келтірген иманымыздың теріеке шығуы. Біз Алланың
айыбы, міні жоқ деп оған иман келтірдік. Абай айтуын-
ша: «...құдай
тағала бір антұрғанға, еңбексізге мал бе-
реді екен. Бір кұдайдан тілеп, еңбеқ қылып, пайда ізде-
ген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп
асырарлық та қылмай кедей қылады екен.
Ешкімге
залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен.
Қайта бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-
шешесі бір, екі баланың бірін есті, бірін есер қылады
екен... Осының бәрі құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз
ғафур (кешіруші) рахимдығына,
әділдігіне лайық келе
ме?». Иә, бәрі жаратушының әмірімен болса, пенделер-
дің әлденебір істерге душар болып, ұмтылғанынан не
пайда. Алланың пендесіне еш өкпесі жоқ, бәрі жарату-
шы қүдіретінде. Мұндай
теорияны Батыста фатализм
деп атаған. Абай онымен келіспейді, ол адамның еркін
байлап-матап тастаушылықты Алла әмірі демейді. Оның
айтуынша «Әрбір ақылы бар кісіге ғибадат парыз». Де-
мек, иман келтіру үшін ақыл қажет. Ақылсыз иман жоқ
немесе Алланы тану жоқ. Ақылы бар кісіге ғана иман
парыз, яғни ақыл әрбір жанның өз қасиеті. Алла тағала
пенделеріне қатысты айтса керек «мені таныған ақыл-
мен таныр»— деп. Ақыл тоқтамай діннен не пайда. Егер
дініміз
жалған болып, ол жағын пенде сен ойлама де-
генмен іс біте ме? Әрине жоқ, сондықтан Абай мынадай
кесімді тұжырым жасаған: «...жақсылық, жамандықты
жаратқан — кұдай, ләкин қылдырған қүдай емес, ауру-
ды жаратқан күдай, ауыртқан қүдай емес, байлықты,
кедейлікті жаратқан қүдай,
бай қылған, кедей қылған
қүдай емес». Мұны қалай түсінуге болады. Бұл жерде,
менің ойымша екі мәселе бар. Бірі Алла пенделерін жа-
ратқанда оларға ерік берген. Оны пенделер әр қилы пай-
даланған. Айталық, жалқау кедей болған, еңбекқор
дәулетке қолы жеткен. Сонда
Алла адамға берген ерікке
еркіндік берген. Еркіндік беруші Алла тағала, оны іске
асырушы пенде. Өз еркін адам қалай пайдаланады, оны
тек өзі білмек. Екіншіден, Алла тағала пенделеріне ой-
лансын деп жақсылық пен жамандықты жаратқан. Сенің
жақсы болуың, не жаман болуың өз колыңда.
Бұл іске
құдайдың қатысы жоқ.
Шайтанның азғыруына ерсең
жамандыққа бастайсың, періштең қақса ісің оңға бас-
қаны. Дүние осындай арпалыста. Өмірдің қызығы —
шайтанның азығы, ақылға салмасаң, нәпсіңді тыймасаң,
парызыңды ұштамасаң оған құдай тағала кінәлі емес.
Күнә өз басыңда. Алла тағалада күнә жок, ол пәк, ол
163