Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет144/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   363

295 

 

қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және 



құрдастарымен араласуды қамтамсыз етеді. 

Сонымен қатар ТТШТ - ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, 

яғни  балалардың  қаншалықты  ойлауын,  қиялдауымен  бақылағыштығын  зейіндерін  ертерек 

дамытудың  жолы  .Ал,  бүгінгі  күні  мен  осы  тапқырлық  тапсырмаларды  шешу  теориясы 

арқылы  ерте  жастағы    балалардың    ойлау  құзыреттіліктерін  дамыту  арттыру  жолын 

құрастыруды  жөн  көріп  отырмын  .    Ерте  жастағы  балаларға  осы  жаңа  технологияларды 

қолдануға  болады.  Мен  өз  тәбірибемде  қолданамын.  Ерте  жастағы  балалар  әдіс  –  тәсілдері 

баланың ұстап көру, сезу, қабілеттерін байытады. Бұл ерте жастағы баланың тілін дамытуда 

ТТШТ аса маңызды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші  баланың санасын арттыра отыра, 

түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады, сонымен қатар ерте жастағы 

балалрдың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап өз бетімен  жұмыс түрі дамиды, өз ойын 

еркін жеткізеді. 

ТТШТ(ТРИЗ)  –  проблемаларды  шешу  әдіснамасын  жасайтын  және  жүйелердің    даму 

обьективті заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

Қорыта келе бұл жаңа техноллогияны қолдана отырып, баллалрға көп көмегімізді бере 

аламыз  соған  қарай  білімді,  білікті,  дамыған  ,жаңа  заманауи  балалалрды  тәрбиелейміз. 

Балалардың түйсіну,сезіну, қабылдау, ойлау,  зейін қою сияқты  таным үрдістері  дамуына жол 

ашады. 


 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арнаған 

2.  Выготский Л.С. Вопросы детской психологий- Санкт- Петербург.1997. 

3.  Жұмабекова Ф Мектепке дейінгі педагогика- А. 2008 

4.  Алдамуратов Ә Жалпы психология – Алматы, 1996. 



 

 

 



БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ 

 

 

Кабылбекова Б.Ш. 

КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

 

«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің 

де тарихын тәрбиелейді». 

                                      А.С. Макаренко. 

Елімізде  келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  де,  басты 

тақырыбына  айналып  отыр.  Қазақ  елінің  ертеңін  қалыптастыратын осы  мәселенің  шешімін 

табуда,  ең  алдымен  мектепке  дейінгі  мекемелерде  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай 

дәрежеде  қайта  қаралып,  оны  жетілдіру  жолдары  іздестірілуде.  Бұл  бағытта  алға  қойылып 

отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне 

толық  енудің  алғашқы  даму  стратегиясын  жасау  екені  сөзсіз.  Ал  үздіксіз  білім  берудің 

алғашқы сатысы – балабақшада баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға 

тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастаудың маңызы аса зор. Балабақша — 

бүлдіршіндерді болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы, үлкенге құрмет,кішіге 

ізет  көрсете  білетін,  кіммен  болса  да  сыйласа  білетін  азамат  тәрбеилеп  шығаратын  тәрбие 

орталығы.  Сол  себепті  бүлдіршіндерді  бірлесіп,  ынтымақтасып  тәрбиелеу  ата-аналар  мен 

балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы болуы тиіс. 




296 

 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, ең 



әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, 

сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше  тудырмауға 

тырысуы қажет. Отбасындағы даулы жағдайлар, түрлі келіспеушіліктер баланың теріс ықпал 

етеді. Кейбір ата-аналардың өз баласын тым еркелетіп, бетінен қақпай, әрдайым көңіліне қарап 

тәрбиелейтіні  шындық.  Ал  мұндай  көріністер  баланың  бойына  кері  қасиет  пайда  болуына 

тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры 

мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, 

ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі,  адамның  бейнелері,  жақсы  мінез-құлқы, 

дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Ата-ана баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды 

болуға тырысуы керек, тіпті бір нәрсеге ашуланбақ түгілі кейігенін де көрсетпегені абзал. Бұл 

баланың  мінез-құлқының  ашық-жарқын,  жайдары  болып  қалыптасуына  септігін  тигізіп, 

оларды сабырлылыққа үйретіп, үнемі сергек, ой-санасының ашық болуына тәрбиелейді. Әрбір 

ата-ана  өз  баласы  үшін-басты  тұлға.  Сондықтанда  да  кез-келген  бала  алдымен  үлгіні  ата-

анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір  алады.  Ата-ана  баласымен  пікірлесуде 

бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорламай,  мейірімді,  табиғи,  жылы 

ақылды  сөздер  айтып  өнеге  бола  білсе,  тәрбие  де  табысқа  жетеді,  өйткені,  жақсы  сөз  жан 

семіртеді  деген  тәмсіл  бекер  айтылмаған.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  мекеменің 

педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, балаға дұрыс тәрбие беру жолындағы басты 

мақсаты - қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге 

асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі 

мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдату қажет. Баланы әлі сәби, ол әзірге 

ештеңе  біле  қоймайды  деген  көзқарастан  арылу  керек,  өйткені  оның  да  өсіп,  дамып  келе 

жатқан  жеке  тұлға  екенін  еш  естен  шығармауымыз  керек.  Баланы  әр  уақытта  шындыққа 

үйретіп,  еш  уақытта  алдамай,  шындықты  ашып  айтып,  сол  жағдайға  дұрыс  көзқараспен 

қарауға  жағдай  туғызып  отырған  жөн.  Баланың  айналысатын  істерін    үнемі  уақытымен 

қадағалап,  бақыла  отыру  керек.  Қандай  жағдай  болса  да,  ұрпағын  жауын  мен  жел  өтінен, 

жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, анасының ақ сүтімен бірге 

берілетін  ұлттық  дәстүр  қайнарына  қандырып  өсіру  –  ата-ананың  басты  парызы.  Дені  сау, 

рухы  таза,  ана  тілін  толық  меңгерген  ұрпақ  өсіру  қазіргі  кездегі  ең  негізгі  мәселе.  Бала 

тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін 

тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын 

қалыптастыру міндеттері мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі 

мәселесін  шешетін,  қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім 

баспалдағы  –  балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып 

имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелеуге  көңіл  бөліп,  сонымен  бірге,  халқымыздың  салт-

дәстүрінің барлық түрлерін баланың бойына сіңіру жолында еңбек ету қажет. Мысалы: тұсау 

кесу,  бесікке  салу,  тілашар  т.б.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  тәрбиешілері  халық  ауыз 

әдебиетінінің ішінен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу 

іс-әрекеттерінде  пайдаланады.  Бүгінгі  күнде  жас  ұрпақтың  сана  сезіміне  өз  елінің,  жерінің 

тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен  қалыптастыру  аса 

маңызды.  Ал  осының  барлығы  тек  ата-аналардың  көмегі,  олардың  балабақшамен  тығыз 

байланыс жасауы арқылы жүзеге асып отырады. 

Сол  себепті  мен  балабақшада  қызмет  атқарған  уақытымда  балаларға  халық  ауыз 

әдебиетінен молынан мағлұмат беруге тырысамын. Сонымен бірге, маған бөлінген  – екінші 

кішкентайлар  тобында  бүлдіршіндердің  тілін  дамыту,  еркін  сөйлей  алып,  қарым-қатынас 

жасай  білуін  қалыптастыру  үшін  ата-аналардың  көмегіне  сүйене  отырып,  өлең  жолдарын 

жаттату, саусақ жаттығуларын үйретуге ден қоямын. Ал сергіту сәттерінде еркін қимылдар 

жасауға, ертегілерді оқып бере отырып, рөлдерді сомдай білуге, өз беттерімен ойланып, әрекет 

ете білуге баулимын. Ата-аналармен бірлесе отырып, жыл мезгілдеріне, Қазақстан халқының 

Ассамблеясына және Наурыз мерекесіне арнап жылжымалы папкалар жасауды қолға алдық. 

Бір жылда атқарған жұмысымызды қорытындылай келе, «Әкем, шешем және мен» атты сайыс 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау