Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет357/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   363

728 

 

—  зерттеушілік,  шығармашылық  іс-әрекеттің,  белсенділіктің  бірлескен  және  дербес, 



қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі. 

Мектепалды  даярлық  жасы  –  баланың  жеке  тұлғасы  мен  оның  ағзасының  одан  әрі 

дамуын  айқындайтын  өте  маңызды  кезеңдерінің  бірі.  Бұл  жастағы  балалардың  маңызды 

ерекшеліктері  –  олардың  айналадағы  өміріне:  адамдарға,  оқиғаларға,  фактілерге 

қызығушылық  танытуы  болып  табылады.  Олардың  қоршаған  ортадағы  заттар  туралы 

түсініктері  бар,  олар  білуге  құштар,  жаңа  ақпаратты  да  жақсы  қабылдайды.  Осы  ынта  мен 

құштарлықты мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек. 

Орта  білім  беру  жүйесін  жаңарту  мәселесі  баланы  алты  жастан  бастап  мектеп 

жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің 

ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды 

дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке 

келіп,  партаға  отырып,  оқушылар  қатарына  өтпек.  Әрине  алты  жастағы  баланың  мектепте 

оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер 

негізінде  дәлелдеп  отыр.  Орыстың  алдыңғы  қатарлы  бала  тәрбиесімен  және  оны  дамыту 

жолдарымен 

айналысқан 

ғалымдары 

Л.С.Выготский, 

В.В.Давыдов, 

Л.В.Занков, 

Д.Б.Элькониндармен 

қатар 


қазақстандық 

педагог-психологтар: 

В.К.Павленко, 

Қ.Т.Шериязданова  және  тағы  басқалар.  Мектепке  баланы  6  жастан  қабылдау  дұрыс  болып 

отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. 

Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар 

мектепке  даярланар  болса,онда  балабақшадағыдай  жағдайы  болу  керек.  Бұл  балалардың 

мектепке  дайындығы  тексеріледі.  Ол  үшін  «12  жылдық  мектептің  бірінші  сыныбына 

қабылданатын  балалардың  оқуға  дайындық  деңгейін  анықтау»  атты  әдістемелік  құрал 

басшылыққа алынады. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”, “Ата-аналар туралы мәліметтер”, 

“Ата-аналарға  арналған  сауалнама”,  “Медициналық  зерттеулер”,  “Балалардың  денсаулық 

құжаты” т.б. жинақтай келе оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық 

ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталады.[1] 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  берудегі  дамыту 

тұжырымдамасынан: 

6  жасар  баланың  оқудағы  жетістігі  —  мектепке  дейінгі  психологиялық  тұрғыдағы 

дайындық деңгейіне байланысты болып келеді. 

6  жасар  баланың  дамуында  қоршаған  ортамен  байланысындағы  үйлесімділік 

қатынасын  6  аспекті  бойынша  қарастыруға  болады.  Олар:  медициналық,  физиологиялық, 

психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, интеллектуалдық аспектілер. 

6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Оқыту процесі 

бұл  жаста  негізінде  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Сондықтан  балалардың  психологиялық 

ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық 

білім  беруде  оқу  жүктемесін  азайтып,  оқушының  бос  уақытын  жеке  қабілеті  мен  ізденуге 

жұмсауға мүмкіндік туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал 

мұның  өзі  білім  беру  парадигмасының  пәндік  білім  беруден  тұлғалық-бағдарлық  бағытқа 

көшуінен туындап отыр. [2] 

Олай  болса,  тұлғалық-бағдарлық  білім  берудегі  негізгі  құрал  оқулық  десек,  оның 

сапасы  мен  атқаратын  қызметін  жете  түсінуге  көңіл  бөлу  қажет.  Оқулықтың  сапалы 

жазылуына  назар  аударған  авторлардың  басты  ұстанған  принципі  тұлғалық-бағдарлық, 

нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге 

бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық — нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу 

кітабы.  Оқулықта  пәннің  бағдарламасы  толық  ашылады.  Оқулық-бұл  оқушы  мен 

оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені 

жөнінде дәлелді қорытынды шығады. Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның 

барлық  рухани  және  дене  күшінің  дамуы  қатар  жүреді.  Баланың  осындай  барлық 

ерекшеліктері қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың 

көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің арқасында ғана 




729 

 

осы  жасқа  лайықты  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін  дұрыс  анықтауға,  баланың  үйлесімді 



дамуын қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау 

арқылы  іс  қылудың  тәсілдерін  үнемі  үйрету,  ойлау  әрекеттері  түрлерін  (талдау,  жинақтау, 

пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз. «Ойлау қалыптаспай тұрып үйретіп отырған 

білімді  қабылдау да жүзеге аса алмайды, өйткені  білімді  меңгеру оны талдау, жинақтаусыз 

мүмкін емес» — деп жазған С.Л.Рутинштейн. [3] 

Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамуға бағытталған, өз бетімен 

ізденуге  даярлайтын  жеке  жұмыста  көптеу  беруге  болады.  Балаларды  мектепке  дайындау, 

мектепке  бейімделуін  және  оқытудың  жетістігін  қамтамасыз  ететін  маңызды  құрамы 

психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.  

Баланың  жеке  тұлғасының  даму  мәселесін  шешу,  оқытудың  тиімділігін  арттыру, 

балалардың мектепте оқуының дайыдық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.  

Интеллектуалдық  дайындық  -  баланың  мектепке  интеллектуалдық  дайындық 

компоненті оның ой-өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Мектепте оқыту интеллектуалды 

дайындықтың дамуы: 

- Дифференциалдық қабылдау; 

- Аналитикалық ойлау; 

- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі); 

- Есте сақтау; 

- Білімге қызығушылық; 

- Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі; 

- Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы. 

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі  үрдіс және 

бұл  үрдісті  жүзеге  асырудың  бірден  бір  жолы  -  ата-ананың,  мұғалімнің  және  психологтың 

бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан 

кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп 

және өзінің әлеуметтік ортада  «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, 

баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл 

баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып 

табылады.  Демек,  баланы  мектепке  даярлау  мәселесі  өз  өзектілігін  жоғалтпайтын  әлі  де 

зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек. 

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты ұлттық білім беру жүйесін жаңа 

арнаға  бұру,  нәтиже  мен  сапаға  бағыттау,бәсекеге  қабілетті  тұлға  тәрбиелеу  қажеттілігін 

міндеттейді.  

12 жылдық білім беру біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін 

әр  педагогтың,  ата-ананың  саналы  түрде  түсініп,қабылдауы  мен  оған  белсенді  түрде 

араласуын,  икемдік  танытуын  қамтитын  процесс  дейтін  болсақ,  мектеп  бала  тәрбиесіндегі 

белсенді де баға жетпес әлеуметтік орталыққа айналатындығы хақ. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. 



http://netnado.ru/dokumenti-vqso1-v2/addfile-22/index.html

 

2.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 



// Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар 

3.  Рутинштейн С.Л. «Ойлау және оны зерттеу жолдары» - М. 1968-347 б. 

 

 

 



 

 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау