Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет52/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   363

105 

 

Ата – аналармен жұмыстың екінші бағыты, ол тиімді қарым – қатынасты ұйымдастыруға 



келіп саяды, яғни, бұл дегеніміз – ой – пікірмен, идеяларымен, сезімдерімен алмасулар болып 

табылады.    

 

 

 



 

Педагогтік ұжымның негізгі міндеті – ортақ іс негізінде мезгілдік – іскерлік, тұлғалық – 

бағдарлық қарым – қатынастар (сурет, ермектеме, спектакльдегі рөл, кітап, ойын, мерекеге, 

серуенге дайындық, ортақ жобаны әзірлеу және т.б.) үшін жағдай туғызу болып табылады.  

Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  оқу  –  тәрбие  жұмысы  ең  алдымен,  ата-

аналармен    жұмысты  сауатты  және  дүрыс  ұйымдастырудан  басталады.        Балалар 

мекемесіндегі  тәрбие  жоспарында  басты  көңіл    ата-анамен  жүргізілетін  түрі  мен  тәрбиелік 

маңызына бөлінуі тиіс.  Балалар – біздің болашағмыз, үмітіміз. 

 

Атап 


айтар 

болсақ, біздің «Бәйтерек» балабақшамызда дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі 

семинарлар,  ашық  есік  күндері,  психологиялық  тренингтер,    топсеруендер,  ойын  сауық 

кештері және басқа да шаралар ұйымдастырып отырамыз.  

 

 

Балаңыздың  тәрбиесін  бастамас  бұрын,  өзіңіздің  мінез  -  құлқыңызды,  өмірге 



көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады. Ұлы педагог А. 

С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, 

қай  бағытта  өнеге  беріп,  өсіріп  келе  жатқанын  ойламастан,  бала  санасын  рухани  өктемдік 

жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен 

келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген. Отбасы  - барлығының 

басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен 

баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы 

үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала 

бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс . Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп 

адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов. 

Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  ұстаздар  мен  ата  - 

аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде 

отбасының  басым  ролін  мойындай  отырып  бірлесе  жұмыс  жасау  керек.  Әрбір  ұстаз  ата  - 

аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана 

отырып,  ата  -  ананың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасаса,  ата  -  ананың 

балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.  

Мысалы бізде мындай  тренинг өткіздік. Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні 

жоқ,  оны  айтуға  табиғаттың  тілі  жоқ»  демекші  адам  табиғатпен  тығыз  байланысты 

табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі 

ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.  Ал 

енді  ата  -  аналар  тамырлар  бір  бөлек,  жапырақтар  бір  бөлек,  діндер  бір  бөлек  отыруымыз 

керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, 

сіздер  не  үшін  діңін  таңдадыңыздар  соны  тобыңызбен  келісе  отырып  бір  келісімге  келіп, 

топтан  бір  адам  шығып  қорғайсыздар.  (әр  топтың  сөзі  тыңдалып,  қошеметпен  шапалақ 

ұрылып  отырады).      Сіздердің  бұл  таңдауларыңыз  кездейсоқтық  емес,  психологиялық 

сәйкестік.  Тамыр  таңдағандар  істің  нәтижесіне  мән  беретін  адамдар.  Діңгекті  таңдағандар 

берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, 

ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата  - аналар мына үлкен қағазға  «тамыр тобы»- тамырды, 

«діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз. (Музыкалық сүйемел, қалам - 

қағаздар) 

Тәрбиешілерге деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, 

«жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.  

Осы  ағаштың  тамыры  –  ата  -  ана,  діңгегі  -  тәрбиеші,  жапырағы  –  балаларымыз.  Егер 

тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. 

Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін 

іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу) 

Ойын:  «Қай  жұп  күшті?»  Қазір  әркім  өзіне  серік  таңдайды,  шарды  алып,  көңілді 

музыкаға  билеп,  шарды  жарады.  Шардың  ішінен  жақсы  тілектер  алып  шығып,  қалған 




106 

 

ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге 



дейін шарды бір - бірін құшақтап шарды жарады.    

Ойын:  «Кім  екенін  тап».  Әрбір  адам  өзінің  аты  -  жөнін  көрсетпей,  өз  -  өзіне 

психологиялық  мінездеме  жазады.  Өзінің  ұнамсыз  қасиеттерін  жазуы  керек.  Бұл  мінездеме 

жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. 

Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек. «Тілек гүлі» (қорытындылау)  Мақсаты: тренинг 

туралы пікірлерін ортаға салу. 

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың 

саналы азаматы етіп тәрбиелеу- тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші 

білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның 

өміріне қауып әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты 

тәрбие беруді жетілдіріп отыру –басты  парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс 

пен үлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас  ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, 

өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.  

Бала  тәрбиесінің  алғашқы  алтын  қазығы-  туған  үясы,  өз  отының  басындағы  ата-ана 

тәрбиесі. 

Қазіргі  таңда  баланы  тәрбиелеуде  ата  -  ананыңда,  тәрбиеші  -  ұстаздың  да 

атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие 

кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата – ана баласына өз отбасын қадір 

тұтудан бастап, туған  -  туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені,  құрметтеп 

қарауға  тәрбиелеу  керек  екенін  ұғындыру.  Ата  -  ана  жауапкершілігі  бәрінен  биік  болмақ. 

Сондықтан  ата  -  ана  басты  талапты  өздеріне  қойғандары  жөн.  баланың  тәрбие  алуына 

қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге 

сүйенгені дұрыс. 

Қазақтың  «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» 

деген  қанатты  сөздер  бар,  отбасында  әдемі  таным,  түсінік  қалай  қалыптасса,  өскенде  сол 

қасиет  бойынан  табылады.  «Болса    тәртіп  бала  өседі  сомдалып,  қатал  ұста  бос  жүресін 

сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен 

тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.            Адамзаттың бәрі 

де  анадан  туып,  соның  бауырында  өсіп  ер  жетеді.  Сүтпен  кірген  сүйекпен  кетеді  дейді 

халқымыз.  Ендеше,  жаны  таза,  денсаулығы  мықты,  ақылды,  сұлу  бала  тәрбиелеуді  басты 

назарда ұстайық. Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты деген аталы сөзден 

алыстамайық.  Олай  болса,    қазақ    ұлтын  аспандататын    ұрпақ  тәрбиелеу-  баршамыздың 

еншімізде. 

 

 



 Қолданылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы: Юрист.2007. 

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Астана, 17 

қаңтар 2014. 

3.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқыту стандарты. – Астана, 2010. 

4.  «Бала тәрбиесі»  журналы.  №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па? К. Бакеева. 

 

 



 

БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС 

 

 

Ә.М.Әбдібек 

тәрбиеші 

«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 



 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау