Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет176/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   363

360 

 

берілген ролдерді    сомдап, ән айтып, би билеген өте ұнайды. Мектеп жасына дейінгі балалар  



әр  –  қилы    іс  –  шараларға    өте  жоғарғы  қызығушылықпен  назар  аударады,    әр  қойылымға 

белсене қатысып,  өз өнерлерін баршаға көрсетуге, өз бетімен жасаған іс – әрекетіне  қуаныш 

сезімдерімен, мақтана   қарап, оның артынша  үлкендердің өздерін бағалағанын  қажет етеді.  

Балалардың осы жан дүниесінің тазалығына, белсендігі мен ашықтығына әр ұстаз – тәрбиеші 

назар аударып отырса, болашақта жан – жақты қалыптасқан, рухани – адамгершілік ұстанымы 

жоғары  ел  азаматы  болып  өсетініне  зор  сеніммен  үміт  күтуге  болады.  Қазіргі  заманның  

тұрмыс  –  тіршілігіне  байланысты  ата  –  аналардың  балаларға  назар  аударып,  тәрбиелеуге 

қолдары тимейтін кездері де, ұстаздар да қағаз басты болып бала тәрбиесіне  аз көңіл бөлінетін 

де    жасыруға  болмас.  «Ауыруын  жасырған  –өледі»  демекші  бұл  айтылған  пікір  өмірдің 

шындығы. Көп балалар теледидардан соғыс, қатігездік  мағынасындағы фильмдерді көреді, 

жүректері  қатайып,  жанашырлық  сезімін  білмей  өседі.  Ондай  балалар  ата-  аналарының 

тілдерін  алмай,  балабақшаға  келгенде  өздерін  ерекше  ұстап,  басқа  балаларды  ренжітіп, 

өктепдік  жасауға  құштар  болып  тұрады.  Ондай  балалардың  қызығушылығын  басқа  ағымға 

бұрып, жеке жұмыс жасап, әр  – қилы іс  – әрекеттерге белсендіре қатыстырып, мадақтауды 

аямай,  ненің  дұрыс,  ненің  бұрыс  екенін  іс  –  әрекет  арқылы  түсіндіре  білсек,  ол  баланың 

жүрегін жібітіп, басқа  балаларға, ата- анасына, тәрбиешілеріне деген сүйіспеншілігін арттыра, 

жан – жақты дамып қалыптасуына ықпал  етуге болады.  

Қазіргі  заманда    жас  ұрпаққа    сапалы  білім  мен  сапалы  тәрбие  беру  әлеуметтік 

құрылымның  ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.  

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі    білімді  дамыту  тұжырымдамасында 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие -  үздіксіз білім  берудің  алғашқы  сатысы.  Ол баланың жеке  бас  

ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» деп жазылған.  

Бүгінгі  таңда,    мектептер  мен    балабақшадағы    оқу    тәрбие    жұмысын    бірнеше  

аспектілерден    қарауымыз    тиіс.  Осы  аспектілердің  негізгісі    -  білім    мен  тәрбиені  

ұйымдастырудың  жүйесі болмық. 

Ол жүйе төмендегідей болуы тиіс.  

- Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиеленушілердің  жас  ерекшелігіне  байланысты,  әр 

топтардың      оқу  –  тәрбие  жұмысының  мазмұны    мен  ұйымдастыруының      тиімді  әдістерін  

таңдап алу; 

- Мектеп пен  балабақшадағы  кадрларды дұрыс  іріктеу;  

- Материалдық – техникалық және  медициналық – әлеуметтік  жағдай  жасау.  

Мектеп    жасына    дейінгі    балаларға    тәлімді    тәрбие    мен    сапалы    білім    беру    ісін  

жақсартудың    бір  жолы    -  педагогикалық    үрдісті    жаңаландыру,  педагог  кадрлардың  

шеберлігін арттыру.  

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне байланысты, әр топтары 

бойынша    озық    педагогикалық    тәжірибелерді    зерттеу,  тарату,  оқу  –  тәрбие    үрдісін  

инновациялық  технологиялармен    ұштастыра    отырып,  ғылым  мен    практиканы  

байланыстыру, оларды  балабақша өмірінде қолдануды қалыптастыру.  

Балабақшалардың    жүйесін    сақтау  мен  дамыту  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  

микросаясатының  басты басымдылығы болып табылады. Балабақшада  еңбек  етуге  толық  

жағдай    жасалып,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің    технологияларын   сауатты    меңгеріп,  жаңа  

педагогикалық    әдіс  –  тәсілдер    жүйесін    кәсіби    шеберлікпен    игеріп,  оны  тәжірибеде  

пайдалануға  шығармашылықпен  үлес қосу болып табылады.  Осы мәселе   білім сапасын  

көтерудің  жалпы  жағдайы болса, оған қажетті  негізгі  жағдайлар  ретінде   төмендегілерді  

атауға болады. 

- Балабақшадағы  жұмыс  істейтін  бағдарлама  мазмұнын  және оны  толық  меңгерудің 

тиімді әдіс – тәсілдерін  таңдай алу; 

- Мектепке  дейінгі  баланың  өмірін  қорғау және іс – әрекетін  дұрыс  ұйымдастыру; 

- Материалдық  - техникалық  тұрғыдан жабдықтау;  

-  Оқу  әдістемелік  құралдармен  қамтамасыз  ету;  

- Заттық – дамытушылық ортаның жабдықталуы;  



361 

 

- Мектепке дейінгі  ұйымдарды  басқарудағы  жаңашылдық, ымырашылдық және кәсіби 



шеберлік пен  адами қасиеттердің  басымдылығы. т.б. 

Қазіргі  қоғам  жеке  адамнан  прогрессивті  ойлай  алатын  белсенді  әрекетті,  жан-жақты 

болуды  талап  етеді.  Өйткені  адамның  қоғамдағы  алатын  орны,  атқаратын  қызметі  сол 

қоғамның дамуымен тікелей байланысты. 

Қазақстан  Республикасының    мектепке  дейінгі  білімді    дамыту  тұжырымдамасында 

білім  беру  саласының  ең  негізгі  талабы:  кең  дүниетанымдық  көзқарас,  толық  құзыреттілік, 

шығармашылық  әрекетке  бейім  тұлға  тәрбиелеу.  Қоғамда  «орындаушы»  адамнан  гөрі 

«шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. 

Білім  беру  саласында  мектепке  лейінгі  жастағыларды    эстетикалық,  этикалық  және 

адамгершілік  нормаларын  меңгерту  міндетін  жүзеге  асыруда  музыка  пәнінің  орны  ерекше. 

Музыка  тәрбиесі  жастарды  өнер  құндылықтарын  жасауға  қатыстыра  отырып  олардың 

бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық 

қабілетті  дамытады.  Оқу  тәрбие  барысында  мектеп  жасына  дейінгілерді    өз  халқының 

ғасырлар  бойы  қол  жеткізген  табыстарына  ұмтылуға  тәрбиелеу,  ұрпақты  ата-баба  салт-

дәстүрімен,  әдет-ғұрпымен  қайта  табыстырумен  қатар  және  меңгерту  болып  табылады. 

Музыка  өнері  әрбір  мектеп  жасына  дейінгілерді  әсемдік  әлеміне  үйретіп  қана  қоймай,  оны 

қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір 

қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болады. 

           Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның 

тек  қана  рухани  өмірінің  құрамдас  бөлігі  болып  қоймай,  әлеуметтендірудің  аса  пәрменді 

құралы  болды.  Ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келген халықтық қазынаны,  оның  таңдаулы 

үлгілерін  жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеу  құралына  айналдыру,  нақтырақ  айтқанда,  олардың 

көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. 

Қорыта  келгенде  рухани  –  адамгершілікке  тәрбиелеуді  мектеп  жасына  дейінгілерден 

бастаса  қателеспейміз.    Себебі:  Мектеп  жасына  дейінгілер    сенгіш,  ұқыпты,  берген 

тапсырманы қызыға, бар ынталарымен орындайды. Сонымен: Рухани - адамгершілік тәрбиесі 

- өмірге адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықты қатынасты 

қалыптастыру. Рухани тәрбие - борыш, әділеттік, шындық, жауапкершілік, т.с.с. адамның ісі 

мен ойына жоғары мән бере алатын қасиеттерді тәрбиелеу.  

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж  

2. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж  

3.  Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.  

4.  Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М. Әлімбаев– А. Ғылым, 1979 

5. Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов – А Ғылым, 1991 

 

 

 



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ - ҚОҒАМ  НЕГІЗІНІҢ БАСТАУЫ 

 

 

Кошкимбаева С.К. 



Искакова А.З. 

Жунусова А.М. 

«№36 жалпы білім беретін орта мектебі» 

жанындағы шағын орталық 

 

 

Балаларды тәрбиелей отырып, 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау