А ба#
реалист,
сокдықтан
ол
Ёскендірдің нақтылУ
тарихи
тұлғасын ашып беріп отыр. Ақын Ескендір ту-
ралы тарихи
деректермен таныс болғандықтан ең ал-
ғашқы
шумағы нда бар шындықты ашып берген:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көқілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Әрі қ а р а й көпшілікке белгілі оқиға желісі өрби бе-
реді. Б із
«Ескендір» поэмасының бір шумағы туралы
ойларымызды осымен тәмамдаймыз.
« А Д А С Қ А Н Н Ы Ң А Л Д Ы — Ж Ө Н , А Р ТЫ — СОҚП АҚ»
Бөтен
сөзбен сөз арасын
былғамайтын ақын неге
«адасқанның алды — жөн...» деген. Қалыптағы түсінікте
адасқанның алды белгісіздік емес пе? Адасып бара жат-
қан адам жөн т а б а ал м ағанды қтан адаспаушы ма еді.
Бұл өлеңде текстологиялық қателік болмаса, «адасқан-
ның алды — жөн...» деген түсінікті қ ал ай түсінбекпіз.
Абай өлеңдеріндегі «түсініксіз» ой тұжырымдарына
әбден көндіккендіктен, ақынның айтпақ ойын табуға
кірістім.
Ойлай-ойлай келе тиянақты
түсінік «адасу»
деген үғымға тірелді. «Адасу» деген не? Оның адаспа-
ғандықтан айырмасы неде? Осы бағытта ойға шомға-
нымда тапқаным мынау болды. А дам зат баласы сонау
әлім сақтан күні бүгінге дейін адасумен келеді. Тарих-
тан адаспай жөн, жол тапқан не пайғамбарды, не дана-
ойшылды таппадым. Бәрінің жол таптым, адам баласын
азат еттім дегені теріске айнала берді. Сонда адасушы-
лы қ заңды лы қ болғаны ма?
Ақылы, сезімі бар адамның адасуы таң қ а л а р л ы қ іс
емес, себебі ондай ж а н д а құ м ар лы қ күшті болады. Қү-
марлық дегеніміз білмекке ынталану, ұмтылу, орындал-
майтын істі атқаруға талпыну, құпия, сыры ішіндегі
болмысты таны м аққа әурелену. Осы аталған істермен
айналыоқан
адам әманда адасады. Адасу адамның өз
әлін мелшерлей алмаудан туады. Бұл бір. Екіншіден,
адасу танып білмектен туады. Осы тұста бір дана адам-
ның шейхтен сұраған сұрағы ойыма келіп тұр: «Спроси-
ли: «Қто познавший?» — ответил: «Познавший подо-
бен птице, вылетевшей из гнезда в поисках пищи и не
нашедшей ее, устремившейся (обратно) к гнезду и не
нашедшей дороги. Она в смятении, хочет направиться
домой и не может» (см.: Е. Э. Бертельс. Суфизм и су-
77
фийская литература. М., 1965, с. §57.) Таным, білім |
ж олы на түскен адам құс сияқты өз ұясына қайтып жол Г
таба алмайды. Ол адасады, б ір а қ адасқан д ы қты сезу- |
дің өзі білім екеніи мойындау керек. Адасқанын с е з б е - 1
гендерде
білім ж оқ. Б іл ім ділік белгісі ад асқан д ы қты |
сезіиу.
Тарихта ең ал ғаш қ ы а д ас қ а н д а р Адам-Ата мен Хауа- і
Ана. Хауа-Анамызды білмекке қ ұ ш т ар л ы қ жеңіп, дәмін
татуға болмайтын жемісті жеді. Сөйтіп, пейіштен азабы
да, қызығы д а жеткілікті ж ер бетіне қуылды. М аң дай ,
терімен күн көріс қ а м ы н а кірісті. Адам-Ата өз қателігін
мойындап, Алласына ж ал б ары н ы п , күнәсінен тазарум ен г
өмірін өткізді. А дасқан пендесіне А л л а т а ғ а л а кешірім |
жасад ы . Содан бері Адам үрпағы адасумен келеді. Аны- 1
ғында
жығылып-сүрініп
барып, қ ү л а м а й тік ж үріске 1
ж а т т ы қ қ а н б ала тәріздес а д а м за т та адасып жүріп бір ■
’
жөн табары, бір ақ ол та п қа н жөні күндердің күнінде |
«жөн емеске» айналып, адасуы тағы б асталады . Абай- I
дың айтып отырғаны осы хал болуы керек. Адасқанның 1
алды жөн болатыны, ол өзінің
адасқан ы н біліи отыр. =
Адасқанын біЛген адам ж өн таб у ға д а қ а у қ а р ы жетеді. 1
Ал адасқаны н білмегендер туралы сөз жоқ. Көп адаса- 1
ды. Ақын ол жөнінде
а д асқан көптің
атының басын I
бұратын адам ды қүрметпен — «единиңа» деп атаған.
Адасу негізінен сенімге байланысты. Таным мен сенім 1
бастары бір қ а з а н ғ а сыятын құбы лы стар емес. Б ұл I
екеуін кәбіне зорлықпен бірге қарасты ры п отыр. М ұндай I
дәстүр
араб, ислам философиясында, ортағасы рлы қ
Б а ты с Еуропада, кеңес өкіметі зам ан ы н да біздің ж а қ т а !
болған. Философия
сенімге қызмет .еткен. Абай болса
Алланы мойындай отырып, «замана, ш аруа, мінез күнде
езгерер»,— деген. Өзгерісті мойындау сенім ш екарасын
бұзушылық.
А д а м зат
тарихы нда зер салып қ а р а с а қ
ад асқан ж а л ғ ы з Адам-Ата емес, одан кейінгі б арлы қ
нәбилер.
А л л ад ан төрт кітап келген, яғни төрт дін (сенім)
болған. А лғаш қы кітап Д әуітке келген. Уақыт өте бер-
ді, бұл сенім тозып, енді (келесі кітап М үсаға келді. Ол
сенім де тозды,
одан кейін кітап Ғ ай саға келді. Алты
ғасырдан кейін «ең соңғы» пай ғам б ар М үхамм едке «Қү-
ран» келді. Сөзді қ ы сқ а ш а қ ай ы р сақ, Д әу іт те, М ұса да,
Ғайса д а адасты немесе оған сенушілер адасты. Адас-
қан д ард ы жөнге М ұхаммед салды. Бертін келе ж ердің
қ а қ ж арты сы ж а ң а дін «М аркстік-Лениндік» ілімге та-
бынып, сенді.
Бүгін бұл ілімнің соңына ергендердің
78
адасқаны анықталып отыр. Демек, сенім адамды аДас-
тырады. Адам санасына сенімді сіңіру идеологиялық
тәсіл. Идеология дегеніміз — ж алған сана.
Бір сенімге берілген адам, халық міндетті түрде кө-
семді қаж ет етеді, олар плюралистік ой иелерін керек-
сінбейді. Сөйтіп, сенгіш көп өзіие тоталитарлық (әкім-
шілік) басқару жүйесін қүруға ынталы болады да тү-
рады. «Көпте ақыл жоқ» — деген қорытынды осындай
жағдайдан шыққан.
«Озық ой» иелері әманда сенімге қүрылған идеоло-
гиялық жүйемен қайшылыққа келеді. Егер ондай қай-
шылық болмаса, екеудің біреуінің болмағаны. Не сенім-
ге қүрылған тоталитаризм жоқ, не ол қоғамда қозғаушы
күш бола алатын «Озық ойдың» болмағаны.
Адасқандарыи сезетін де осы озық ойлы жандар.
Алайда, тарихта осындай үлдардың өз үғымдарында
жолы 'болып айтқандарын ақыл алған патша, хан, сүл-
тан бола қоймаған. Себебі, озық ойлы жандарда сенім
болмайды. Олар сенімнен жоғары адамдар.
Сенім туралы Фридрих Ницше «Заратустра осылай
деген» шығармасында мынадай терең пікір айтқан:
«Сіз
Заратустраға сенесіз бе дейсіз? Бірақ мүнда
Заратустраиы
неге тықпалаймыз?
Сіз маған сенесіз,
бірақ басқа барлық дінге сенушілер туралы не айта-
мын! Сіздер мені таба отырып, өздеріңізді әлі іздеген
жоқсыздар. Б арлы қ дінге сенушілер осындай
және
сондықтан да барлық діннің маңызы мардымсыз. Енді
сіздерден мені жоғалтып өздеріңізді тауып алуға шақы-
рамын және сонда сіздердің барлықтарыңыз менен қол
үзгенде ғана, мен сіздерге ораламын».
Осы ойларды Ф. Ницше Заратустра айтты деп, пар-
сы ойшылының беделін пайдаланып отыр. Әйтпегенде,
бүл ойлар Ф. Ницшеиің өз пікірі. Ол мәселені терісінеи
қойған. Заратустраға сенудің еш қажеті жоқ, ол үшін
тіптен үялу керек. Біреуге, тіптен қүдайға сену де аса
қүнды іс емес. Асылы, адам өзіне-өзі сенгені жөн. Тек
сонда ғана адамда нағыз сенім пайда болады. Ол сенім
адасудан сақтауы өте ықтимал. Одаи өзге адаспаудың
еш амалы жоқ. Біреуге сеніп көш ішінде кетсең, адасқа-
ныңды,
яки адаспағаныңды қайдан білмексің. Абай
Алла туралы көп айтқанмен, оған сенуге шақырмайды
(оиы сүюге
шақырады), оның растығын мойындауды
талап етеді. Ол «Сенбе жүртқа, түрса да қапша мақтап»
деп басталатын өлеңінде:
79
I
«Өзіңе сей, өзіНді алып шЫСар
Еңбегің меп ақылыц екі жактап,—
дейді.
Нидше мен Абай сенім туралы дәл бір жерден шы-
ғып отыр. Екеуі де сенім жүректе болуын мойындайды. і
Ж үректе сенім болғанда Заратустраға, Аллаға да орын
бар. Сондықтан Абай:
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме,—
дейді.
.
г ;
V П | ' У һ І І О Г і
Өзге жұртты былай қойғанда, қазақтар д ы ц Маркс,
Леннн ілімдеріне деген сенімдерінен не шықты. Сенгіш-
тікпен әуре болып рәсуа болдық. Тіптен адасқандығы-1
мызды ұққымыз келмеді.
Осындай адасу болатынын Абай біліп, бізді сақтан-і
дырған еді. Ол «Жұртпен бірге өзіцді қоса алдасып,]]
салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?» — деп айтты,(
бірақ амал қанша, жетпіс жыл бойы біздің зиялы қ а -г
уымның дені «салпылдап сағым қуып келді».
Ж а р а р ,
адасуға
мысалды өткен күннен келтіріп'
отырмыз, ал бүгінгі күні ,адаспай жол тауып отырғаны-1
мызға кім кепілдік бере алады. Уақыт өткен соң келер!
ұрпақ адасушылар деп бізді де мысалға келтіруі ғаж апі
емес.
Бұл мәселеге тура ж ауап беру ауыр. Ең алдымен^
мына проблеманы шешіп алған жөн. Адасқанда жөн
табатын кеп пе, ж оқ әлде Абай айтқан единицалар ма?
Көпшілік сенгіш, оларға идея, көсем керек. Демек.І
сенім керек. Яғни, көпшілік сенімсіз емір кешпек емес.1
Сенгіш к ө п ш іл ік ‘көсем қайда
бастаса соған барады. ^
Мысалы, неміс халқының Гитлердіц соңынан еруі, «Со-
вет халқының» Сталинге берілуі айғақты жайлар. Не-
месе Батыс Еуропаның
Ғайсаны құдай деп, әлемді
христиан
және өзгелер әлемі деп бөлу
адасушылық.
емес пе? Немесе. пайғамбарымыздың адамдарды мұ-І
сылмандар, кәпірлер деп бөлуі қайсыған жатады. Күніі
кеше жер бетіндегі өмір сүріп ж атқ ан елдерді екіге: со-|
циалистік және капиталистік елдер деп белдік. Б ұ л а р ғ а '
жатпағандарды «үшінші әлемнің» елдері дедік. Осыны
ақиқат, білім деп қабылдап, оқыдық. Бүл адасушылық)
емес пе еді.
Демек, көп адасады, адаспауға мүмкіндігі бар еди-І
ннцалар, олар «озық ойдыц», алдыңғы қатардағы ойдыңі
екілдері. Олардың да дәрмені тек ауысқанда жөн т-абу.
80
Абай
өзгеріс туралы айтады да, д ам у хақында ой
өрбітпеген. Д а м у туралы біз көп айттық. Қазір мәселе-
нің байыбына
барсақ, д ам у деп жүргеніміз де адасу-
шылық болып шағады.
Д ам у ж ақ сы ма, ж ам ан ба? Ойлаймын, дамуға баға
берудің еш қаж еті жоқ, оны болмай қоймайтын өркениет
көрсеткіші деп мойындаған
абзал.
Д а м у объективті
процесс, оның өз себебі өзінде. Мәселе оны түсініп, та-
нуда. Адам санасы д ам у логикасын
меңгере ала ма?
Кант бүл мәселеге күдік келтірген. Абайда ақыл өлшеу-
лі дейді. Сондықтан дамудың ж ақсы, жамандығын, дұ-
рыстығын біз анықтай 'алмаймыз, бірақ тырысамыз.
К. Маркстің тарихи еңбегі сол, ол тарихтың бар құ-
пиясы,
өзіндік сырын
ашып, оны коммунистік қоғам
орнату мүмкіншілігіне дейін адамзатты адасушылықтан
құтқарып, «көзін ашып, көкірегін оятып кетті». Бұл қа-
телік болатын, одан көптеген зиянды салдар пайда бо-
лып, қалыптасып,
адамдар түсінігінде орнығып алды.
Соның бірі жауапсыздық, себебі, М аркс ілімі бойынша,
болашақта бәрі белгілі, бәрі анық. Ешбір адасуға жол
жоқ. Бұл адам еркіндігіне тұсау болған ілім еді. Адам-
ның еркіндігі шектелді. Оған тағы жер бетінде ж ұ м ақ
ұсынылды. Бол аш ақты көрегендікпен білу емес, керісін-
ше, оны білмеу адам еркіндігі үшін қаж етті жағдай. Бұл
адамның, іс-әрекеттің жауапкершілігін керек етеді, ұйқы-
дағы сананы оятады.
Сондықтан Абай айтқан адасушылық заңды. Өмірде
адасқандар емес, адаспағандар қауіпті. Алдынғылар
болашақты білмегендіктен аяқтарын аңдып басып, үне-
мі адасқандықтарын сезіп, жауапты іс-қимыл жасауға
талпынады. Абай ол осындай адамдар туралы адасқан-
ның алды жен, арты соқпақ деген.
Менен
кемеңгер, ойшылдар
кімдер деп сұраған-
дарға айтар едім: біріншіден, олар екіге бөлінеді, біреу-
лері адамға болаш ақты сызып берген, тарихты түсінді-
ріп, адам баласының барар жерін, басар тауын белгі-
леген қиялш ылдар (К. М аркс т. б .) ; екіншілері, бола-
шақты беймәлім деп, болмыстық тану мүмкіншілігінің
шектеулі екендігін түсінгендер (Кант, Абай лар). Маған
соңғылары ұнайды. Себебі, олар адамға емір сүру мүм-
кіндігін адамның өзіне қалдырған. Әр адамның өмір
сүруге деген құштарлығы бар. Әр адамның өз қуаты
бар. Соның іске асырылу мүмкіншілігіне біз шектеулік
қоюға хақымыз жоқ.
6—443
81
Мағыз ойшыл дегеніміз адамзат .баласыньщ адас-
қандығын түсінген жандар. Олардың өмірі білмекке
құмарлық принципіне негізделген. Білмекке құмарлық
белгісіздіктен туындайды. Белгілі нәрсеге адам құмар
болмайды.
Болашақ туралы белгісіздік — қоғамдық ойдың же- I
тілуінің ең негізгі және басты шарты. Ғылым белгісіз-
дікпен айналысады.
Белгілі нәрсені зерттеуден ешбір
ғылыми ой шықпайды. Егер Абай адасқанның алды жөн
десе, міне, осыны жөн деп тану — білім.
Болашақ жөнінде сәуегейлік айтқаннан оның белгі-
сіздігін, жұмбақтығын мойынДау әлдеқайда құнарлы
түсінік. Осы тұрғыда К. Маркс пен Бұхар жыраудың бо-1
лашақ туралы ойларын салыстырсақ, мен жыраудың
айтқанын қалар едім. Себебі, К. Маркс адамзат комму-
низмге жетпекші бол;ашақ тарихты белгілеп берген.
Ал, Бұхар болса болашақ сыры құпия, «қилы-қилы
заман болар, қарағай басын шортан шолар»,— дейді.
Демек, болашаққа жауапсыздықпен қараудан сақ болу-
ды өте қатаң ескерткен. Шіркін, біз осы жырау айтқан
қағиданы басшылыққа алсақ 'басымыз да, ойымыз да
ноқталанбас еді.
Адасқандық ақиқатты іздеуден туады. Адасу бар,
адасқандық бар. Соңғысы философиялық ұғым.
Адасқандық адасуды білгендіктен туады. Сондықтан
да адасқанның алды жөн, арты соқпақ.
Соқпақ жол емес, ол үнемі ақиқатқа бастамай кө-
мескі тартып, адамзат тағы да адасуы ғажап емес. Адам
баласы адасып жүріп жөн тауып, тағы да соқпақ сал-
мақ. Мезгіл өте ол соқпақ та көмескілене бермек, бұл
біреудің ойлап тапқан қайталана беретін ермегі емес,
емір дүние болмысының заңдылығы. Абайдың айтып
отырғаны да осы мәңгілікке қатысты ой.
«ӨЛСЕ ӨЛЕР ТАБИҒАТ, АДАМ ӨЛМЕС»
Адам туралы Адам-Ата заманынан бері айтылып ке-
ле жатқан аңыз да, ақиқат та көп. Мың сан ғұлама ха-
кімдер, нәбилер адам болмысы хақында не айтпады
дейсің. Әлемде адамнан өзге құпия жоқ. Алла да, таби-
ғат та адам арқылы ғана түсініспек. Адам қүпиясын ақ-
тармақ болып нәбилер, пайғамбар, жердегі құдайлар
неше түрлі діндер ойлап тапты. Адамды дін арқылы, яғ-
ни, оны өзге тыс құдірет арқылы түсіндіруге жасалған
талпыныс адамзат санасында өз жемісін берді. Сонымен,
82
негізі діни жүйелер қалыптасты. О ларды ң дені адамды
жаратушы бар, оның қүпиясын сақтауш ы бар деген
қорытындыға келді. Сонымен, адамның құпиясы өзінен
тыс абстракцияға айналып, оны адамның өзі зерттей
бастады. Адам өзін өзге күш, шындық арқылы зерттеуге
кірісті. Міне, осы тұста « ж ал ған өмір» және «мәңгілік
өмір» деген қа ғи д а л а р бой көрсетті. Сонда не ж ал ған , не
мәңгілік? Адам ғұмыры қысқа, қ ас пен көздің арасын-
дай, қас қағым сәт. Демек, бұл сәт ж а л ға н , ал мәңгілік
деген не? Абай осы с а у ал ға араласқан.
Ол табиғат өледі, адам өлмейді деген қағида ұстан-
ған. Мұны қ а л а й түсінуге болады. Адам да табиғаттың
жемісі, соның төсінде өніп-өскен саналы тіршілік иесі
екендігі туралы пікір Абайға дейін белгілі болған. Ақын
оңы қаб ы лд ап отыр, яғни адам да табиғат, сонда өлетін
адамның «тәні». Осы адамның табиғаты, яғни тәні ж ал-
ған ғүмырлық. Ол табиғаттағы кезектесіп келетін қыс
пен ж аз, көктем мен күз сияқты өзгеріс заңына бағынып
туады және еледі. Қ а з а қ мұны ертеден ұққан, «тумақ бар
да өлмек бар», «өзекті ж ан ға бір өлім» деп анықтап
тастаған. Абай қ а з а қ ты ң бұл мақалдары н, ондағы ай-
тылған ойларды ж а қ с ы білген. Б ірақ, қай талам аған . Ол
адам өлді демейді, табиғат әлді дейді. Демек, өлген
адамның өзі емес, оның ж а л ға н ғұмырға ш ақталған та-
биғаты, тәні. Осылайша Абай ж а л ғ а н ғұмырдан мәңгі-
лік ғұмырға ой салған. Оның айтуынша адамның тәні
өлгеннен кейін, ол «адам ойнап күліп қайтып келмес»
дейді. Дем ек, ол адам енді бұл ж ал ған өмірде бұрынғы
күйінде, қалпы нда емір кешпек емес. Ж а л ғ а н ғүмыр
жалғанды ғын жасайды. Адамның табиғаты өледі. Адам-
ды енді, қ а з а қ тілінде, «марқүм» деп атаймыз. Адам
болмысының бір құбылысы мәңгілікке ж абылады . Мар-
құмға біздің ортам ы зда орын жоқ. Оның орнын өзгелер
басады. Бір адам о дүниелік болса, орнына дүниеге жа-
ңа ұрпақ келеді. Бұл әлемдік заңдылық, оның сырына
ешкім жеткен емес.
Сырына жете алмаған дәрменсіз
сана осы адамның о дүниелік болуын да Абай айтқан-
дай білместіктен «елді» деп атаған. Тәннің өлуі, жанның
кеудеден шығуы адамның рухының өлгені емес. Ақын
«мен» өлгенмен «менікі» өлмек ж о қ дейді.
Өмір болмысын, адам болмысын баріпа ж ұртқа түсі-
нуге А лла т а ға л а ж азб аған . Ол ерекшелердің үлесі.
Сондай дананы ң бірі Абай «мені» мен «менікінің» ай-
рылғанын «өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес»,— дейді.
83
Әрине, «мені» мен «менікінің» айырылғанын түсіну үшін
«мен» дегеннің не екенін ақылға салайық.
Абайдың «мен» деп отырғаны адамның тәні, таби-
ғаты. Бірақ, бұл жерде бір гносеологиялық қиыншылық
бар. Алдымен соған тоқталайық. «Мен» ұғымы тек адам-
ға қатысты қолданылады. Ол ж ан -ж ан у а р ла р ға беймә-
лім, олардың «мені» жоқ. Табиғат оларға «менді» бер-
меген. Әр адамның өз «мені» бар. Сонда «мен» деген тек
табиғат емес, ол сана көрінісі, оның өлшемі. Әркімнің
«мені» сол субъекті танымының сатысы. Мысалы, ақыл-і
есі ауысқан ж андардың «мені» туралы әлдеқандай пікір
айту өте қиын. Ол бөлек әңгіме. Менің айтпағым Алланы
тануға немесе табиғатты тануға талпынған ж андардың
«мені» туралы.
Абайдың «менінде» үш мән бар, олар тән, жан, р.ух.і
Тән жалғандық, ол биологиялық заң ды лықтардан тұра-
ды. Ислам діні адамның тән тазалығына қатты көңіл-
бөлген. Тәні таза адамның жаны таза. Рух тән тазалы-
ғын қаж ет етеді. Тәні сау адамның жаны сау. Осы тән
тазалығына ие әркімнің «мені». Адам өз болмысына
жауапты, бұл ж ауапты лы қ оның «мені» арқылы айқын-
далмақ.
«Мен» деген адам болмысын бейнелейтін философия-
лы қ ұғым, демек, ол тек тәнге немесе ж ан ға қатысты
емес, ол рухтың да өлшемі. «Мен» тән мен жан, рухтың
синтезі. Ақынның «мені» тән, ж ан және рухтың өткін-
шілік сипатын білдіреді. Тән өлген соң ж ан және рух
өзге күйге көшеді. Енді «мені» мен «менікі» айрылады.
Табиғат (тән) елген соң жан мен рух өздеріне өзгеше
емір сүру формасын іздейді. Тәннен айрылғанымен олар
объективтік мазмұндарын жоймайды. Керісінше, олар
мәңгілік мазмұнға ие болып, шексіз шындықпен бірігіп
кетеді. Алайда, олардың қандай формада ©мір сүретіні
бізге
(адам дарға)
ж ұмбақ. А дамдар кеудеден жан
«ұшып» шыққаннан кейін, рух «аруақ» күйіне кешеді
деп болжамдар жасайды. Бұл турасында әр халық, әр
дін өздерінше мифтер қалыптастырған. Омың бәрі бол-
жамнан аспайды. Адамға рухтың болмысын тану беріл-
меген. Сондықтан да ғұлама Платон рухты идея ретін-
де қабылдауға шақырған. Идеяның ерекшелігі сол, оныд
өзі танымның алғаш қы себебі, қаж е т десеңіз қозғаушы
күші. Б ар болғаны сол. Идеяны туғызған себепті іздеп
босқа таусылудың еш қаж еті жоқ, оның себебін өз іші-
нен іздеу керек. Абай ұғымында Алла идея, демек, Алла
неге пайда болған, қалай пайда болған дегенді қарас-
84
тырудың еш қ а ж е т і ж о қ . Ал, идея — А л л а н ы ң өзіне тән
себеп, с и п аттары н т а н у ғ а а д а м б а л а с ы н а ж о л ашық.
Адам та н ы м ы А л л а дегеннен асып ж ы ғ ы л а алмайды .
Таным м үмкіндігі
А л л а ғ а дейінгі
жол.
Мұны Б а ты с
Еуропада м истика деп атайды. Ал, ш ыны нда а д ам н ы ң
«мені» мен «менікі» а й р ы л ғ а н д а мойындайтын ақи қаты -
мыз осы. Өйткені, «мен» ж о й ы л ға н м е н «менікі» жойыл-
мақ емес. «М енікі» ж о й ы л с а , ө м ір д ің мәні б ұзы л м ақ,
сүрген өм іріміз, а т қ а р ғ а н ісіміз, ж а с а ғ а н ж а қс ы л ы ғы -
мыз, өсірген
ұ р п а ғы м ы з
бәрі-бәрі
қ а ж е т с із болып
қалған б о л ар еді. Ж о қ , олай емес, «мен» (таб и ғат) өлген-
мен, «менікі» (рух) өл м ек емес. А д ам н ы ң өзі ж е р бетінде
толып ж а т қ а н діндер, ә л ем д ік ф и л о с о ф и я л ы қ схема-
лар, с и с те м а л а р қ ұ р у ғ а негіз болды. «Мені» мен «мені-
кінін» ай р ы л аты н ы н а д а м д а р өте ерте за м а н н а н білген,
сезген, түсінген, б ір а қ соның ан ы қ-қа н ы ғы н а ақылм ен
(логикамен) ж е ту мүмкін болм ай келеді. Әлем тари-
хында қ а н ш а м а ғ ұ л а м а өтсе, бәрін де осы ой меңдеткен.
Әркім өзінш е айтты. Б і р а қ а қ и қ а т қ а ж еткен еш қайсысы
жоқ. Абай д а а қ и қ а т қ а жетіп оты рған ж оқ. Оның айтып
отырғаны ф и л о с о ф та р ға
ж а ң а л ы қ та
емес,
а л а й д а
«емір» мен «өлім» ту р а л ы қ а з а қ с ан асы н а сіңісті бол-
ған түсініктерге сын айтып отыр. Ақын мәселені терең-
нен қ о зғ а ға н . «Мені» мен «менікі» айрылуы туралы
ироблема қ а з а қ этносына ислам ф илософиясынан, араб-
парсы мәдениетінен бұрын белгілі болған. Түркі х алы қ-
тары нда « а р у а қ » деген түсінік, о л а р д ы ң дүниетанымы-
ның негізгі а р қ а у ы болған. «Күлтегін» ж ы р ы н д а ад ам
өлді демейді, ұш а б а р д ы дейді. Д е м е к , ад ам Абай айт-
қан «менікі» күйіне көшіп тәңірімен тұтасып кете бара-
ды. Түр кіл ерд е Тәңір, А р у а қ дегендер әлемнің тұтасты-
ғын білдіретін ұ ғы м д ар. О л а р а д ам н а н тыс емес, оның
әлем дік өлшемдері.
А бай ұғы м ы нд а а д а м д ы «елді» деп ат қою білместік.
Рас, а д а м д ы кеудесінен ж а н ы ш ы қ қан соң «өлді» деп
ұмыту, оны са н ат та н ш ы ғары п тас та у көптеген адам ш ы-
л ы қ қа ғи д а сы н а ке р а ға р түсінік-ұғы мдар қалы птасты -
рады. Ол а д ам д ы
құрм еттем еуге бастайтын жол. Ал,
құрмет а д а м ғ а ға н а л а й ы қ л а у а зы м . Б ү кіл әлем де тек
адам ғана құрм етті. Б ұ л ұғым а д ам н а н өзгеге қолданыл-
майды ж әне қ о л д а н у ға болмайды. Осы құрм ет «мені»
мен «менікі» а й р ы л ға н д а да ж ой ы лм ау ы керек. Тірі
адам ды қ а л а й кұ рм ет тұтсаң, ж а н ы аспанға ұшып, езі
рухқа ай н а л ға н ар у а қ ты құрм еттеу еш кемш іліксіз бо-
луы керек. А дам өлмейді, оның тәні ж ан ы н ан бөлініп,
85
болмысы р ух қа а й н а л а д ы . Осы қ а ғ и д а н ы А бай б ір-ақ
ауыз өлеңмен өрнектеп берген:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанык
«Өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес.
« Ө М ІР , Д Ү Н И Е Д Е Г Е Н І Ң А Ғ Ы П Ж А Т Қ А Н СУ Е К Е Н »
Болм ы с, А д ам та б и ға ты н түсіндіруге т а л п ы н ғ а н ой-
ш ы лдар «су» мәселесіне ж и і то қ т а л ғ а н . Е р т е д үние ғү-
л а м а с ы Ф ал ес дүниенің түп негізі су деген. Үнді, Қ ы тай
ой ш ы л д ар ы әлем қүпиясы н а ж ы р а т қ а н д а басты -басты
төрт дүние элементін ай тқан , о л ар : от, ау а , ж е р , су.
Су көбіне өзгеріс, қ о зға л ы с бейнесі ретінде қ ол д а-
нылған. Көне грек фиолософ ы Герилий ағып ж а т қ а н
езенге екі рет түсуге болм ай ты н ы н ай тқан . Б ұ л дүние
ағып ж а т қ а н су, оның бір болған көріністері енді қай та-
л а н б а й д ы деген тұж ы ры м . Д ү н и е н ің осы н дай ты ныш сыз
(релятивтік) сипаты а д ам д ы терең т о л ғ а н ы с қ а са л а д ы .
Қ а з а қ ф и л о с о ф и я л ар ы н д а «Терме» ж а н р ы осы «өмір,
дүние дегенің ағып ж а т қ а н су екен...» деген нёгізге құ-
рылған. Б ұ л қ а з а қ ф и лосо ф иясы н д а ертеден б ар түсінік.
Б ұ ғ а н А б ай д ы ң қ а н д а й өзіндік қо с қ а н ы бар, соған тоқ-
та л а й ы қ .
Д ү н и е ағып ж а т қ а н су екен,— деп а қ ы н н ы ң ағы-
нан ж а р ы л у ы , ең ал ды м ен оның білім, п а р а са т ты л ы ғ ы и
керсетеді. А д а м з а т с а н ас ы н д а б ар білімді А бай меңгер-
ген, оған өз түсінігімен ж етк ен . О дан әрі
а й та ры м ы з
ақы н бұл с а н ан ы ң а д а м ғ а өмір т у р а л ы ж е ң іл - ж е л п і тү-
сінік әкелмей, қ а й ғ ы ғ а с а л а т ы н ы н ай тқан .
Ө м ір болм ы сы на тереңдеген ад ам , од ан е ш қ а ш а н қы-
з ы қ қ а кенелмеген. Ө м ір ту р а л ы ой Б у д д а н ы ң ел кезіп
кетуіне әкелген. Д иогеннің «бөш кеде» өмір сүруіне жет-І
кізген. С онды қтан А бай «өмір, д үиие д еген ің ағып ж а т-
қ а н су екен. Ж а қ с ы - ж а м а н көргенің, о й л ай берсең, у
екен» — дейді. Осы ойдың генезисіне зер с а л с а қ , мұн-
д ай түсінікті сопы лар дүн и етан ы м ы н ан кездестірем із.
Ө м ірдің « ж а л ғ а н өмір» ата н у ы н а д а бір д ә л е л осын-
д ай ұ ғы м д а р болса керек. Д ү н и ен і р е л я т и в т ік принцип-
пен түсіндіру «м әңгілік өмір» ндеясы н а әкелген. Бүл
идея көп дін д ерге о ртақ. Ж а л ғ а н , яғни қ ы с қ а , ш о л а қ
өмір ж ә н е м әңгілік өмір ту р а л ы ой л а р көктен түспеген,
а д а м болмы сы нан туған. А д ам ғұ м ы р ы қ ы с қ а әрі қай-
т а л а н б а й д ы , ағып кеткен су
с і і я қ т ы
,
б ір а қ суд ы ң мәңгі
86
жойылмайтыны сияқты адам рухы д а мәңгілік. Су ағып
кетіп, су емес күйге айналғанымен, өзінің қасиеті арқы-
лы білінеді. Айталық, өсімдік, ж а н -ж а н уар өмір сүруле-
рі нәтижесінде өз қызметін айқындайды. Д ә л сол сияқ-
ты адам ғүмыры қы сқа болғанмен, оның рухы адам кей-
пінде болмаса д а әлемнен жойылып кетпейді. Оны қ а з а қ
аруақ дейді. Мен «аруақ» деген идеяны тек ислам діні-
мен ан ы қтағанға қосыла қоймаймын. Аруақ философия-
сы діндерден бұрын қалы птасқан , кейінірек діни фило-
софияларда логикал ы қ та л д а у ға түскен адам болмы-
сындағы мәңгілікті бейнелейтін қүбылыс.
Аруақ туралы ой болмаса өмір, дүние хақында ұғым
тым келте болар еді. « Ж а л ға н » мен «мәңгілік» өмір ара-
сы, қарапайы м тілмен айтқанда, ж ер мен көктей, осы
кеңістікті тілге тиек еткендер — «ауыр ойды көтеріп,
ауыратын ж андар», оларды біз даныш пандар дейміз.
Өмір, дүние туралы толғанысқа түскен адамның тия-
нақты тұж ы ры м ға келуі екіталай іс. Дүние болмысы ту-
ралы мінсіз ой қал д ы рған данышпан жоқ. Олардың бә-
рі терең сөздер айтқан, бірақ ешқайсысы өмір мәнін
ашып бере алмаған. Өмір құпиясы Кант тілімен айтсақ,
«өзіндік зат», біздің айтып жүргеніміздің бәрі дүние
туралы бағыт-бағдарлар.
Сондықтан ойшыл-данышпандарға дүние болмысы
туралы толғаныс қайғыға бастап апаруы заңдылық.
Мен одан басқа ж о л ға түскен ғұламаны кездестірмедім.
Өмірдің мәні оның сірә, ж ұмбақтығы нда, адам санасы-
нан тыс құпия болғандығында болса керек. Өмір мәнін
бір данышпан ашып кетсе, өзге даны ш пандарға не қал-
мақ. Осы тұрғыдан алғанд а данышпандықтың өзі — өл-
шеулі ақыл, шектеулі сезімнің синтезі. Даны ш пан айт-
ты деген сөз ақ и қ а т емес, соған барар жолдың бағыты.
Бізге даны ш пандардан керегі сол. Ал, адам ға бұл
дүниеде не керек. Оған өмір керек. Б а с қ а еш нәрсенің
қажеті шамалы. Өмір деген адам болмысы, оның тірші-
лігінің кеңістігі, өрісі. Зерделі ж ан өз болмысын бағдар-
лай алуға талпынады, ол «өмірдің алды ыстық, арты
суық, Алды ойын, арт ж а ғы мұңға жуық». Өмір сүру қа-
жеттілігін мойындауы керек.
Өмір сүруге ынта еткен адам қандай норсенің керек-
тігін өзі-ақ анықтай алады. Тек ад ам ға өмір сүруге ер-
кіндік берілуі керек. Еркін адам өмір сүру қажеттілігін
өзі сезбек.
Адам
еркіндігін
күзетуші — періште, оның еркін
алып, адастырушы — шайтан.
87
Әр адам ны ң бойында періште бар, ш айтан бар. Өмір-
де періште — ж ан немесе ш айтан — ад ам б о л м а қ емес.
Адам болғаннан кейін, оның таб и ға ты н д а періште де,
ш айтан д а бар. Мәселе, қайсы сыңың билік құруында.
А д ам ға керек істі періште д е ұсынады, ш айтан д а
ұсынады. Адам қайсысын қ аб ы л ал м ақ. М әселенің қи-
ындығы сонда.
Ш айтан сөзіне еріп, аяғын ш алы с басп аған адам ды
дүниеден таппайсыз, егер д е ондай ж а н болса, оның
өмірдегі ш айтанды қты білмегені. Б ү л оның рухани кем-
тарлығы. Керісінше, періштесі болса да, оның дымын
ш ы ғар м астай етіп, аузын буып, бойын мүлдем ш айтан
билеген ж ан өмірде кездеседі. Сонда б айқ айсы з ба, ад ам
баласы періштеліктен гөрі ш ай т ан д ы қ қ а бейімдеу. Неге
дейсіз ғой. Б ұл с ұ р а қ қ а д а б а р л ы қ за м а н д ан ы ш п ан д а-
ры ж ау а п берумен
келеді.
Б ір а қ ,
ай қ ы н д ы л ы қ жоқ.
Құнды-құнды пікір бар, ал а й д а нактыльі тұж ы ры м жоқ.
Ойлаймын, бұл с ұ р а қ қ а ж а у а п берілсе, ад ам н ы ң құпия-
сы айрандай а қ т ар ы л м ақ , өмір мәні аш ы л м ақ. Б ұ л еш-
қ аш ан болмайтын іс. А дам құпиясы, өмір сыры мәңгілік
ж ұ м б ақ , сондықтан д а Абай сиякты д ан ы ш п ан д ар осы
мәселелерге келгенде қ а п а болып:
жүктеу Достарыңызбен бөлісу: |