Даму болжамы



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата19.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#21694
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

28 

Банктің  бірлескен  іс-қимыл  жоспарлары  бойынша  Ұлттық  қордан  бөлінген 

қаражаттың  шеңберінде  жұмыс  жалғасады.  Кредит  беру

 

нарығындағы  қосымша 



өтімділікті қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарының несие желілерін тарту 

бойынша жұмыс жалғасатын болады.

  

Тек  қана  бәсекелестік  орта  үшін



 

жағдай  жасауға  және  жаңа  шаруашылық 

субъектілерінің пайда болуына ықпал ету үшін мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке 

қатысуы шектелуі тиіс. 

Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу: 

– мемлекеттік  меншікті  жекешелендіру  және  квазимемлекеттік  сектордың 

активтерін сату; 

– ұлттық холдингтерді трансформациялау; 

– тауар  нарықтарының  талдау

 

нәтижелері  бойынша



 

мемлекет  қатысатын 

заңды  тұлғалардың  және

 

мемлекеттік  заңды  тұлғалардың  қызмет  түрлерін 



қысқарту арқылы

 

қамтамасыз етілетін болады. 



Тұрақты  негізде  түгендеу  қорытындысы  бойынша  жекешелендіруге 

ұсынылып отырған объектілердің тізбесін

 

ұлғайту арқылы мемлекеттің экономика 



секторын 

қысқарту 

бойынша 

жұмыс 


жүргізілуде. 

Алдағы 


кезеңде 

жекешелендіруге  арналған

 

объектілердің  тізбесіне  мемлекеттік  органдарға 



бағынысты  102  ведомстволық  ұйымдар  және  32  республикалық  және 

коммуналдық  меншік,  қайта  ұйымдастырылып  таратылатын  623  республикалық 

және коммуналдық меншік ұйымдар

 

қосымша енгізілетін болады. 



Ұсынылып отырған шаралар 2020 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы 

үлесін  ЭЫДҰ  елдерінің  деңгейіне  дейін  —  ЖІӨ-нің  15%-ға  қысқартуға 

(2015 жылдың  қорытындысы  бойынша  -  19,1%)  және  экономика  өсуінің  бас 

генераторы  ретінде  жеке  секторды  қалыптастыру  үшін  елдегі  жеке  бастаманы 

жандандыруға мүмкіндік береді. 

 

2.4 Инвестициялық ахуалды жақсарту 

Қазақстанның  инвестициялық  саясаты  қолайлы  инвестициялық  ахуалды 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  және  экономикалық  прагматизм  қағидаттарына 

негізделген:  табыстылық,  инвестицияларды  қайтару  және  бәсекеге  қабілеттілік, 

сондай-ақ  экономикалық  өсудің  жаңа  нүктелерін  дамыту  және  жаңа  нарық 

тауашаларын  айқындау  жолымен  экономиканың  әлеуетін  ұлғайтуды  қамтамасыз 

етуге бағытталған. 

Инвестицияларды тарту инвестициялық қызмет және бизнесті жүргізу үшін 

неғұрлым бәсекелі жағдайларды қамтамасыз етуді талап ететін технологияларды 

трансферттеу  мен  жоғары  технологиялық  өндірістерді  құру  жағдайында  жүзеге 

асырылатын болады. 

Қазақстанның  экономикасына  инвестициялар  тарту  мақсатында  ҚХР-мен 

екіжақты қатынастарды ұлғайту жоспарлануда, бірлескен қазақстандық-қытайлық 

индустриялық-инновациялық бағдарламасының  51 жобасын іске асыру бойынша 

жұмыстар жүргізілуде. 

ЭЫДҰ-мен бірлескен инвестициялық саясаттың 2-шолуының қорытындысы 



29 

бойынша  Қазақстан  «ассоциацияланған  мүшесі»  ретінде  ЭЫДҰ  Инвестициялар 

комитетінің  қатысушысы  болады  және  Халықаралық  инвестициялар  және 

көпұлтты корпорациялар туралы

 

ЭЫДҰ декларациясына қосылады. 



Технологиялық  инвестициялық  ынтымақтастық  шеңберінде  «елдік  қағида» 

бойынша  басым  елдерден  инвесторлар  тарту  бойынша  жұмыс  жалғасады,  

сондай-ақ трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыс жандандырылатын 

болады. 


2017  жылы  Дүниежүзілік  банктің  қатысуымен  Инвестициялар  тарту 

бойынша  ұлттық  стратегия  әзірленетін  болады,  онда  инвесторлар  тарту  үшін 

басым  салалар  және  перспективалы  тауашалар  анықталып,  инвестициялық 

ахуалды жақсарту бойынша жүйелік шаралар және инвестициялар тарту тетіктері 

жетілдірілетін болады. 

«KaznexInvest» АҚ-ның базасында «Kazakh Invest» инвестициялар бойынша 

ұлттық  компания  құрылуда,  ол  Үкімет  атынан  нысаналы  ТҰК-пен  және  ірі 

инвесторлармен «бірыңғай келіссөздер жүргізуші» қызмет көрсететін болады. 

Сондай-ақ 

ірі 


инвесторларға, 

оның 


ішінде 

трансұлттық 

компанияларғаұсыну  үшін  басым  жобалар  қалыптастыру  бойынша  жұмыс 

жүргізіледі. 



Мемлекеттік-жекешелік 

әріптестік

Қазақстан 

Республикасының 

«Мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  туралы»  (бұдан  әрі  –  МЖӘ)  заңына  сәйкес

 

инвестицияларды  тартудың  жаңа  құралының  базалық  тетіктері  жөнінде  МЖӘ 



субъектілеріне  түсіндіру  жұмысы  жалғасатын  болады.  МЖӘ-ні  одан  әрі  дамыту 

және жеке инвестициялар мен МЖӘ-нің қолдану тетіктерін кеңейту үшін салалар 

мен өңірлердегі  МЖӘ  жобалары  бойынша  жоспарлардың  іс-шаралары мен   жол 

карталарын іске асыру жалғасатын болады. 

Жеке қаржылық бастаманы іске асырудың шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ  

тікелей  келіссөздерді  қолдану  практикасын  ескере  отырып,  МЖӘ  туралы 

заңнаманың  практикалық қолданысы бойынша іске асырылып жатқан шаралары 

мен  үлгілік  құжаттаманың  ережелерін  түсіндіру  мақсатында  өңірлердегі    ЖАО 

мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кең ауқымды әдістемелік жұмыс 

жалғасатын болады. 

Инвесторлардың  кең  ауқымын  тарту  үшін  МЖӘ  жобалары  бойынша 

шоғырландырылған  ақпаратқа  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  арқылы  МЖӘ 

жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық база іске қосылады. 

МЖӘ  жобаларын  іске  асыру  рәсімдерін  одан  әрі  оңайлату  және  процесін 

жеделдету үшін: 

1) 


кешенді 

мемлекеттік 

қызметтер 

көрсету 


функциялар 

және 


«бағдарламалық» МЖӘ енгізілетін болады; 

2)  процестердің  қайталануын  болдырмау,  сондай-ақ  МЖӘ  жобаларын 

жоспарлау

 

рәсімдерін  жеңілдету  мақсатында  МЖӘ  жобасының  концессиялық 



ұсынысын  және  тұжырымдамасын  әзірлеу  кезеңін  алып  тастау  бөлігінде  МЖӘ 

саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 



3. Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау