өсу  қарқынының  бәсеңдеуін  күшейтті.  ХВҚ 

соңғы деректері бойынша РФ экономикасының өсуі 2017-2018 жылдары 1,4 %-ды 

құрайды. 

Тұтастай алғанда, орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың өсуі 

қолайлы болады. Экономикалық өсу дамыған елдер есебінен  қамтамасыз етілетін 

болады. 


Сонымен  бірге,  дағдарыстық  үрдістерді  қалпына  келтіруге  қабілетті 

тәуекелдер әлі де сақталуда. 



Бірінші  тәуекел  –  мұнайды  қоса  алғанда,  шикізат  тауарларына  әлемдік 

бағаның тұрақсыздығы. 

2016 жылы Brent маркасында мұнай бағасы 44 АҚШ долларын құрады. ХВҚ 

сарапшыларының  бағалауы  бойынша  2017  жылы  мұнай  бағасы  бір  барреліне 

55,2 АҚШ  долларына  дейін  жоғарылайды.  Мұнай  бағасының  болжамы  өндіру 

көлемінің  бақылаусыз  өсуінің  жалғасқан  мерзімінен  кейін  Мұнай  экспорттаушы 

елдер  ұйымы  (бұдан  әрі  –  МЭЕҰ)  мен  басқа  да  мұнай  өндіруші  елдердің    өнім 

көлемін  шектеу  туралы  жасасқан  шарт  талабын  біртіндеп  орындайды  деген 

болжамға негізделген. 

Бұл  ретте,  мұнай  бағасының  салыстырмалы  өсуіне  қарамастан,  бағаның 

төмендеу  тәуекелі  сақталады,  ол  дамушы  елдер  экономикаларының  бәсеңдеуі 

аясында нашар сұраныспен байланысты. Бұдан басқа, Д. Трамп ұсынып отырған 

америкалық  көмірсутектерді  өндіруді  кең  ауқымды  мемлекеттік  қолдау  МЭЕҰ 

елдері  мен  картельге  кірмейтін  мемлекеттер  арасында  қол  жеткізілген  мұнай 

өндірісі  көлемін  шектеу  жөніндегі  уағдаластықтың  әсерін  жоюға  қабілетті.  

Д.  Трамп  америкалық  мұнай  өндіру  нарығын  барынша  либерализациялауды 

ұсынып отыр. Бұл мұнайдың әлемдік бағасына теріс әсерін тигізетін болады. 

Екінші  тәуекел  –  АҚШ-тың  ақша-кредит  саясатының  өзгеруі.  АҚШ-тың 

«сандық 


жұмсарту» 

бағдарламасының 

қысқартылуы 

әлемдегі 

қаржы 

нарықтарындағы құбылмалылықтың артуын негіздейді. 2017 жылғы 15 наурызда 



АҚШ-тың  Федералдық  резервтік  жүйесі  0,25  пайздық  тармаққа  түйінді 

мөлшерлемесі  0,5-0,75  %  диапазонынан  0,75-1,0  %-ға  дейін  көтерді,  бірақ  бұл 

бұрын  күткендей  құбылмалылықты  тудырмады.  Алайда,  кейіннен  АҚШ-тың 

түйінді  мөлшерлемесінің  артуы,  әлемдік  қаржы  нарықтары  тұрақсыздығының 

ұлғаюына алып келуі мүмкін. 



Нарығы және төлем теңгерімі мен бюджет тапшылығы дамып келе жатқан 

елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына неғұрлым бейім. АҚШ-тағы 

«сандық  жұмсарту»  бағдарламасының  тоқталуына  байланысты  өтімділік 

көлемінің  қысқаруы  макроэкономикалық  құрылымы  әлсіз  дамушы  елдерден 

капиталдың әкетілуін тудыруы мүмкін. 



Үшінші тәуекел – Украина, Сирия, Түркиядағы және тұтастай алғанда Таяу 

Шығыстағы  созылмалы  қолайсыз  геосаяси  жағдай  сыртқы  сауданың  екінші 

каналдары және ТШИ арқылы қосымша тәуекелді тудырады. 

Бір  жағынан  жоғарыда  айтылған  факторларды  назарға  ала  отырып  және 

АҚШ-тың  және  басқа  да  дамыған  елдердің  экономикалық  жағдайының 

жақсаруынан  дамушы  елдерден  дамыған  елдерге  капиталдың  әкетілу  тәуекелі 

туындауы  мүмкін.  Инвестициялық  белсенділіктің  болжалды  төмендеуі 

нәтижесінде  дамушы  елдерде  жүйе  құраушы  салалар  өндірістің  қысқаруына 

байланысты  жұмыссыздықтың  өсуі  және  ақысы  төмен  жұмыс  күшіне  сұраныс 

күшейеді, өсу тәуекелі сол арқылы дамыған нарықтарға мигранттардың  ағылуы 

және дамушы елдерге білікті кадрлардың кетуі тәуекелі артады. 

Өсудің  сценарийлік  болжамдары.  Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 

дамуын  бес  жылдық  кезеңге  болжау  экономиканың  дамуына  ықпал  ететін 

факторлар мен үрдістерге қарай үш сценарий бойынша жүргізіледі. 

Даму  сценарийлерін  қалыптастыру  үшін  әлемдік  экономиканың  даму 

үрдістерінің, 

мұнайдың 

әлемдік 

бағаларының 

және 

әлемдік 


қаржы 

нарықтарындағы жағдайдың өзгеруі негізгі факторлар ретінде қабылданған. 



Оптимистік  сценарий  әлемдік  экономиканың  2018  –  2022  жылдардағы 

үдемелі  дамуын  болжайды.  АҚШ-тағы  және  басқа  да  дамыған  елдердегі 

экономикалық  белсенділікті  жақсарту,  жеке  сектордың  сұранысын  қалпына 

келтіру және дамушы елдердегі жағдайды жақсарту бойынша саясатты ойдағыдай 

жүзеге асыруды пайымдайды. 

Оптимистік сценарийде 2018 – 2022 жылдары мұнайдың әлемдік бағасы бір 

барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде болады. 

Базалық  сценарий  2018  –  2022  жылдары  өзінің  тұрақтылығын  сақтап, 

әлемдік 


экономика 

қарқынының 

біртіндеп 

ұлғаюын 


болжайды.  

2018  –  2022  жылдары  мұнайдың  әлемдік  бағасы  бір  барреліне  50  АҚШ  доллары 

деңгейінде қалыптасады. 

Сценарий  дамыған  елдер  (АҚШ,  Еуроаймақ)  жағдайының  жақсаруына 

байланысты  жаһандық  өсудің  негізгі  қозғаушы  күші  болады  деп  болжайды.  Бұл 

ретте,  нарығы  қалыптасып  келе  жатқан  елдер  экономикасы  мен  дамушы  елдер 

дамыған елдер тарапынан сұраныстың ұлғаюы аясында экспорт көлемінің ұлғаюы 

есебінен біртіндеп өсетін болады. 



Пессимистік сценарий әлемдік экономика өсуінің баяулауына, ірі әлемдік 

экономикалардың  –  Қазақстанның  негізгі  сауда  әріптестерінің,  атап  айтқанда 

Еуроаймақтың,  Қытайдың,  Ресейдің  қолайсыз  дамуына,  сондай-ақ  энергия 

ресурстарының  негізгі  түрлеріне  және  Қазақстанның  басқа  да  экспорт 

тауарларына  әлемдік  бағаның  құлдырауына  негізделген  экономикадағы 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау