Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет175/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   363

358 

 

Рухани - адамгершілік тәрбиенің  әрқайсысының ерекшелігін  жетік білетін ұстаз,  халық 



педагогикасында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты 

терең  білумен  қатар,  өркениетті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  білім  беру,  тәрбиелеудің  

барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.  Ал ата-ананың болашақ  тәрбиесіне келетін босақ, 

олардың  жауапкершілігі ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса бермек. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда 

соны  іледі»  дегендей,  ата-ананың  күн  сайын  атқарып  жүрген  жұмысы-  балаға  үлкен  сабақ.  

«Бала  –  ата  –  ананың  айнасы»  деген  де  сөз  бар.    Жас  балалардың  үлкендер  жасаған  іс  – 

әрекетін, айтатын сөзін бұлжытпай жасап, сол сөздерді қайталайтыны барлығымызға мәлім.  

Баланың үйден көргені, естігені- бала  үшін рухани -  адамгершілік тәрбиесінің ең  маңыздысы, 

демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға 

көрсетер , берер тәлімі мол болмақ.. 

Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің  қолдан  келетін 

жұмысты  ұйымдастыру  процесінде,  ойын  және  оқу  ісінде  жоспарлы  түрде  іске  асады. 

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан - 

жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған 

шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа 

бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке,  ұжымдық  пен  патриотизм 

бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана 

білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. 

Мектеп    жасына  дейінгілердің    бойындағы  мейірімділік  ,шыншылдық,  адалдық, 

тұрақтылық  сияқты  рухани  қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,  өзін-өзі  басқаруына,  жеке 

тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын 

дарынды,  қабілетті  ұл-қыз  тәрбиелеу    мақсатында  №  79  шағын  орталықта    көптеген  іс  – 

шаралар өткізіледі.  Бұл іс – шаралар қазақ халқының бай рухани көркем әдебиеттеді қолану 

арқылы, қазақ халқының салт – дәстүрімен таныстыру арқылы,  қазақ халық композиторлары, 

көркем  әдеби  жазбаларының    авторларын  таныстыру  арқылы,  қазақ  халқының  күйлері  мен 

әндерін таныстыру арқылы,  фолкьлорлық  шығармашылықтармен таныстыру арқылы  рухани 

– адамгершілік тәрбиені жетістіктерге жеткізудің ең пайдалы жолдары іспеттес.   

И.Г.Пестолоции  :  -  «Еңбек  адамгершілікке  үйретеді,  балалардың  бірімен-бірін  өзара 

және  олардың  ересектермен  дұрыс  қарым-қатынаста  болуын  қалыптастырады  »,-деген 

болатын.  «Өзгені  ойлаған-адамдықтың  белгісі»  дегендей,  ата  –  анаға,  әже  –  аталарға,  аға  – 

апаларға    көмек  беру  түсінігін  қалыптастыру  .Рухани  -  адамгершілік  тәрбиесі  жастардың 

қоғамға, отбасына,  білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. 

Осы  заманғы  рухани  -  адамгершілік  тәрбиесі  жекелеген  бағыттарға  емес,  адамгершілік 

құндылықтарға негізделеді.   

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр 

адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де  ертегіден  алады.    Ертегінің  рухани 

тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани  ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың 

рухының өсіп жетілуіне қажетті  нәрсенің мол қоры бар рухани  азық  – деп атап көрсеткен 

болатын.   

 Ал көне грек философы Сократ;  «Өзін-өзі тану-өмірді тану»,-деген. Басты мақсат –әр 

адамның  өмірден  өз  орнын  табуына  ықпал  ету.  Өмірдің    қарапайым  ақиқатына-ұлттық 

құндылықтарын  меңгере  отырып,  баланы  халқының  адал  ұлы  мен қызы  болуға  нағыз  адам 

деген ардақты атқа лайық болуға   жастайынан үйрету. Қазіргі қоғам талабы да  осыны көздеп 

отыр емес пе?  

Балабақшада өтетін «Өзін-өзі тану»   бойынша  оқу іс әрекеті   де  мемлекетіміздің ертеңгі 

азаматтары    -  жас  жеткіншектерге  рухани-адамгершілік  тұрғыдан    бағыт  –бағдар 

беруде   үлкен  үлесін қосады.  «Бала- ойынмен, дана оймен өседі »,- деген мақалды қолдана 

отырып,   балалардың әдепті, адамгершілігі мол, жақсы адам  болып өсуі  үшін үш қасиетті 

басшылыққа алған  қажет. Олар: адал еңбек, саналы ар, шынайы жүрек. Сонымен,  «Өзін-өзі 

тану»    балабақшадағы  оқу  іс  –  әрекеті    баланы  жастайынан  отаншылдыққа,  әдептілікке, 

достыққа,  тазалыққа,  ұқыптылыққа,  мейірімділікке,  табиғатты  сүюге,  отбасын  сыйлауға, 



359 

 

ұйымшылдыққа үйретеді.  Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашырлық, 



сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлеу, сыйлау, құрметтей 

білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-

өзі тану» оқу іс – әрекетінің  үйлесіне.  

Рухани – адамгершіліктің  негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі 

бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Рухани-  адамгершілік  тәрбие-  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Рухани  -адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-қайырымдылық, 

мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор 

болмақ.  «Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  —  депті  Ақан  сері.  Олар:  жалған  айтпадым, 

жақсылықты  сатпадым    һәм    ешкімнен  ештеңені  қызғанбадым.  Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз 

құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген  екен. Шындығында 

бұл  ақиқат.  Олай  болса,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен 

қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге 

тәрбиелеу —рухани -  адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан 

кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру 

жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. 

«Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші-  жылауында»    деген  шешендік  сөзде 

айтылғандай, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол 

үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. 

Мектеп  жасына  дейінгілер  тәлім-тәрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді  үлкендерден, 

тәрбиешілерден  насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында  ғана 

алады.Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізі  отбасында  ғана  қалыптасады  және 

адамгершілік қасиеттерін  ізгілікпен ұштастырады. 

Рухани-  адамгершілік  тақырыбы-  мәңгілік  тақырып.    Ол  ешқашан  ескірмейді.  Жас 

ұрпақтың бойына рухани -  адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты 

міндеті.  Рухани  -адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиет.  Рухани  -  адамгершіліктің  қайнар 

бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.  Әр адам адамгершілікті 

күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған  табиғаттан бойына сіңіреді. 

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала 

асыл қасиетті  бола алады», — дейді. Оған дәлел ретінде, жан-жақты терең білім беріп, оның 

жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке 

тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал    етеді  деп 

сенеміз.    Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең 

бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Ұрпақ  тәрбиесі  —  келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты 

жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам 

алдындағы борышымыз. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани – адамгершілік тәрбиесіне  біздің №79 мектеп 

жанынан ашылған шағын орталық та  өте жоғары  маңыздылықпен  назар аударады.  Біздің 

орталықтағы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктері  әр  қилы  екі  топ  жұмыс 

істейді.  Бірінде оқу іс – әрекеті  қазақ  тілінде оқытылатын топ  болса, екіншісінде оқу іс – 

әрекет орыс тілінде оқытылатын топ.  Бұл топтарда  оқу іс – әрекеті  «Зерек бала»  ортаңғы 

топ  бағдарламасы  бойынша      жүргізіледі.  Мерекелік  іс  –  шаралар  бойынша,    әр  қилы   

тақырыпқа  байланысты  ертегілер,  ойын  –  суықтар,  ертеңгіліктер  өткізіліп  тұрады.  Осы 

мерекелерді өткізуге әр – қилы мазмұндағы көркем – әдебиеттер, салт – дәстүр түрлері, қазақ  

халық  әндері,  патриоттық  сезімдерін  оятатын  әндер  мен  өлең  жолдары  пайдаланылады.  

Ертегілер  қойлымына  ортаңғы  жастағы  және  ересек  балалар  қатыстырылады.  Олар  өздері 

қойылым  қою  арқылы  рухани  –  адамгершілік  сезімін  тәрбиелеп,  жан  –  жақты  жеке  тұлға 

ретінде      қалыптасады.    Балаларға      өз  қолдарымен  жұмыс  жасап,  әр    мерекеде  өздеріне 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау