Даму болжамы



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет19/19
Дата19.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#21694
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

41 

Құрылыс 

102,6 

103,1 

102,6 

103,2 

103,7 

103,9 

КӨРСЕТІЛЕТІН 

ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРІСІ 

102,4 

102,7 

103,3 

103,7 

103,7 

104,0 

Сауда 


101,9 

102,6 


102,8 

103,0 


103,0 

103,2 


Көлік және қоймаға қою 

104,0 


103,3 

104,1 


104,6 

105,3 


105,6 

Ақпарат және байланыс 

101,0 

101,0 


101,0 

101,0 


101,0 

101,0 


ЖІӨ 

102,5 

103,1 

103,0 

103,2 

103,3 

103,5 

 

3. Ақша-кредит саясатының болжамы 

2018  –  2022  жылдары  ақша-кредит  саясаты  инвестициялық  нарықтың 

дамуына  қажетті  жағдайлар  жасауға,  банк  секторының  кредиттік  белсенділігін 

ынталандыруға  ықпал  ететін  болады.  ЕДБ  кредиттеуі  өсуінің  орташа  жылдық 

қарқыны  белгіленген  кезеңде  4,6 %  деңгейінде  күтілуде,  номиналды  мәнде 

2018 жылы  13,1  трлн.  теңгеден  2022  жылы  16,4  трлн.  теңгеге  дейін  өседі.  Бұл 

уақытта резиденттердің депозиттері 7,6 % денгейінде ұлғаятын болады және 2022 

жылы  28,6  трлн.  теңгені  құрайды.  Ақша  массасының  деңгейі  экономиканың 

дамуына  тепе-тең  болады,  жалпы  ЖІӨ-ге  шаққанда  монеталандырудың 

жоспарланған мөлшері орташа есеппен 43,8 % шегінде болады. 

2017 жылғы 1-сәуірден бастап Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру 

мөлшерлемесі базалық ставкаға теңестірілді және болжамдалмайды. 

Болжанатын кезеңде инфляция деңгейін 2020-2022 жылдары 3,0-4,0 % дейін 

төмендету жоспарлануда.

 

4. Төлем балансының болжамы 

Сыртқы  сауда  айналымы  орташа  қарқынмен  жылына  6,5 %-ға  өсетін 

болады. 

Тауарлар  экспорты  орташа  қарқынмен  6,6 %,  мұнайдың  физикалық 

экспортының күтілетін ұлғаю көлемінің нәтижесінде және 2022 жылы 61,9 млрд. 

АҚШ долларын құрайды. 

Болжамды кезеңде импорттың номиналды өсу қарқыны орта есеппен 6,3 % - 

ға жетеді.  

 

5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы 

Әлеуметтік  секторды  одан  әрі  жаңғырту  мақсатында  білім  беру  және 

денсаулық  сақтау  қызметтерінің  сапасын  жақсарту,  жұмыссыздық  пен  кедейлік 

деңгейін төмендету бойынша шараларды іске асыру жалғасатын болады.  

Іске  асырылатын  Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті 

дамытудың  бағдарламасы  2022  жылға  қарай  жұмыссыздық  деңгейін  4,7  %-ға 

дейін төмендетуге ықпал етеді. 

Ең  аз  жалақы  мөлшері  2018  жылы  28 284,0  теңгеден  2022  жылы 

33 406,0 теңгеге  дейін  өседі.  Орташа  айлық  номиналды  жалақы  оң  өсу  серпініне 

ие болмақ және 2022 жылға қарай 190 695 теңгеге жетеді. 

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы есеппен 7  %-ға, ал 2017 жылғы 

1 шілдеден бастап тағы 13% - ға көбейетін болады. 




42 

Сонымен  қатар,  2018  жылғы  1  шілдеден  бастап  базалық  зейнетақыны 

белгілеу  жаңа  әдістеме  бойынша  жүзеге  асырылатын  болады.  Оның  мөлшері 

зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. 

Ұсынылып отырған шаралар Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған деңгейде 

(кемінде  40 %)  экономика  (ауыстыру  коэффициенті)  бойынша  жиынтық 

зейнетақынын  орташа  жалақыға  қатысты  қамтамасыз  етуге  және  одан  әрі 

сақтауға,    2018  жылы  жаңа  зейнетақы  2017  жылмен  салыстырғанда  1,8  есеге 

ұлғайтуғамұмкіндік береді. 

 

 



Қазақстан  Республикасының  2018 – 2022  жылдарға  арналған  әлеуметтік-

экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған. 




43 

V Қазақстан Республикасының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджет 

параметрлерінің болжамы 

 

1. Мемлекеттік 

және  республикалық  бюджеттердің,  Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

қорының, 

Қазақстан 

Республикасының 

шоғырландырылған бюджетінің болжамдары 

Қазақстан  экономикасының  базалық  сценарий  бойынша  дамуының 

болжанатын  сыртқы  шарттары  мен  2018  –  2020  жылдарға  арналған  

макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын ескере отырып, мемлекеттік бюджет 

кірістері  (трансферттерді  есепке  алмағанда)  болжам  бойынша  2018  жылы  

7 361,5 млрд. теңгеден 2020 жылы 8 707,1 млрд. теңгеге дейін өседі. 

3-кесте 

Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда),  

млрд. теңге 

Атауы 

2017 жыл  2018 жыл  2019 жыл  2020 жыл 

бағалау 

болжам 

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 

6 768,3 

7 361,5 

8 242,1 

8 707,1 

Салықтық түсімдер 

6 619,1 

7 205,6 


8 079,9 

8 540,7 


Салықтық емес түсімдер 

129,1 


132,6 

138,5 


141,8 

Капиталмен операциялардан түскен кірістер 

20,1 

23,3 


23,8 

24,6 


 

Бюджет  кірістерінің  өсуі  негізінен  мемлекеттік  бюджет  кірістерінде  

98,0 %-ды алып отырған, салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз 

етілетін болады. 

Болжам  бойынша  салықтық  түсімдер  2017  жылмен  салыстырғанда 

2018 жылы 9 % өседі, 2019-2020 жылдары өсім орташа есеппен 15 % құрайды. 

Корпоративтік  табыс  салығы  (мұнай  секторынан  түсімдерді  қоспағанда) 

түсімдерінің  өсуіне  мұнай  емес  сектордың  одан  әрі  дамуы  және  осымен 

байланысты мұнай емес сектордың ЖҚҚ болжамды өсуі ықпал ететін болады.  

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтары түсімдерінің ұлғаюы жалпы 

экономиканың  өсуі  аясында  салалардағы  жалақы  қорының  жоғарылауымен 

қамтамасыз етілетін болады.  

Қызмет  көрсетулер  мен  тауарлар  өндіру  көлемінің  өсуі,  импорт  көлемінің 

ұлғаюы қосылған құн салығы түсімдерінің ұлғаюына ықпал ететін болады.  

Экспорт  және  импорт  көлемдерінің  өсуімен  халықаралық  саудаға  және 

сыртқы операцияларға салықтардың өсуі болжанады.  

Жаңа 

Ұлттық 


қор 

қаражатын 

қалыптастыру 

және 


пайдалану 

тұжырымдамасына  сәйкес    Ұлттық  қордан  республикалық  бюджетке  берілетін 

кепілдендірілген  трансферт  мөлшері  2017  жылғы  2 880  млрд.  теңгеден 

2018 жылғы 2 600 млрд. теңгеге, 2019 жылы 2 300 млрд. теңгеге және 2020 жылы 

2 000 млрд. теңгеге қысқартылатын болады. 

Ұлттық  қордан  кепілдендірілген  трансферт  тартуды  ескере  отырып, 




44 

мемлекеттік  бюджетке  жалпы  түсімдер  көлемі  2018  жылғы  10 051,8 млрд. 

теңгеден 2020 жылы 10 710,3 млрд. теңгеге өсуі болжанып отыр. 

 

4-сурет 



 

Мұнай  емес  сектордан  түсетін  түсімдердің  аясында  Ұлттық  қордан 

тартылатын  қаржы  көлемінің  төмендеуі  мемлекеттік  бюджеттің  түсімдерінің 

жалпы  көлемінде  Ұлттық  қордың  трансферттері  мен    мұнайға  экспорттық 

кедендік  бажды  (  будан  әрі    ЭКБ)  қоса  алғанда,  мұнайдан  кірістер  үлесінің 

төмендеуіне ықпал ететін болады. 

 

5-сурет 


 

 

Бюджет  тапшылығы  деңгейін  2017  жылы  ЖІӨ-ге  қарағанда  3,1  %-дан  



2018-2019  жылдары  ЖІӨ-ге  қарағанда  1,0  %-ға  дейін  қысқарту  жоспарланып 

отыр.  Абсолюттік  мәнінде  бюджет  тапшылығы  үш  жылдық  кезеңде  630  млрд. 

теңгеден аспайтын көлемде сақталатын болады.  

 

 




45 

6-сурет 


 

2018-2020 жылдары бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қарағанда 1,0 % аспайтын 

деңгейде сақталуы Үкімет қарызын қалыпты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, 

2018-2020 жылдары ЖІӨ-ге қарағанда 22 % аспайды. 

Болжанатын  түсімдер  мен  жоспарланып  отырған  бюджет  тапшылығының 

төмендетілуіне  сүйене  отырып,  мемлекеттік  бюджет  шығыстарын  2018  жылғы 

10 593,1 млрд. теңгеден 2020 жылы 11 335,8 млрд. теңгеге ұлғаюы болжанады. 

Сонымен  бірге  ЖІӨ-ге  қатысты  мемлекеттік  бюджет  шығыстарының 

төмендету болжанады.  

7-сурет 


 

Бюджеттің мұнай емес кірістерінің ұлғаюы аясында Ұлттық қор қаражатын 

пайдалануды  қысқарту  және  тапшылықты  төмен  деңгейде  ұстау  бюджет  пен 

Ұлттық  қордың  теңгерімділігі  саясатына  сәйкес  мұнай  емес  тапшылықты 

қысқартуға ықпал ететін болады. 

Болжам  бойынша  мемлекеттік  бюджеттің  мұнай  емес  тапшылығы  (шикі 

мұнайға  әкету  кедендік  бажын  есептемегенде)  2017  жылғы  ЖІӨ-ге  қарағанда 

13,6 %-дан 2020 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 5,4 %-ға дейін төмендейді. 

2018-2020  жылдары  мұнай  емес  тапшылық  бойынша  болжамды  серпін 



46 

мұнай  емес  тапшылық  деңгейін  2020  жылы  ЖІӨ-ге  қарағанда  7,0  %-ға  және 

2025 жылы  ЖІӨ-ге  қарағанда  6,0  %-ға  төмендеуі  бойынша  жаңа  Ұлттық  қор 

қаражатын  қалыптастыру  және  пайдалану  тұжырымдамасында  белгіленген 

нысаналы бағдарламаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді 

8-сурет 


 

Мұнай  емес  тапшылық  деңгейінің  төмендеуі  бюджеттің  мұнайдан  түскен 

кірістерге тәуелділігін төмендеуін көрсетеді. 

 

Ұлттық қордың болжамы 

Күтілетін  мұнай  өндіру  көлемін  және  барреліне  50  АҚШ  долларындағы 

«Brent»  маркалы  мұнайдың  болжамды  әлемдік  бағасын  ескере  отырып,  мұнай 

секторы  кәсіпорындарынан  Ұлттық  қорға  түсетін  тікелей  салықтар  болжам 

бойынша  2018  жылы  1 645,6  млрд.  теңгені,  2019  жылы  –  1 639,9  млрд.  теңгені, 

2020 жылы – 1 628,4 млрд. теңгені құрайтын болады. 

Ұлттық  қордың  активтерін  басқарудан  түсетін  инвестициялық  кіріс  3  % 

деңгейіндегі  ортамерзімдік индикативтік кірістілік кезінде жыл сайын 500 млрд. 

теңгеден астам көлемде болжануда.  

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап Ұлттық қорға республикалық меншікті және 

ұлттық қорды жекешелендіруден түсетін түсімдер жіберілетін болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


47 

9-сурет 


 

Кепілдендірілген  трансферттер  көлемінің  біртіндеп  қысқаруы  Ұлттық 

қордың валюталық активтерін тұрақтандыруға мүмкіндк береді, ол 2020 жылдың 

соңына  қарай  болжам  бойынша  кемінде  53,1  млрд.  АҚШ  долларын  құрайды 

(мұнай бағасының орташа әлемдік бағасы барреліне 50 АҚШ доллары болғанда). 

10-сурет 



61,2

54,4

53,1

52,7

53,1

44,9


36,1

32,4


29,7

28,0


20

40

60



40

45

50



55

60

65



2016

2017


2018

2019


2020

Ұлттық қордың валюталық активтер болжамы

млрд. АҚШ  доллары

ЖІӨ-ге  қатысты  % 

 

Шоғырландырылған бюджет болжамы 

Мемлекеттік  бюджет  пен  Ұлттық  қорға  түсімдер  ескеріле  отырып, 

шоғырландырылған  бюджет  түсімдері  2017  жылы  9 638,8  млрд.теңгеден 

2020 жылы 10 860,9 млрд. теңгеде болжануда. 

Шоғырландырылған  бюджет  шығыстары  2018  жылғы  10 606,3 млрд. 

теңгеден 2020 жылы 11 348,7 млрд. теңгеге дейін  өсуі болжануда. 

2018-2020  жылдары  «Brent»  маркалы  мұнай  бағасының  орташа  болжамды 

әлемдік  бағасы  барреліне  50  АҚШ  доллары  болған  кезде  шоғырландырылған 

бюджет тапшылығы 2017 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 7,6 %-дан 2020 жылы ЖІӨ-ге 

қарағанда  0,8  %-ға  дейін  төмендету  болжанып  отыр,  бұл  бюджеттік 

шоғырланудың  және  мемлекеттік  қаржының  тұрақтылығын  нығайтудың  оң 

динамикасын көрсетеді. 



48 

4 – кесте 



Шоғырландырылған бюджет болжамы, млрд. теңге 

Атауы 

2017 жыл 

2018 жыл 

2019 жыл   2020 жыл 

бағалау 

болжам 

Түсімдер 

9 015,6 

9 638,8 

10 496,4 

10 860,9 

ЖІӨ-ге қарағанда % 

18,1 

17,8 

17,9 

17,4 

Мұнай 


2 367,9 

2 449,1 

2 431,9 

2 396,4 

Мұнай емес 



6 647,6 

7 189,6 

8 064,5 

8 464,5 

Шығыстар 

12 812,3 

10 606,3 

11 226,7 

11 348,7 

ЖІӨ-ге қарағанда % 

25,8 

19,6 

19,2 

18,1 

Шоғырландырылған баланс 

-3 796,7 

-967,5 

-730,4 

-487,8 

ЖІӨ-ге қарағанда % 

-7,6 

-1,8 

-1,2 

-0,8 

Мұнай емес баланс 

-6 164,7 

-3 416,7 

-3 162,3 

-2 884,2 

ЖІӨ-ге қарағанда % 

-12,4 

-6,3 

-5,4 

-4,6 

 

Әлемдік  және  қазақстандық  экономикалардағы  жағдай  өзгерген  кезде 



бюджет  саясатын  түзету  бойынша,  оның  ішінде  бюджеттік  параметрлерді 

нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады. 

 

2. 2018-2020 

жылдарға 

арналған 

республикалық 

бюджет 

шығыстарының басымдылықтары 

Негізгі  елдердің  орта  мерзімді  кезеңге  қойылған  әлеуметтік-экономикалық 

даму  міндеттерін  ескере  отырып,  2018-2020  жылдарға  арналған  републикалық 

бюджет шығыстарының басымдықтары белгіленген: 

1. мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау

2.  әлеуметтік  инфрақұрылымды  одан  әрі  дамыту  және  адами  капиталдың 

сапасын арттыру; 

3.  өнімді  жұмыспен  қамтуды  ынталандыру  және  жаппай  кәсіпкерлікті 

дамыту арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуын сақтау; 

4. АӨК дамыту және КОБ қолдау

5.  елдің  транзиттік  әлеуетін  және  көлік  логистикалық  инфрақұрылымын 

дамыту; 


6.  индустриялық  инфрақұрылымды  дамыту  арқылы  экономика  салаларын 

технологиялық жаңғырту үшін жағдайлар жасау. 

7. энергетикалық инфрақұрылымды дамыту

8.  тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылығын  және  сумен  және  жылумен 

жабдықтау желілерінің құрылымын жаңғырту;  

9.  тұрғын-үй  құрылысын  дамыту  және  тұрғын-үйдің  қолжетімділігін 

арттыруға ынталандыру

10. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

 

3. Шығыстардың жаңа бастамалары 

Мемлекет  басшысының  тапсырмаларын  ескере  отырып,  республикалық 

бюджетте келесі жаңа бастамалардың шығыстары көзделетін болады: 



49 

  2017  жылдың  1  шілдесінен  бастап  зейнетақылық  төлемдерді,  бала  тууы 

бойынша  біржолғы  төлемдерді  және  баланы  күту  бойынша  ай  сайынғы 

төлемдерді 2016 жылғы деңгейге қатысты 20%-ға – 81,6 млрд. теңгеге арттыру; 

  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруды  енгізуге  байланысты 

МӘМС-ке мемлекеттің жарналары және жұмыс берушінің аударымдары. 

 ең төменгі күнкөріс көлемін есептеу әдіснамасын жетілдіруге және белгілеу 

тәртібінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру; 

 ең төменгі күнкөріс көлемін есептеу әдіснамасын жетілдіруге байланысты, 

мүгедектігі  бойынша  асыраушысынан  айырылу  және  жасына  байланысты 

мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру; 

 жаңа арнаулы әлеуметтік көмекті енгізу. 

 

2018  жылға  арналған  шартты  қаржыландырылатын  шығыстар  тізбесін 



қалыптастыру көзделмеген. 

 

Қазақстан  Республикасы  2018-2020  жылдарға  арналған  бюджеттің  және 



Ұлттық қордың негізгі көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада көрсетілген. 

 

 

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау