Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет49/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   363

99 

 

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға 



ықпал етеді; 

*  Әрбір  отбасы  көрсетілген  көмектің  тиімділігіне  көзі  жеткенде  ғана,  қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласады; 

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді; 

*Ата – анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру; 

   Ата – аналар  клубы 

«Балабақшадағы, отбасындағы, топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге 

арналады» 

Тақырыптық  кеңес 

«Ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен 

таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту» 

Педагогикалық   семинар 

«Отбасылық  тәрбиенің  әдіс-тәсілдеріне  арналады.  Семинарға  тәрбиешілер  де,  ата  – 

аналар да жан – жақты дайындықпен қатысуы қажет» 

Шығармашылық   кештер 

«Балабақша ішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата -  аналарды үлгі 

тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады» 

Ата – анамен  жүргізілетін  жұмыс түрлері:  

 

топішілік  ата -  аналар  жиналысы 



 

балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы 



 

ата – аналармен  жеке  кездесу 



 

ата – аналар  үшін  ашық  есік күн 



 

мерекелік  кештерге  шақыру 



 

ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру 



 

отбасылық  жарыстарға  қатыстыру 



Негізгі   міндеттері: 

* тәрбиешінің   топ  ата -  аналармен  құрамын   зерттеуі 

* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату 

* ата – аналар   ұжымын   құру 

* ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру 

* үштік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру 

   Атқаратын   қызметі: 

*ата – аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру 

*ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын  ұйымдастыру 

*отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық  кеңес беру 

*ата  -  аналар  белсенділерімен  жұмыс  жүргізу  және  әр  түрлі  қоғамдық  ұйымдармен, 

жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.«Бала мен балабақша» журналы  

2.«Отбасы және балабақша»журналы  

3.«Бала тәрбиесі» журналы 

4.«Мектеп жасына дейінгі педагогика» кітабы 

5.«Мектеп алды даярлық» журналы 

 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ 

 

 


100 

 

Аширбаева Р.А., Абдыкаримова Э.А. 



«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы 

 

 

Баланың сөздік қорын дамытуда тапсырмаларды түсіндіріп пайдаланудың  

маңызы зор. Көптеген ата-аналар, егер  бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп 

ойлайды.Сыдырта оқи алу, санай білу оқуда оң нәтиже берері сөзсіз, бірақ болашақ бірінші 

сынып оқушысында оқу іс-әрекеттерінің алғы шарттары және табысты оқуға қажетті; баланың 

мектепте  оқуының  табыстылығы  оның  психологиялық  жетіліуіне  байланысты  барлық 

құрамдастар қалыптасуы қажет. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы 

және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.  

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, 

ол  мектепке  дейінгі  кезеңнің  өзіндік  ерекшелігі  мен  құндылықтарын  сақтайтын,  баланың 

балалығына бағытталуы шарт.  

  Екіншіден,  тәрбие  мекемесінің  басшысы  мен  тәрбиеші  педагогтар  қауымы  кәсіби 

шеберліктерін  үнемі  шыңдап,  білімін  жетілдіруге  жүйелі  көңіл  бөліп,  ұжымның 

шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға 

және  жағымды  психологиялық  ахуалдың  тұрақтануына  ықпал  ету  қажет.  Сондай-ақ, 

отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға 

берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте 

маңызды.  

Үшіншіден,  балабақшада  еңбек  етуге  толық  жағдай  жасалып,  тәрбиелеу  мен  білім 

берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби 

шеберлікпен  игеріп,  оны  тәжірибеде  пайдалануға  шығармашылықпен  үлес  қосып  отырса.  

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының 

бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.  

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар 

өзара  тығыз  байланыста  болғанда  ғана  нәтижелі  болады.  Баланы  өмірге  дайындау  үшін 

дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:  

 1. Зердесін дамыту  

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту  

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту  

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту  

5. Танымдық үрдісін дамыту  

6.  Өзін-өзі  алып  жүре  алуын,  дербестігін  дамыту  7.  Өзін-өзі  көрсете  алуына,  өзін-өзі 

жетілдіруге ынтасын дамыту.А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму 

үрдісі  жүреді.  Даму  үрдісінде  баланың  таным  белсенділігі  арта  түседі.  6  жастағы  балалар 

заттарды  түсіне,  түріне,  көлеміне  қарап  ажырата  бастап,  олардың  құрылысын,  пайдалану 

тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен 

заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. 

Балалардың  бір  нәрсені  құмартып  білуге  талаптануын  таным  ынтасы  дейді.  Балалар  өте 

байқағыш,  еліктегіш,  әр  нәрсеге  үңіле  қарайды,  көп  нәрселер  оларды  ойлантады.  

 Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн 

сайын  олардың  алдында  жаңа  сұрақтар  туады.  Сол  сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден 

күтеді,  өйткені,  олардың  түсінігінше,  ересектердің  білмейтіні  болмайды.  Мұндай  ерекше 

сұрақтар  балалардың  ақыл-ой  еңбегімен  шұғылданудағы  ниетін,  ықыласын  сипаттайды. 

Сондықтан  ересек  адамдар  бала  сұрағын  жауапсыз  қалдырмауға  тырысқан  жөн.  Себебі 

сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы 

дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. 

  В.С.  Мухина  бойынша  мектеп  жасына  дейiнгi  және  бастауыш  мектеп  жасындағы 

балаларда  мiнез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы  регуляциясы  күшейедi, 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау